Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет26/150
Дата16.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#168935
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? àçàìàòòû? ???Û?Û. Î?Ê
2 лек
Тақырып - 8.
Өкілдік және сенімхат.

1.Өкілдік түсінігі және субъектілері


2.Өкілдіктің түрлері
3.Сенімхат және сенімхат нысаны.
4.Сенімхаттың тоқтатылу негіздері


Өкілдік Өкілдік берушінің атынан өкілдің сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмлесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызып, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілдік субъектілері: 1) Өкілдік беруші 2) Өкіл 3)Үшінші тұлға, яғни бұл тұлғамен өкілдік берушіде өкілдің әрекет-тері арқылы құқықтық байланыс орнайды
Өкілдік институты азаматтық айналымды кең таралған. Оның қажеттілігі өкілдік берушінің өзі заң күшіне орай (мысалы, әрекет қабілеттілігінің жоқтығы) немесе нақты өмірлік жағдайларға байланысты (мыс, ауырып қалуына, іс сапарға кетуіне, қолының тимеуіне және т.с.с.) туындайды. Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасауға жол берілмейді.(165 бап). Мысалы, өсиеттерді құруды, сенімхатты беруді, өмір бойы асырауда ұстау шартын жасауды және т.б. тұлғаның жеке өзі жүзеге асыруы қажет.
Өкілдік кезінде құқықтық байланыстардың құрылымы күрделі және келесі үш қатынастардан құралады: 1) өкілдік беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасында. Бұл қатынастардың алдыңғы екеуі өкілдіктің ішкі және сыртқы жақтарын құрайды. Өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы қатынас өкілдікті жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.
Өкілдік беруші ретінде азаматтық құқықтың кез – келген субъектісі- заңды тұлға немесе азамат (әрекет қабілеттілік жағдайына байланыссыз) бола алады. Өкіл ретінде бола алатын тұлғалар біршама шектелген. Біріншіден, өкіл ретінде болатын азаматтар әдетте толық әрекет қабілеттілігіне ие болуы қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар, егер бұл олардың құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қайшы келмесе, өздеріне өкілдердің функцияларын қабылдай алады. Үшіншіден, заңнама азаматтық құқықтың кейбір субъектілерінің өкілдік функцияларын орындауға қатысты тікелей тыйым салуларды белгілейді. Мысалы, АІЖК 60-бабына cәйкеc судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.
Онымен өкілдік беруші өкілдің көмегімен азаматтық – құқықтық мәмле немесе өзге заңды әрекет жасайтын үшінші тұлға ретінде азаматтық құқықтың кез – келген субъектісі болуы мүмкін.
Заң өкілге өкілдік берушінің атынан жеке өзіне қатысты, сонымен бірге өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты мәмілелер жасауға тыйым салады (АК 163 б. 3-т) Мысалы, өкіл оған өкілдік беруші сатуды тапсырған мүлікті өзі сатып ала алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет