Қазақстан республикасының банк саласындағы кәсіби ағылшын тілінің актуальді мәселелері



бет1/2
Дата23.04.2020
өлшемі218,49 Kb.
#64304
  1   2
Байланысты:
Борибай Карина срс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ АКТУАЛЬДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бөрібай Карина Қарабайқызы,Ахметова Мадина Асанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ЭжБЖМ қаржы мамандығы, 3 курс студенттері

Ғылыми жетекшісі: Қуанова Лаура Айболқызы

Тілдік және коммуникациялық дағдылар - бұл банк қызметкерлерінің басты мәселелерінің бірі. Қаржылық қызмет көрсету секторында, әсіресе банк секторында жұмыс істеу, банктердің кіші қызметкерлерінің және орта буын қызметкерлерінің рөлі, функциялары мен міндеттері бойынша өзара әрекеттесудің жоғары деңгейін талап етеді. Сондықтан әр түрлі деңгейдегі банк ағылшын тілін өте жақсы білуі керек. [1] Банк қызметкерлері өз өнімдерін жетілдіруді және басқа банктермен бәсекеге түсуді қаласа, ағылшын тілін білуі керек. Банк кәсіптері туралы білімдерін үнемі жаңартып отыру үшін банк қызметкерлері қаржы саудасы туралы ең жаңа кітаптар мен журналдарды оқып шығуы керек. Қазіргі уақытта банктер электронды әлемге бет бұруда, бұл ағылшын тілін білуді қажет етеді. [2]

Әсіресе, қазір банктерде қызметкерлер шетелдіктерге тиісті деңгейде қызмет көрсете алмайды, өйткені олар біздің еліміздің қонақтары болғандықтан, біз жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге тиіспіз. [3] Егер банкир немесе қаржыгер ағылшын тілінде сөйлей алса, бұл жақсы, өйткені қазір ағылшын тілінде сөйлейтін қызметкерлер аз. Мамандандырылған құжаттарды уақтылы дайындауға арналған құралдардың болуы да маңызды фактор болып табылады. Бұл жұмысты тек жоғары білікті маман ғана банк аудармашыларға төлей алатын қосымша шығындарсыз орындай алады.[4]

«Қазақстанның қаржы жүйесінде 27 банк бар. 18 миллион халқы үшін бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Егер банктер мемлекеттік қолдауды азайтып, таза бәсекелестікке ие болса, онда оларды тек мықтылар таңдап алып сатады. Процесті бастамай-ақ, нарыққа шығару керек. Толығырақ банк секторындағы бір тенденция - қазақстандықтардың отандық банктерге деген сенімнің төмендеуі және шетелдік банктердің филиалдарын таңдау, ал біз отандастарымыздың Ресей банктерінің филиалдарын таңдағанына назар аударамыз.



Біздің банктердегі ағылшын тілін білу үшін шағын эксперимент жүргізілді. Зерттеулер келесі нәтижені көрсетті.

 

1-сурет: ҚР банк қызметкерлерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейінің көрсеткіштері

Эксперимент банктердегі қызметкерлермен сөйлесу арқылы жүргізілді,яғни банк қызметкерлерінің шетелдік клиенттерге қызмет көрсету сапасы тексерілді.Қызметкерлерге операциялар туралы сұрақтарды ағылшын тілінде қойып,жауаптар алдық,алынған жауаптарды максималды 30 ұпай деп есептесек,30ұпай-дан 27 ұпаймен Жинақ банк қызметкерлері өте жақсы көрсеткіш көрсетті,ал Каспи банк 26 ұпай жинап,АТФ банк 25 ұпаймен нәтежиеленді. Дәлірек келсек,ең жоғарғы ұпайды Ресей жинақ банкі алып отыр,себебі,аналитикалық талдауымызға сүйенсек,Ресей жинақ банкінде басқа алынған банктерге қарағанда,шет елдік қолданушар саны жоғарырақ,сәйкесінше қызметкерлердің ағылшын тілінің деңгейі қатаң түрде қадағаланады,жұмысқа қабылдау кезінде маңызды рөл атқарады.Ресей жинақ банкі шетелдік тұтынушыларға қызмет көрсету саласында ешқандай қиындықсыз қызмет көрсете алады.Ал,Каспи банк қызметкерлері орташа деңгейде,Атф банк 1 ұпай артта қалыптізгінде соңғы нәтежиені көрсетті

ҚР-ның екінші деңгейдегі банк жүйелерінің жақсы дамуына,ағылшын тілінің деңгейімен қатар қызметтің жалпы сапалы болуы да өте маңызды фактор болып табылады.Осы мәселеге байланысты,сауалнама жүргізіліп ,сауалнама арқылы тұтынушылардың банктерге қояр талабы қандай екені,тұтынушылардың банктерге ұсынар ұсыныстары анықталды.  [5]

Сауалнамаға 59 адам жауап берді,ашық сұрақтар арқылы тұтынушылардың не қалайтыны ескерілді. Тұтынушылар тарапынан жаңа толқындағы өзгерістер 30,5% интернет банкинг жүйесінде болғанын қалайды,ал 25% пайыздық түрлендіру болғандығын қаласа,23% қызметті тек роботтардан,онлайн түрде алғанды жөн көреді.



Банктің рейтингін тұтынушылардың 81% маңызды деп санайды,осы орайда ескере кететін жай, көптеген тұтынушылардың банкке талабы сапалы қызмет және сенімділік болып табылды,яғни банктің рейтингі тікелей сапалы қызмет пен сенімділік арқылы құрылады .



Және Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің қызмет сапасына әсер етуші болып табылатын 2 фактор бойынша талдау жүргізілді.Активтер мен капиталдың өзгеру проценттері арқылы екі фактордың бір біріне тығыздығы,яғни байланысы есептелінді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет