Қазақстан республикасының білім және ғылым минист



Дата11.01.2017
өлшемі449,09 Kb.
#6817


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ


ҚАЗАҚ ТІЛІ
Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)


Бастауыш білім беру (оқыту қазақ тіліндегі 2-4 сыныптар үшін)

Астана 2015
Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттiк бағдарлама). – Астана, 2015. – 27 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған



Мазмұны

І Жалпы мәлімет 4

1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы 4

2 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты 4

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 5

5 «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер 6

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 8

2 Оқу мақсаттарының жүйесі 15




І Жалпы мәлімет




1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы

«Қазақ тілі» пәні – білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.

«Қазақ тілі» пәнінің басты бағыты – тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.

«Қазақ тілі» пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады.

«Қазақ тілі» пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.

2 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты – тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:

- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;

- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография) игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;

- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;

- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалауға дағдыландыру;

- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;

- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;

- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;

- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;

- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.

Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып, игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде қолдануын қамтамасыз етедi.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы:

- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;

- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;

- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі.

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын
1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үштілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім) мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.

«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім) мұғалімдердің пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.

«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау жүйесі белгіленген.




4 «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
«Қазақ тілі» пәні бойынша әр сыныптағы сағат саны:

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

2-сынып

4 сағат

136 сағат

3-сынып

4 сағат

136 сағат

4-сынып

4 сағат

136 сағат

Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар болуы қажет.



«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:

техникалық құралдар: проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта; офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер, құлаққаптар және ноутбуктер) шектеусіз интернет; дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон; бейнекамера, сандық фотоаппарат; жылжымалы маркерлі тақталар;

кеңселік тауарлар: түрлі-түсті қағаздар, флип-чарт, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары; фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар; еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.;

жиһаздар: «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстелдер, жылжымалы кітап сөрелері;

дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио-, бейне- материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); анықтамалықтар (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер); энциклопедиялар; грамматикалық кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.

5 «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер

ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алу жолдарын білетін», өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:


  • оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  • жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;

  • дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).


«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;

  • ойын әдісі;

  • «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;

  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.


Үштілділік саясатына сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар
Жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері үштілділік саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттарына сай қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Тіл мұғалімдері оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы ойларын қолдайды және үш тілге де үлкен құрмет көрсетеді. Бағдарламадағы пәнаралық байланысты дамытады, қазақ тілі арқылы басқа пәндердің мазмұнын меңгертеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер тіл мен мазмұнды меңгертуді қатар дамытады. Тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, тапсырмаларды, оқу мақсаттарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Ол сонымен қатар, оқушылардың өзге пәндер бойынша әдеби тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Мысалы, бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Тіл мұғалімдері пән мұғалімдерінен мазмұнына қатысты мәтіндер мен тапсырмалар бойынша ақыл-кеңес бере алады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.


6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тәрбиелеудегі демократтық және гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мәдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мәдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мәдениетті және түрлі мәдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру әлеуетіне ие үдеріс – білім беру үдерісі екені белгілі.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі сындарлы әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:


  • қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • қазақ тілінің Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісімін сақтау тілі ретіндегі қызметін түсіндіру;

  • ұлттық мәдениетімізді құрметтей білуге және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік таныту, өзгелердің пікірлерімен санаса білу қасиетін қалыптастыру;

  • түрлі көзқарастарды, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету;

  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезіну, көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.


7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.



Бұл «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;

  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалану;

  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдану;

  • ақпаратты саралап, зерттей алу.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі және бірегейі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Коммуникативтік дағды қалыптастыру үшін сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгерілуі тиіс. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту үдерісінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.

«Қазақ тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған материалды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;

  • мәтінді қайталап тыңдағанда негізгі ойға назар аудару;

  • тыңдау барысында тірек сөздерді анықтау;

  • тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;

  • тыңдалған мәтіннің жоспарын құру;

  • тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін айтып беру;

  • мәтіннің мазмұнына өз пікірін айту;

  • таныс және өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша топ алдында сөйлеу;

  • сұхбат алу және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;

  • берілген тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру;

  • мәтіннің кейбір тұстарын ым-ишарамен көрсету;

  • берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.

«Қазақ тілі» пәнінен оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;

  • оқу түрлерін және стратегияларды («Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Салыстыру» (Венн диаграммасы), «ЖИГСО», Түртіп алу (INSERT), семантикалық карта) қолдану;

  • ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).


«Қазақ тілі» пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің ішінен бір-екеуін жаздыру;

  • сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;

  • тілдік тақырыптар аясында шағырмашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары, т.с.с.) құрастырып жазу;

  • тыңдалған және оқылған мәтіннен немесе көрген фильмінен алған әсерін жазу;

  • мәтіндегі қиын сөздерден сөздік құрастырып жазу;

  • сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;

  • мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтап жазу;

  • ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;

  • сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.


9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.

Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.

3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:

- қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;

- төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.



ІІ «Қазақ тілі» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Қазақ тілі» пәні мазмұны
Бағдарламаны меңгерудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселенің аясында ұйымдастырылады. «Қазақ тілі» пәні бойынша білім мазмұнын меңгеру тілдік дағдыларды қалыптастыру негізінде ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.


2-4 сынып



Бөлім (Сөйлеу әрекетінің түрлері)

Бөлімше




1


Тыңдалым және айтылым


1.1Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

1.4 Оқиғаны болжау

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.7 Тыңдалған материал туралы өз ойын білдіру

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру

2

Оқылым


2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2.4 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсіну

2.5 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

2.6 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін анықтау

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

3

Жазылым



3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

3.3 Жоспар құру

3.4 Түрлі композиция бойынша мәтін құрастырып жазу

3.5 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазу

3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.7 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.8 Қатені табу және түзету

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау







3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 2.2.1.1. кодында «2» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі («Мәтін тақырыбын және мәтіндегі негізгі ойды анықтау»), «1» – оқу мақсатының реттік саны.


2 Оқу мақсаттарының жүйесі


1 Тыңдалым және айтылым


Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1

Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну




2.1.1.1

Ақпаратты тыңдау, жалпы не туралы айтылғанын түсіну және өз сөзімен айту



3.1.1.1

Белгілі бір уақытқа берілген материалды (сөйлеушінің сөзін) тыңдау және тыңдау барысында негізгі тұстарын анықтау, өзіне ұнаған тұстарын әңгімелеу



4.1.1.1

Зейін қойып тыңдау және негізгі тұстарының маңыздылығын түсіну және өз көзқарасын білдіру



1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1.2.1 Мәтінді тыңдай отырып, автор не айтқысы келгенін анықтау ( тірек сөздерді қолданып)

3.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі тұстарына назар аударып тақырып пен негізгі ойды анықтау

4.1.2.1 Дәлел келтіре отырып тыңдалған мәтіннің негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

2.1.3.1 Шағын мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, оқиғаны ретімен баяндау

3.1.3.1 Мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап беру, мәтінді толық, қысқа, ой желісін сақтай отырып баяндау

4.1.3.1 Мәтін ерекшеліктерін ескере отырып, толық, қысқа, ішінара, өз ақпаратымен түрлендіріп баяндау

1.4 Оқиғаны болжау

2.1.4.1 Мәтін мазмұнын мұғалімнің көмегімен тақырыбы және бірінші азат жол бойынша болжау

3.1.4.1 Мәтін мазмұнын тақырыбы мен соңғы бөлімі бойынша болжау

4.1.4.1 Ақпарат мазмұнын тақырып пен көрнекілік түрлері (диаграмма/ сызба/кесте) арқылы болжау және болжамын негіздей білу

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау


2.1.5.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, өзгелердің пікірін тыңдап диалогке қатысу

3.1.5.1 Өз сөзін қарым-қатынас мақсатына, жағдайына, уақытына байланысты жоспарлай, тілдік нормаларды сақтай отырып диалогке қатысу

4.1.5.1 Өзгелерді диалогке тартып, өз пікірін логикалық жүйелі жеткізе және тілдік нормаларды сақтай отырып, диалогке қатысу

1.6

Тыңдаушының назарын аудару



2.1.6.1 Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сипаттау, т.б.) қолдану


3.1.6.1 Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш (салыстыру, сипаттау, теңеу) құралдарды, мысалдарды орынды қолдану


4.1.6.1 Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, оқиғалар мен кейіпкерлерді сипаттай алу (салыстыру, эпитет, кейіптеу)

1.7

Тыңдалған материал туралы өз ойын білдіру




2.1.7.1 Тыңдалған материалдардың (телебағдарлама, аудиожазба, бейнежазба, т.б.) қысқа үзінділерінде музыка, сөз, бейнелердің қолданылуы, мазмұны туралы өз ойын білдіру (ұнайды/ұнамайды, себебі...)

3.1.7.1 Сөйлеушінің өз ойын тіл, қимыл (ым-ишара), интонация арқылы тиімді жеткізе алғаны/ алмағаны туралы өз ойын білдіру

4.1.7.1 Сөйлеушінің өз ойын түсіндіру, жеткізу, сендіру, қажетті жағдайларда пікірталастыру үшін әдістерді (мысалы, қайталау, көтеріңкі дауыс, ырғақ, екпін, пауза, эмоция) қалай қолданғаны туралы өз ойын бағалау

1.8

Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру



2.1.8.1 Мұғалімнің көмегімен берілген тақырып бойынша жоспар мен тірек сөздерді қолданып әңгіме құрастыру

3.1.8.1 Берілген тақырып бойынша тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрастыру

4.1.8.1 Иллюстрация/презентация/ диаграмма/ сызба көмегімен өзі құрастырған жоспар бойынша логикалық тұрғыдан жүйелі сөз сөйлеу/әңгіме құрастыру


2. Оқылым

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1

Оқу түрлерін қолдану



2.2.1.1 Түсіндірмелі оқу түрін қолдана отырып мәтінді қатесіз, шапшаң, мәнерлеп, түсініп оқу



3.2.1.1 Оқу түрлерін (көз жүгірту, шолу жасау, түртіп алу, т.б.) қолдана отырып, мәтінді қатесіз, шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқу

4.2.1.1 Оқу түрлерін (көз жүгірту, шолу жасау, түртіп алу ізденіп, т.б.) қолдана отырып мәтінді қатесіз, шапшаң, түсініп, мәнерлеп және талдап оқу

2.2

Мәтін мазмұнын түсіну және негізгі

ойды анықтау


2.2.2.1 Дауыстап немесе іштей оқу арқылы шағын мәтіннің мазмұнын түсіну және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.2.1 Іштей оқу арқылы мәтін мазмұнын түсіну және тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

4.2.2.1 Мәтін мазмұнын түсіну, негізгі ой мен тақырыбын және автордың позициясын анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2. .2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

3.2.3.1. Берілген көркем/бейкөркем мәтіннің, т.б.) негізгі тұстары арқылы құрылымдық бөліктерін анықтау

4.2.3.1 Көркем/бейкөркем мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтау және негіздеу

2.4 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсіну

2.2.4.1 Синоним, антоним, омоним сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.2.4.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну және сөйлеу барысында қолдану

4.2.4.1 Контексте тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.5

Сұрақтар қоя білу

және жауап беру


2.2.5.1 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою және сұраққа толық жауап беру

3. 2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды ашуға жетелейтін сұрақтар қою және өз тәжірибесімен байланыстыра отырып сұраққа маңызды жауап беру

4. 2.5.1 Идеяларды дамытуға септігі тиетін немесе жауапты нақтылау үшін ашық сұрақтар қою және сұраққа өз көзқарасын білдіре отырып/негіздеу арқылы жауап беру

2.6

Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін анықтау



2.2.6.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) табу және бір-бірінен ажырату

3.2.6.1 Әңгімелеу, сипаттау (затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау, салыстырмалы сипаттау), пайымдау мәтіндерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау, салыстыру

4.2.6.1 Әдеби, ғылыми-танымдық мәтіндердің ерекшелігін анықтау



2.2.6.2 Хабарлама мен мәтіннің айырмашылығын (көркем әдеби стилін) анықтау

3.2.6.2 Хабарландыру, мақала және анықтамалықтардың айырмашылығын анықтай алу

4.2.6.2 Түрлі стиль түрлерін анықтай алу

2.7

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



2.2.7.1 Иллюстрациялық материалдар, анықтамалықтар, сөздік, энциклопедиялардан берілген сұраққа жауап болатын ақпаратты табу

3.2.7.1 Түрлі дереккөздерден (мәтін, сызба, кесте) тақырыпқа қатысты негізгі және қосалқы ақпаратты ажыратып табу

4.2.7.1 Қажетті тақырыптық ақпаратты дереккөздерден (мәтін, сызба, кесте, диаграмма, сөздіктер т.б.) табу және интерпретациялау

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу және сипаттау мәтіндерін тақырыбы, негізгі идеясы, тірек сөздер арқылы салыстыру

3.2.8.1 Әңгімелеу, сипаттау және пайымдау мәтіндерінің құрылымын салыстыру

4.2.8.1 Бір мәтін ішінде кездесетін әңгімелеу, сипаттау, пайымдау элементтерін табу және өзара салыстыру

3. Жазылым

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен заттық және сюжетті сурет арқылы әңгімелеу және сипаттау мәтіндерін құрастырып жазу

3.3.1.1 Жоспар бойынша әңгімелеу және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы (өйткені, себебі, егер, онда, сондықтан т.б.) құрастырып жазу

4.3.1.1 Сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу

3.3.2.1 Өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік және өмірбаян жазу


4.3.2.1 Белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, т.б.) жазу үшін қажетті сөздерді дұрыс таңдап, негіздеп жазу

3.3 Жоспар құру

2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннен тірек сөздер/сөз тіркестерді тауып, мәтінді бөлімдерге бөлу және жоспар құрастыру

3.3.3.1 Өз бетінше мәтінді логикалық бөліктерге бөлу және жоспар құру


4.3.3.1 Түрлі оқиғалар және оқыған мәтіні бойынша бөлімдерге бөліп жоспар құру

3.4 Түрлі композиция бойынша мәтін құрастырып жазу



2.3.4.1 Берілген мәтіндегі оқиғаның аяқталуын/оқиғаның басталуын жазу


3.3.4.1 Сюжеттің басталуы мен оқиғаның аяқталуы берілген мәтіндегі оқиғаның дамуын құрастырып жазу


4.3.4.1 Шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, оқиғалар байланысы, шарықтау шегі, аяқталуы) сақтап мәтін құрастырып жазу

3.5

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазу



2.3.5.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар мазмұнының маңызды тұстарын тірек сөздерді қолданып жазу

3.3.5.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша есімдік, көмекші сөздерді пайдаланып мәтін жазу

4.3.5.1 Оқиғаны немесе негізгі идеяны дәлелдеу үшін мәтін мазмұнынан деректер келтіріп жазу


3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну


2.3.6.1 Қойылған мақсатқа сәйкес сөздер мен суреттерді қолданып қарапайым постер құрастыру


3.3.6.1 Сызба, график, кесте, фотосуреттерді қолданып, өз көзқарасын білдіріп мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) жазу/компьютерде теру

4.3.6.1 Өзгелерді қызықтыру үшін дәйектер келтіріп мәтін (жаңалықтар, сұхбат, жарнама, т.б.) жазу және оған презентация дайындау (компьютерде теру)

3.7

Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу



2.3.7.1 Үлгі негізінде ұйқасқа құрылған өлең, жұмбақ жазу


3.3.7.1 Оқыған кітабы немесе берілген сурет желісі бойынша жаңа көрініс пен кейіпкерлерді қосып әңгіме жазу


4.3.7.1 Зат, құбылыс, нәрселерді сипаттау арқылы мәтін, жұмбақ немесе белгілі бір мақсатта әңгіме, эссе жазу

3.8

Қатені табу және түзету



2.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен жіберілген қателерді және дұрыс құрылмаған сөйлемді қайта түзетіп жазу

3.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен сөздіктер мен анықтамалықтарды қолдана отырып жіберілген қателерді түзету және мәтінді жетілдіру

4.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық және пунктуациялық нормаларға сай жазба жұмысын талдап, түзету













3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

2.3.9.1 Я, Ю әріптерінің емлесін сақтап жазу

3.3.9.1 Э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

4.3.9.1 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде дыбыс үндестігін ескеру

2.3.9.2 «У», «и, й» әріптерінің емлесін сақтау

3.3.9.2 Түбір сөздегі ы, і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

4.3.9.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде буын үндестігін ескеру

2.3.9.3 Дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін қолдану

3.3.9.3 Ч, щ әріптері бар сөздерді сауатты жазу

4.3.9.3 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жазу

2.3.9.4 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу

3.3.9.4 Х, һ әріптері бар сөздерді сауатты жазу




2.3.9.5 У, й дыбыстары екі дауыстының ортасында келген жағдайда тасымалдау жағдайын білу







10 Грамматикалық нормаларды сақтау

2.3.10.1 Мұғалімнің көмегімен түбір және туынды сөздерді ажырату



3.3.10.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

4.3.10.1 Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

2.3.10.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану

3.3.10.2 Жіктік жалғауларының қолданысын білу

4.3.10.2 Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен туынды сөздер жасау

2.3.10.3 Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

3.3.10.3 Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу

4.3.10.3 Зат есімді септеу, тәуелдеу емлесін білу

2.3.10.4 Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау

3.3.10.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті ажырату


4.3.10.4 Жіктеу есімдіктерін септей алу

2.3.10.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті ажырату

3.3.10.5 Болымды және болымсыз етістіктерді ажырату

4.3.10.5 Үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану







4.3.10.6 Сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау







4.3.10.7 Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен, пен т.б.) қолдану







4.3.10.8 Сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату және қолдану










4.3.10.9 Етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.11.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)

3.3.11.1 Сөйлем түрлерін (жай және құрмалас) ажырату, құрастыру және тыныс белгілерін қою (мұғалім көмегімен)

4.3.11.1 Сөйлем түрлерін (жай және құрмалас) құрастыру және тыныс белгілерін қою




3.3.11.2 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін дұрыс қою

4.3.11.2 Сөйлеу барысында қаратпа сөзді қолдану және тыныс белгілерін дұрыс қою




3.3.11.3 Атау сөздердің сөйлемде кей жағдайларда тырнақшаға алынып жазылатынын білу және қолдану

4.3.11.3 Диалогтің тыныс белгілерін қолдану

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

2.3.12.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, олардың сөздегі байланысын, көлбеу жазуды сақтауға дағдылану

3.3.12.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, көлбеу жазуды үйрену, үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру

4.3.12.1 Каллиграфиялық нормаларды сақтау және ритмикалық үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру

3. Ұзақ мерзімді жоспар

2-сынып

Ортақ тақырыптар аясында

Бағдарламаға сілтеме

Оқу мақсаттары

І тоқсан

1. Өзім туралы

2. Менің отбасым және достарым



1.1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

2.1.1.1

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

2.1.3.1

1.4 Оқиғаны болжау

2.1.4.1

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау

2.1.5.1

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

2.1.6.1

1.7 Тыңдалған материал туралы өз ойын білдіру

2.1.7.1

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру

2.1.8.1

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2.1.1

2.2 Мәтін мазмұнын түсіну және негізгі

ойды анықтау



2.2.2.1

2.5 Сұрақтар қоя білу және жауап беру


2.2.5.1

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.2.7.1

3.5 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазу

2.3.5.1

3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

2.3.6.1

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

2.3.12.1

3.7 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

2.3.7.1

3.8 Қатені түзету және мәтінді редакциялау

2.3.8.1

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

2.3.9.1; 2.3.9.2;

2.3.9.3; 2.3.9.4



3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.11.1

ІІ тоқсан

3. Менің мектебім

4. Менің туған өлкем



1.1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

2.1.1.1

1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1.2.1

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

2.1.3.1

1.4 Оқиғаны болжау

2.1.4.1

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау

2.1.5.1

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2.1.1

2.2 Мәтін мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау

2.2.2.1

2.5 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

2.2.5.1

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.2.7.1

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2.2.3.1

2. 4 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсіну

2.2.4.1

2.6 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін анықтау

2.2.6.1; 2.2.6.2

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.1.2.8

3.3 Жоспар құру

2.3.3.1

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

2.3.1.1

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

2.3.12.1

3.8 Қатені түзету және мәтінді редакциялау

2.3.8.1

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.11.1

ІІІ тоқсан

5. Дені саудың – жаны сау

6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті




1.1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

2.1. 1. 1

1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1.2.1

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

2. 1. 3.1

1.4 Оқиғаны болжау

2.1.4.1

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау

2.1.5.1

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2.1.1

2.2 Мәтін мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау

2. 2.2.1

2.5 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

2.2.5.1

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.2.7.1

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.1.2.8

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

2.3.2.1

3.4 Түрлі композиция бойынша мәтін құрастырып жазу

2.3.4.1

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

2.3.10.1; 2.3.10.2; 2.3.10.3; 2.3.10.4

2.3.10.5



3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

2.3.6.1

3. 12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

2.3.12.1

3. 8 Қатені түзету және мәтінді редакциялау

2.3.8.1

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.11.1


ІҮ тоқсан

7. Қоршаған орта

8. Саяхат





1.1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

2.1.1.1

1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1.2.1

1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

2.1.3.1

1.4 Оқиғаны болжау

2.1.4.1

1.5 Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау

2.1.5.1

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2.1.1

2.2 Мәтін мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау

2. 2.2.1

2.5 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

2.2.5.1

2.6 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін анықтау

2.2.6.1; 2.2.6.2

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.2.7.1

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

2.3.1.1

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

2.3.2.1

3.4 Түрлі композиция бойынша мәтін құрастырып жазу

2.3.4.1

3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

2.3.6.1

3. 12 Каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу

2.3.12.1

3. 8 Қатені түзету және мәтінді редакциялау

2.3.8.1

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

2.3.9.4

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

2.3.10.1; 2.3.10.5

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.11.1





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет