354-бап. Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай орындау
1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.
2. Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.
3. Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (осы Кодекстiң 365-бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу (осы Кодекстiң 369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.
Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. № 211 Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |