Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Тақырып -5 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс - азаматтық құқық субъектісі ретінде



бет19/150
Дата16.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#168935
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? àçàìàòòû? ???Û?Û. Î?Ê
2 лек
Тақырып -5
Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс - азаматтық құқық субъектісі ретінде



  1. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер түсінігі

  2. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы



Мемлекет - ол азаматтық құқық қатынастарының ерекше субъектісі болып танылады, өйткені ол өзі азаматтық құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады (билік жасайды) және өзі де ол қатынастардың мүшесі болады. Сонымен бірге, мемлекет - ол заңи фикция, мысалы: оның талапкер немесе жауапкер ретінде сотқа өз қалауымен келуі мүмкін емес. Сондықтан, азаматтық өріске мемлекет атынан, өз бетімен заңды тұлға мәртебесі бар арнайы органдар мен ұйымдар қатысады. Мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастарға Үкімет және министрліктер, ведомстволар қатысады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің атынан болса - жергілікті өкілдік және атқарушы органдар (әкімшіліктер, маслихаттар) қатысады. Ал азаматтық өріске мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысу нысандары әр түрлі болады. Мысалы: мемлекет - меншік иесі ретінде мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және басқару құқықығын жүзеге асырады. Осы орайда мемлекеттік меншік екі топқа бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншік болып. Бұл әрекеттер заттық құқықтық қатынастарға жатады. Сонымен қатар мемлекет міндеттемелік қатынастарға да белсенді қатысады, мысалы: сату сатып алу мәмілелеріне - сатушы немесе сатып алушы ретінде қатысады. Әсіресе 1990-шы жылдарынан бастап, мемлекет, жекешелендіру шарттарына өз мүлкін сатушы ретінде қызу қатысты. Сонымен бірге, мемлекет мүдделері үшін жасалатын сатып алу, жеткізілім, сенімгерлікпен басқару, жалға беру шарттарына, несие шартына және т.б. шарттарға да мемлекет қатысады. Мемлекет мұрагер де болуы мүмкін. Мемлекет өз міндеттемелері бойынша азаматтық құқықтық жауапқа тартылуы және сотта талапкер немесе жауапкер болуы да мүмкін, яғни шарттық немесе шарттан тыс жауапкершілігін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет