Үшфазалы автоматқа тоқ жалғау.
Бұл практикада үшфазалы автоматқа тоқ жалғаумен көп айналыстық. Үш фазалы машина кейде үш полюсті деп аталады, өйткені ол бір уақытта үш полюсті ауыстырады. Сондай-ақ, ол электр панелінде үш модульді алады. Желіден үш фаза барлық үш полюске қосылған. Стандартқа сәйкес бір модуль 17,5 мм, сәйкесінше үш модуль 52,5 мм.
Үш фазалы ток энергиясы үш кейде төрт өткізгіш сым арқылы беріледі. Үш фазалы токтың генераторымен тұтынушыларды өзара жалғастырудың 2 тәсілі бар: үшбұрыш немесе жұлдызша тәсілмен қосу. Үш фазалы токты жұлдызша тәсілімен қосу кезіндегі жеке фазалардағы кернеу ауытқуын шектеу мақсатында тұтынушы мен генератордың бейтарап нүктелерін өзара жалғастырушы сым нөлдік сым деп аталады. Электр энергиясын алыс қашықтыққа тасымалдауға үш фазалы токты пайдалану экономикалық жағынан тиімді. Үш фазалы ток көмегімен айнымалы магнит өрісін алу сенімді әрі қарапайым асинхронды қозғалтқыштарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Біз практикада жүргенде колледж артында құрылыс жұмыстары жүріп жатты және фундамент құю үшін бетономешалканы қосу керек болды. Бетономешалканы кабель арқылы автоматқа жалғап, қостық.
Келесі күні розетканы коробкаға жалғамай тікелей автоматқа жалғадық.Розетка екінші кабатта, ал автомат подвалда болғандықтан жұмыс қиындау болды. Жұмыс уақытымыздан артық жасап, соңында сәтті аяқтадық.
Бір күні бағанда тұрған шамның біреуі жанбай тұрғанын байқадық.
Диагнозын табу үшін бағанаға мініп қарадық. Алайда бұл жерден ешқандай зақым таппадық. Кейін автоматты қарап, диагнозын таптық. Автоматта шамның кабелі дұрыс жалғанбағандықтан екені белгілі болды. Кабельді автоматқа қатайтып дұрыстап жалғадық. Бұл жұмыста егер осындай ситуациялар болған жағдайда бірінші автоматты тексеру керек екенін түсіндім.
Ауыстырып қосқыш, розетка жалғау, коробка жинау
Мен сонымен қатар бұл практикада розетеа жалғауды ауыстырып қосқосқыш жалғауды, коробка жинауды үйрендім.
Тоқ жүргіздің екі түрі болады:сыртқы және ішкі.Ал қондыру тәсілдері бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |