Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Тақырып 8: Мүліктік сақтандыру. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру



бет19/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Тақырып 8: Мүліктік сақтандыру. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
Дәрістің жоспары

  1. Мүлікті сақтандырудың шығу тарихы.

  2. Мүлікті сақтандырудың сыныпталуы.

  3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың қоғамдағы маңызы мен тиімділіктері, түрлерге сыныпталуы.

  4. Шаруашылық және кәсіпкерлік процесінде зақым келген жағдайда АҚЖ сақтандыру.

Қазақстана заматтарының арасында ерікті сақтандыру жолында ерекше белсенділік байқалмайды, сондықтан міндетті сақтандырудың дамуы мемлекеттің тарапынан бақылаудың ойластырылған жүйесімен тығыз байланысты болуы керек.  Мысалы, көлік иелері мен тасушылардың міндетті сақтандыру жауапкершілігінің полисінің болуын жол полициясы қадағалайды. Ал, туристік, бақылау компаниясы немесе аудитор егер құжаттардың пакетінде сақтандыру болмаса, өздерінің қызметтері үшін лицензияны ала алмайды.

Дегенмен, өздерінің үйлері мен пәтерлерін сақтандыруға талапкерлердің жоқ болғанымен, Қазақстанда мүліктік сақтандыру нарығы өсу үстінде.

Ал енді мүліктік сақтандыру не екеніне тоқтала өтсем бұл-Мүлікті сақтандыру – сақтандыру жағдайының салдарынан туындаған зиянның орнын толтыру. Мүлікті сақтандыру өрттен, апаттардан, ұрлық-қарлықтан, бүлінуден болатын сақтандыру жағдайларына негізделеді. Сақтанушының меншігі болып табылатын мүлік те, оның иелігіндегі, пайдалануындағы және билігіндегі мүлік те сақтандырылуы мүмкін. Мынадай ішкі салаларға бөлінеді: түрлі материалдық құндылықтарды (құрылысты, көлік құралдарын, өнімді, жүкті, т.б.) сақтандыру; мүліктік құқықтар мен капиталды (меншік титулынинвестициянызияткерлік меншікті) сақтандыру; табысты ықтимал шығасыдан, болжанбаған шығыннан (өндірістегі үзілістен мәжбүрлі заңды шығыннан, кәсіпкер контрагентінің міндеттемелерді бұзуынан, т.б.) сақтандыру. Меншік нысандары мен сақтандыру санаттарына қарай: мемлекеттік кәсіпорындардың, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың мүлікті сақтандыруы; жалға берілген мемлекеттік мүлікті сақтандыру; азаматтардың өзіндік меншіктегі мүлікті сақтандыруы, т.б. болып жіктеледі. Біртекті және әртекті нысандарды нақты қа-уіптерден сақтандыру түрлеріне бөлінеді. Әртекті нысандарды сақтандырудың бір түріне біріктірілуін құрамдастырылған сақтандыру дейді.

Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын және т.б. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат – климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтіріледі.

Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мұліктік мүдделері оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды  көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы ьолып табылады.



Мүліктік сақтандыру принциптері:

  • Сақтандыруға қызығушылық таныту принципі

  • Ең жоғарғы адалдық принципі

  • Төлемділік принципі

  • Себептің болу принципі

  • Суброгация принципі

  • Контрибуция принципі

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралдарын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделерін айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылу салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кету салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.

Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) осы Ережеде немесе сақтандыру шартында көзделген мүлікті немесе құрылысты (бұдан әрі – мүлік) иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне байланысты, сондай-ақ қызметтегі үзілістің нәтижесінде болжалды кірісті жоғалтумен немесе оны алмаумен байланысты мүліктік мүдделері табылады.

Осы Ереженің негізінде азаматтар мен заңды тұлғалардың иелігіндегі ғимараттар, құрылыстар, аяқталмаған құрылыс объектілері, тұрғын үйлер, жекешелендірілген пәтерлер олардың барлық құрылымдық элементтерімен бірге, бау үйлері,  саяжайлар, шаруашылық құрылыстары, сондай-ақ олардың сәулет және құрылымдық бөліктері мен элементтері (үй-жайлар бөлігі,тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, жеке олардың әрленуі, инженерлік инфрақұрылым элементтері); тікелей тағайындамасы бойынша пайдаланылмайтын көлік құралдары, тауарлы-материалдық құндылықтар, мұздатқыш камералардағы мүлік, Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) тиесілі жиһаз, инвентарь, үй мүлкі сақтандырылуға қабылданады.

Егер сақтандыру шартында басқалай қарастырылмаған болса, осы тармақта аталып өткен заттар сақтандыруға қабылданбайды:

- кез келген валютадағы қолма-қол ақша;

- акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар;

- қолжазбалар, жоспарлар, кестелер, сызбалар, негативті және фотографиялық кескіндер, фотонегативтер, картотекалар, бухгалтерлік және іскерлік кітаптар, басқалай құжаттар;

- кез келген таратқыштардағы ақпарат;

- нұсқалар, үлгілер, макеттер, түптұлғалар, көрме нұсқалары;

- кесек бағалы металдар және жиектемесіз бағалы тастар;

- маркалардың, монеталардың, ақша белгілерінің және боналардың, картиналардың, скульптуралар коллекциясы немесе басқа коллекциялар және өнер туындылары;

- жарылғыш заттар және ату жарақтары;

- монеталармен немесе жетондармен жұмыс жасайтын автоматтар;

- құрылыс барысындағы мүлік;

- жер;


- пайдалану барысындағы көлік құралдары;

- егін.


Сақтандыру тарифі немесе мөлшерлемесі - бұл біржылдағы сақтандыру төлемақысы немесе белгілі бір уақытқа белгіленген сақтандыру ақысының пайыздық мөлшерлемесі. Тарифтік мөлшерлемелерден келе сақтанушымен төленетін сақтандыру салымдары алынады. Сақтандыру салымы (сыйақылар, төлемдер) дегеніміз – сақтандыру ақысының сақтандыру тарифіне қатынасы. Сақтандыру төлемдері сақтандыру қорын құрайды, яғни оқыс-оқиғалардың орнын толтыру үшін сақтанушылар төлемдері арқылы жинақтап қолданылады. Сақтандырушының сақтандыру салымы сақтандыру қорына салған жинағымен анықталады. Сақтандырушылар арасындағы залады сақтандырушы қорынан немесе сақтандыру салымы көлемінен зиян шегушілер тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет