Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата09.03.2022
өлшемі250,13 Kb.
#134796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық ... әдістемелік ұсыныстар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- 
техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының
5B120100 – «Ветеринарлық медицина» мамандығының
3 курс студенттеріне арналған
«
Жануарлар патологиясы»
пәні бойынша 
курстық жұмыстарды орындау бойынша 
әдістемелік ұсыныстар 
(міндетті компоненті) 
Орал – 2020ж. 


Құрастырушы: в.ғ.д., профессор Кушалиев К.Ж. 
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі 
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының № 205
аудиториясы. 
Кредит саны – 5 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Жануарлар патологиясы» пәніне
курстық жұмыс орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 
Зертханаға зерттеу мақсатымен жіберілген патологиялық материалдың жол 
хат үлгісі 
Жол хат 
…………………………………малдәрігерлік зертхана
Мекен-жай 
Патологиялық материалдың түрі 
Шаруашылық немесе мал иесінің аты-жӛні мен мекен-жайы 
Малдың ауырған және ӛлген уақыты 
Клиникалық ӛзгеріс 
Жарып сою кӛріністері 
Алдын-ала қойылған диагноз 
Зертханаға пат. материалды жіберілген уақыты, малдәрігерінің қолы, мекен 
жайы


К І Р І С П Е 
Қазіргі мал шаруашылығы даму үшін квалификациясы жоғары дәрежелі, 
терең ойлы, теориядан да, ӛндіріс шаруашылығынан да дәл хабары бар 
малдәрігерлерді талап етеді. Бұл мақсаттар жоғарғы оқу орындарынан, біздің 
Жәңгір хан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ӛзі 
алдына, болашақ малдәрігерлердің теориялық білімі мен тәлімдік әдістерін 
толық меңгеруін талап етеді. Ол үшін малдәрігерлік факультетінің 
студенттері әдістемелік және ӛзбетімен әзірлену жұмыстарын жақсартып 
белсендіре түсуге тиіс. Оқу үрдісінде студент ӛз бетімен әзірлеген 
жұмыстары ӛткен теориялық материал мен тәлімдік дағдысын сенімді 
бекіттіреді. Малдәрігерлік факультетінің студенттерінің әртүрлі ӛз бетімен 
әзірлену жұмысының бір бӛлігі. Малдәрігерлік ойлау мектебі ретінде, 
патологиялық жарып сою әдістерін атқару секциялық табыстарды талдау 
мен материал бойынша курс курстық жұмысты орындау болып саналады.
Ӛліксені жарып сою /секция, аудопсия, обдукция/ және амалсыз 
ӛлтірілген мал ӛлігін қарау болашақ малдәрігерлер үшін тірі кезіндегі 
диагнозды бекітіп ӛлген кезіндегі диагнозды қоюға негізгі қызықты әрі 
түсініп меңгеруге жеңіл малдәрігерлік әдістерінің бірі болып саналады.
Ӛлген немесе амалсыз ӛлтірілегн малды жарып сою індет, инвазиялық 
және жұқпайтын ауруларды анықтаудың – ең негізгі және міндетті түрде 
қолданылатын әдістерінің бірі.
Мал ӛсіру шаруашылық жағдайында ӛліксені жарып союды мал тірі кезінде 
емдеген маман ӛткізеді. Ал, мал тір кезінде қойылған диагнозын байқауға 
мүмкіндігі болған соң ӛліксені жарып сою маңызы ӛсе түседі. 
Анатомиялық және патологиялық ӛзгерістерді дұрыс анықтап алып
клиникалық белгілермен, естелік, эпизотиялық жағдаймен салыстырып, мал 
ауруының ұрдісін толық жетілдіруге болады. Ӛз бетінше бақылаудың бір 
түрі болып, бұл әдіс болашақ малдәрігерге жіберген қателерін түзеп, 
мамандық дәрежесін кӛтеріп келешекте клиникалық және патанатомиялық 
диагноздар қойылған диагноз экономикалық шығынның алдын алуының 
негізгі әдісі болып келеді.
Сонымен қатар, ӛліксені толық патанатомиялық зерттеудн ӛткізу –ауру 
себебімен, мүшелер мен тканьдердің морфологиялық ӛзгерістеріне баға 
беріп, жалпы ауру кӛрсеткіштерін аша отырып, ғылымды байытады. 
Пато-анатомиялық зерттеу – комплексті ілім, яғни сойғанда анамонезді, 
эпизоотиялық жадайды, аурудың клиникалық белгілеріне толық назар 
аударады. Қажетті жағдайларда /патоанатомиялық зерттеу жұмысына қоса/ 
ауру маңызын ашып және диагнозды анықтау үшін қосымша гистологиялық, 
бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық, иммунотитохимиялық, 
токсикологиялық және электронно-микроскопиялық зерттеулер ӛткізеді. 
Диагноз қойған ауру патогенезін толық ашу үшін індет, вирус, 
паразитарлық, жұқпайтын және саңырау құлақ аурулатынын пато-


анатомиялық үрдісін жақсы біліп, организм тірі кезіндегі патологиялық 
ӛзгерістерді ӛлгендегі ӛзгерістерден анық бӛле білу керек. 
Болашақ малдәрігер ӛліксені жарып сойып секциялық табыстарды 
талдай біліп, жарып сою мәжіліс хатында дұрыс толтыра білуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет