Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет194/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

387-бап. Жария шарт

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады. 

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.

2. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.

3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi. 

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде осы Кодекстiң 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.

4. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн.

5. Жария шарттың осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi маңызсыз болып табылады. 

Ескерту. 387-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет