8
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында дәстүрлі экономикалық сақталған
байланыстарға эпизоотиялық жағдайдың нашарлауы инфекциялық аурулардың таралуына және
геосаяси ӛзгерістерге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы эпизоотологиялық жағдайы әр түрі шетелдерден асыл тұқымды
мал, ӛнімдер мен жануар тектес ӛнімдерді импорттайды, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының (ДДҰ) мен Халықаралық эпизоотологиялық бюро (ХЭБ) тізіміндегі аса қауіпті
жұқпалы аурулар бойынша әлеуметтік жағдайы тӛмен елдермен шекаралас. Жыл сайын біздің
еліміздің аумағында аусыл, құтырық, қоянның геморрагиялық ауруы кездесіп тұрады. Әсіресе
айтарлықтай қауіпті жағдай аусыл бойынша қалыптасып, республиканың үлкен бӛлігін қамтыды.
2000 жылдың наурыз-тамыз аралықтарында, бірнеше онжылдықта бірінші рет аусылдың ошақтар
санының ӛсуі бұрын-соңды байқалған. Осы кезеңде аусылдың ірі 15 ошақтары еліміздің оңтүстік,
шығыс және орталық бӛлігін қамтыған. Кӛршілес елдердің аусыл бойынша сәтсіз аумағынан
вирустың енуі, сонымен қатар шалғайдағы мал шаруашылығындағы жануарлардың арасында
вирустың айналымда болуы деп болжамдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: