Ойын технологиясының тиімділігі
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындағын. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.
Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ойөрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1 Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата – аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Тарих сабағында танымдық, қазақтың ұлттық ойындарының пайдаланылуы
Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілікғ қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасаты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы дами түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Көш», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?» секілді танымдық, ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын туғызу тек қана тарихқа қызығушылықты туғызып қоймай, оқушылардың өмір тәжірибелерін кеңейтуіне, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне, тарихты басқа пәндермен байланыстыра қарауға үйретеді тәрбиелейді. Ендеше тарих сабағын танымдық, ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. И. Сухомолинский, Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Д. А, Диваев, М. О. Әуезов. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологиясының нәтижесін дұрыс болуы үшін мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді. Теориялық білімін практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, басты мақсатымыз ұрпақ тәрбиесі. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Сондықтан тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының өзіне сенімін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін.
Тақырыбы: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін жүйелеу. Орта ғасырлардағы қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің мәнін түсіндіру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, ойындар арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ата – баба тарихын, салт - дәстүрін әдет - ғұрпын құрметтеуге, мәдени құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: слайд - суреттер, сызбалар, интерактивті тақта. Әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ - жауап, суреттеу, топтастыру әдісі. Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау. 2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау:
(Оқушы тақтаға шығып рухани және материалдық мәдениет сызбасын толтырады). 1. Тарихи сынақ хат Сұрақ - жауап: «Бәйге» ойыны. Бәйге - қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.
Сабақтағы бұл ойынның мақсаты: Оқушының тез ойлау, шешім қабылдау әрекетін дамыту. Оқушыларға қойылатын талап, әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беру. Тақтадағы ұяшықтардың арқасына сегіз сұрақ жасырылған, сол сұрақтардың жауабын кім көп тапса, сол жеңімпаз болып, сыйлыққа ие болады. Оқушы әр дұрыс жауапқа екі ұпайдан алады.
«Бәйге» ойынының сұрақтары:
1. Мәдениеттің қандай түрлері бар, олардың бірбірінен айырмашылығы? 2. Күнтізбе қазақтарға не үшін керек болды?
3. Ислам діні қашан, қалай таралды? Ол халыққа қандай тәлім тәрбие береді? 4. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
5. Қазақтардың жерлеу дәстүрі қандай болған?
6. Қазақтардың ұлттық тағамы туралы айт.
7. Ұлттық киімі туралы айт.
8. Тұрғын үйі туралы айт.
III Жаңа сабақ материалдарын меңгеру.
Жоспары:
Жыраулар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Музыка
Жырау деген сөзге түсініктеме беру Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесшісі қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қазақ тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. тіршілік, өмір жайлы философиялық ойлар айтып, табиғаттың әр алуан құбылыстарын түсіндірді. XVI - XVII ғ. ғ өмір сүрген: Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар жыраулар жайлы мәлімет беру. Ертегілер бірнеше түрге бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял - ғажайып ертегілері, тұрмыс - салт, әзіл - сықақ ертегілері. Эпостық жырларға түсініктеме беру Батырлар жыры - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы жырлар. Елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен бейнеленген батырлар жыры: «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Ер Сайын»т. б. батырлар жырында Отанын сүю және халықтың ерлік істері дәріптеледі. Халық арасында көп тараған музыка аспабы - домбыра. Көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап - қобыз. Музыка аспаптары арқылы дүниеге күй келді. Көптеген тарихи күйлеріміз бар: «Асқақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» және т. б. Талқылау Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты талдау.
IV Сергіту сәті.
V «Теңге алу». Сабақты бекіту. Барлығына бірдей тапсырма:
1. Лиро - эпостық жырларға, ертегілерге ролдік ойын ұйымдастыру.
2. Ислам дінінің діни - нанымдар, әдет - ғұрыптарға байланысты шығармашылық жұмыс жасау. 3. Қазақ халқы үшін орны ерекше және кең тараған аспап туралы ой қозғау. 4. Ақын - жыраулардың бір жырын жатқа оқу.
VI Қорытындылау. Бағалау.
VII Үйге тапсырма: Жыраулар ( Марғасқа, Ақтамберді, Бұхар) жайлы реферат жазу.
Қорытынды
«Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады» Н. Ә. Назарбаев
Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болады. Ия, «Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
№ 6 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі деген ұғымын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,
нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын білуге,
халық мұрасын құрметеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбек – алдымен, тарихшыға, содан соң әдебиеттанушыға, тілшіге, өнертанушыға, өлкетанушыға, саятшыға, саяхатшыға, саясаттанушыға, әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық пайымды туынды. Рухани өмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын «Қазақтың ауызша тарихы» – біріншіден, қазақтың өзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт өкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние.
Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде былай жазады: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен» . Қай заманда да ойшылдар өзіне дейінгі дәуірге шолу жасап, өмір тынысын, қоғам мұңын түсінгісі келген. Ол өткен өмірдегі ата-баба тірлігі мен өз дәуірінің шындығын салыстыруға тырысқан. Өзі өмір сүретін ортаның дертін тауып, соны емдеудің жолдарын көрсетуге жолдар іздеген. Ұлы Абайдай ұлт қамын, ел мен жер тағдырын ойлап, Ақселеу Сейдімбек те өзінің соңғы кітабында терең пайымдаулар жасап кетті.
Қазақ ұлтының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақселеу Сейдімбек өзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шапқандай болады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбіреулердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Себебі қазақ үшін рулық, тайпалық қоғамда өмір сүру табиғаттың өзінен дарыған нәрсе. Осы жөнінде алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазады: «Ресейге бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі – киіз үйді ғана мекендеген, толық көшпелі еді. Жекелену, хатте үй ішіне бөліну мүмкін болмаған көшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік қазығы – ру еді. «У жесең – руыңмен», «Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Көшіп қону, кек алу, жаудан қорғану, көптен құн алып, құн төлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді... Бір рудың ішінде талас-тартыс болмаған, бір рудың ішінен өзара қыз алдырмау – жанжал шығармау мақсатынан еді. Қазақтың жеті атадан беріден қыз алмауы, бір руға жеті атаға шейін өрбігендердің кіргенін көрсетеді. Және әр руды бір атадан өрбіген қан жақындығымен байланысқан деп қарауға болмайды, өйткені руынан кемдік көргендерден, жауда қолға түскендерден басқа руға мүше болып кеткендер көп. Сондықтан қазақтың руын – саяси-шаруа ұйымы деп қарау керек» .
Кітаптың ұлт үшін құнды болатын тұсы – ол сол ұлтты ұйыстыруға, бар қазақтың басын біріктіруге үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық ұлт идеясын насихаттап жүрген саясаттағы шолақ атқамінерлерге бұл еңбек тойтарыс береді. Қазақстан мемлекетін мекен ететін басқа ұлт өкілдеріне де аталған еңбектің пайдасы зор деп білеміз. Себебі олар Ақселеу Сейдімбектің кітабынан мемлекеттің титулдық ұлты – қазақтың болмыс-бітімін, өзіндік ерекше сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсінеді. Олар қазақ жайында орыс, кеңес тарихнамасы арқылы айтылып келген кейбір жалған түсініктің сырын ашады. Жеті атаны білу институты мен жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қыр-сырын ұғады. Ағайын арасындағы сыйластық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қалай болғанына көздері жетеді. Сондықтан аталған еңбекті алдымен орыс пен ағылшын тілдеріне, одан кейін өзге тілдерге аударып, кең насихаттағанымыз міндет.
Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектерінде қазақтың түп тарихы туралы таңбаланып қалған тарихи деректер бертінгі заманда алаш қайраткерлерінің зерттеулерінде біршама тиянақталып жазылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ тілінде кітап шығару ісі жандана түскен кезеңнен ауызша сақталып келген тарихи дерек бірте-бірте қағазға түсе бастады. Әрине, оған дейін де кітапқа жазылған кейбір тарихи мәліметтер болды. Алайда олардың мазмұны мардымсыз, саны аз еді. Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, О.Әлжанұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, С.Асфендиярұлы, М.Шоқайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Садуақасұлы сынды қазақ оқымыстыларының еңбектерінде төл тарихымызға қатысты құнды дүниелер мол жинақталды.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбектері
2. Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде
IV. Қорытындылау
№ 7 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қазақтың ауызша тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі деген ұғымын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,
нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын білуге,
халық мұрасын құрметеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Кітап шығару ісінің жанданғаны елдің сауатын ашып, оқу-білімге ұмтылған жастарға игі ықпалын тигізді. Дей тұрғанмен, осы заманауи жаңалық, бір жағынан, көшпелі мәдениеттің құлдырауына, соның ішінде тарихи дүниені жадымызда сақтап, оны ауызша таратуға келгенде шешендіктен қала бастағанымызға себеп болды. Ендігі заманда қағазға жазылған дүние ғана ақиқат шындық болып, сөзге тоқтаған, бір рулы елдің тағдырын бір ауыз сөзбен шешкен дәурен келмеске кетіп жатты. Көшпелі мәдениетпен бірге қазақтың тарихын ауызша тарататын, шежіресін жетік білетін, жыр-дастандарын таңды-таңға қосып айтатын сұңғыла ділмарлары мен шешендері, данагөй қариялары бірге кетіп бара жатты. Сондықтан Ақселеу Сейдімбек – тағдырдың жазуымен соңғы көштің соңғы арбасына мініп үлгерген, соңғы киіз үйінде тал бесікке тербеліп, бесік жырын ана сүтімен бірге сіңірген, дала данышпандарының ділмар сөзін тыңдап қалған ескінің көзі, келмеске кеткен көшпелі мәдениеттің өзі іспетті. Сондықтан «Қазақтың ауызша тарихын» басқа біреу емес, Ақселеудей сол мәдениеттің соңғы тұяғы әрі телегей теңіз білімі бар ғалымның жазғаны заңды дүние. «Ақселеу Сейдімбекті елтануға алып келген феномен – қалайда, Арқада туып, қаймағы бұзылмаған ата жұрт салтын арда емуі. Оны ата салтымыздың адвокатына айналдырған да сол перзенттік парыз, терең тамыр» - деп дәл жазады белгілі қаламгер Смағұл Елубай.
Қазақ даласының кей тұстарында өзінің сән-салтанатымен жарасқан көшпелі мәдениеттің ХХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келгені тарихи шындық. Бейбіт елді отарлауға келген патша үкіметі, оның заңды жалғасы кеңестік империя асқақ рухты далалықтарды бағындырудың жалғыз жолы ғана барын түсінді. Олар табиғат аясында табиғатпен бірге тіл табысып, беймарал тірлік кешкен көшпелі қазақ елін отырықшылдыққа тарту керек деп ұйғарды. Қазақты ата кәсібі мен төл мәдениетінен айырсақ, ат үстінде күн кешкен қайсар мінезді халық жуасиды, рухы жаншылады. Бірте-бірте тілі мен дінінен, ақыр аяғы жерінен де жат қыламыз деп жоспарлады сұрқия саясатын отарлаушы ел. «Отырықшылдық адамдардың өмір-салтын өзгертті. Бұрынғыдай, жыл құсы сияқты көктем мен жазға ілесіп, жазыла көшіп, желпіне қонып, табиғатпен тіл табыса жүріп тіршілік құратын заман көрген түстей болған. Енді табиғатпен жағаласатын, табиғаттың бермесін тартып алатын заман туған... Күні кешелер ғана көшпелі өмірдің дәмін татқандар үшін отырықшылдық деген бейне бір сау басына сақина тілеп алғандай, қарап жүріп аққұла бейнетке ұрынғандай болып көрінетін» - дейді Ақселеу Сейдімбек. Жазушы қиналған қауымның ортасында болып, елге келген зауалдың ащы дәмін өзі де татып көрді.
Кітаптың «Қазақтың қария сөздері» атты үшінші тарауында этнограф ғалым ел аузында сақталған ескі сөз арқылы қазақтың даналығын көрсететін мысал келтіреді. «Тарбағатай жағына қалың жылқыны апарып, аман сақтап қаламын, биылғы жылы жұт болады деген Алтайдан жылқы иесі Ішпекбай жұттың боларын қайдан білдің дейді. Сонда Алтай: «Биыл ең төлшіл құс – бозторғай атаулы жалқы жұмыртқадан салды; шөп буыны ерте қатты; маусымда шешек ататын бұдыр мия гүлдемеді, гүлдемеген соң, бұршақ қабына дән бітпеді; жыл құстары жылдағыдан ерте қайта бастады; ай жиі қораланатын болды; жылқы біткен жарау тартып, шілде айында ыққа қарап жусайтынды шығарды; айғырлардың жал-құйрығы ұйысып қалды; бөгелек сиреп кетті» - деп жұттың он бір белгісін айтып береді. Мұндай мысалдар кітапта мол ұшырасады. Яғни, еңбектің құндылығы білімімізге білім қосатын танымдылығында, терең мағлұмат беретін ерекшелігінде дер едік. Сонымен қатар, «Қазақтың ауызша тарихының» бағасының биік болатыны – дәстүрлі қазақ мәдениетін дәріптейтін үлкеніміз бен кішімізге бірдей тәрбие беретін дидактикалық туынды екендігінде.
Зерттеу еңбегінің «Шежіре және тарих», «Қазақтың туысқандық жүйесі», «Қазақтың қария сөздері», «Шежірелік айғақтар» атты тарауларында Ақселеу Сейдімбек қазақтың ауызша тарихының теориялық анықтамасын береді, ауызша тараған, онда орнаған дала заңдарын түсіндіреді. Кітаптың «Қазақ болмысы» деген соңғы бесінші тарауы «Этнографиялық түйін» атты тараушадан тұрады. Онда жазушының қазақтың жанын жайып салатын тарихи негізі бар оймақтай әңгімелері беріледі. Оларды біз ілгерідегі тарауларға жасалып отырған түйін, ой қорытындысы деп бағалаймыз. Былайша айтқанда, теориялық оқулықтың хрестоматиясы іспетті мысалдар.
Тұрғындарының сана-сезімі космополиттеніп бара жатқан қалалық ортада шаң басып көмескіленуге айналған байырғы салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың нұсқаулығындай, адамдар арасындағы бауырмалдық қарым-қатынастарымыздың, атадан қалған туған мәдениетіміздің анықтамалығындай бола алатын «Қазақтың ауызша тарихы» әр қазақтың отбасында болғаны абзал.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбектері
2. Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде
IV. Қорытындылау
№ 8 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ауызша тарихтың артықшылықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауыхша тарихтың атрықшылықтары туралы түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,
нақты пікірлер айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз тарихына құрметпен
қарауға,еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру ,мазмұндау.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих. Халқымыздың өмір сүру салтында отырықшылық пен қала мәдениеті болмағандықтан, жылдың төрт мезгілінде көшіп – қонып жүрген халықтың тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрі, музыкасы бәрі атадан балаға ауызша беріліп, мұқият сақталып отырды. Мұндай дәстүр сонау скиф – сақ, ғұн, көне түркі, қыпшақ, бергі Қазақ хандығына және ХХ ғасырдың 1- ші ширегіне дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ауызша тарихтың өз артықшылықтары бар
Қазақ тарихында ауызша тарихтың бір ерекшелігі үлкен-үлкен тарихи кезеңдерді, оқиғаларды «өнер алды қызыл тілдің» арқасында қысқа да нұсқа жеткізе білуінде. Мысалы: мектеп оқулығынан белгілі ханның бұйрығымен Жиренше шешеннің домалап бара жатқан қақбақты найзасымен тоқтатып, ханға:
Сұратқан хан ақымақпа?
Сұраған сен ақымақпа? – деп жауап әкелуі алғаш қарағанда сөз сайысы, шешендік өнер жарысы сияқты. Шынтуайттына келсек Қазақ хандығы құрылғаннан бастап хан мен оның қоластындағылардың өзара қарым – қатынасында демократия, адам теңдігі, азаматтың қоғам көрністері айқын көрінеді. Қазақ хандығында әубастан батыстың да, шығыстың да, орыстың да деспотиясы болмаған дала демократиясы осы оқиғадан көрнеді. Бұл оқиға шын болған. Хан деп отырғанымыз Керей мен Жәнібектің біреуі, Асанқайғы, Жиренше шешен осы дәуірде өмір кешкен тарихи қоғам қайраткерлері. Патшаны, коральді дәл осылай сынау батыс, ресей қоғамынында болған емес, олай дейтініміз корольге, царьға былай сөйлеу өлім жазасымен тең болған.
«Асанқайғы 3-жыл қазаққа лайықы қоныс іздеп елді Жиделібайсайға көшіреміз – деп тоқтауға келіп, көш алдында үш жыл қойға қошқар салғызбасын, биеге айғыр шаптырмасын, әйелге еркек қатыспасын» - деп ханға айтып әмір қылдырыпты. Менің ойымша бұл оқиғанда үлкен бір кезеңді бейнелейтін шындық жатыр. Бұл Алтын орда құлап, Алтынорданың қойнынан туған жас Қазақ хандығына лайық жер іздеп, ел бастаған азаматтар мен Асанқайғының шарқ-ұрып Еуразия далалары мен тауларын шарлаған кезбен тұспа - тұс келеді.
Енді келесі бір төрт жол тартхи өлеңге назар аударайық!
Тәке болып ханымыз
Рахат тауып жанымыз
Он сан алаш бірігіп
Ойран болды жауымыз .
Осы төрт өлең жолдарын 1987 жылы Орал облысынан жазып алғанымда археологтардың алтын қазып алғанындай қуанышымда шек болған жоқ. Кейінірек 1992 жылы қазақтың тарихи тулары атты мақаламда жарияладым. Кейін көрнекті заңгер – ғалым С. Өзбекұлы Тәуке хан туралы монографияларына этиграф етіп алды. Тәукенің заманын қазақтар «боз торғай қой үстіне жұмыртқалаған заман» - деп қарттар жылап есіне алатынын көптеген зерттеулершілер жазды. Тәуке өлген соң хандық үшке бөлінді, оған біз тоқталмаймыз. Менің ойымша бұл өлең шумақтары Тәуке туралы поэманың не болмаса үлкен тарихи өлеңнің бізге жеткен үзіндісі болса керек, әрине тегінде өлеңнің авторы болған, бірте – бірте халық өлеңіне айналып кеткен.
Қазақ жерін 1,5 ғасыр бойы алдымен мысықтабандап кіріп, артынан қазақты қан қақсатқан орыс отарлаушылығын төрт жолмен бейнелеген өлең бүкіл бір дәуірді көрсетеді.
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жауыздық,
Жарадан аққан іріңдей .
1986 жылы Омбы облысы, Шарбакөл ауданына барған сапарымда Кошке Кемеңгерұлының әйелімен және ұлы Нарынбаймен жолығып, ол кісілер маған Кошкені түрмеге алып кетіп, үйді НКВД – ның қызметкерлері тексеріп қағаздарын алғанда, баспа бетін көрмеген бір қолжазбасын жүн көрпенің тысын сөгіп, ішіне тығып алып қалғандарын айтып, қолжазбаны маған көрсетті. Қолжазбаның аты « Қазақ тарихына кіріспе» деп аталады екен. Алып оқи бастағанымда жоғарыдағы өлең жолдары көзіме бірден басыла кетті. Кошке ағамыз өлеңді Шортанбай Қанайұлынікі деп жазыпты. К. Кемеңгерұлында «ойлағаны жауыздық» дегені, «ойлағаны жамандық» - деп жазылыпты. Мұныңда себебі бар. 1,5 ғасыр орыстың тепкісін көрген ел «жамандықты жауыздыққа» айналдырған, тегінде орыс отаршылдығының айырықша қатыгездігін атап көрсеткен Халел Досмұхамедов: «..... Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды».
1980 жылдардың ортасынан бермен қарай батыс және американ тарихнамасында ауызша тарихтың артықшылықтары көптеп жазылып, айтыла бастады. АҚШ – та Вьетнам соғысына қатысушылардан сұрақ – жауап алу, естеліктер жинау дәстүрлі құрғақ (сухой) тарихқа күтпеген нәтижелер берді. Ауызша тарихтың бір ерекшелігі оқиғаға қатысушы адам, оқиғаның бел ортасында жүреді, көзімен көрген қолымен атқарған нәрсені жүрегімен сезіп аузымен айтқанда, дәстүрлі тарихқа қарағанда фактілері анағұрлым нақты дәл және қызықты болады.
1991-1994 жылдары осы жолдардың авторы Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Т. Шаниннің жобасы бойынша Орта Азия республикаларының шаруаларының ( бұл жобаға Тәжікстан кірген жоқ, себебі бұл кезде азамат соғысы жүріп жатқан) 70-80 жыл бойы айта алмай келе жатқан дауыстарын жазып алу көзделді. Әрбір ғылыми қызметкер қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен шаруасының кеңес өкіметі орнағанға дейінгі және одан кейінгі оқиғаларды рет – ретімен диктафонға жазып алу, екі мыңдаған сұраққа жауап алу, сөйтіп бірнеше ұрпақтың тағдырын сөзбен айтып жеткізу үлкен нәтижелер берді. Жобаның авторы Т. Шанинның сөзімен айтсақ: бүгін керегі «бір ғасырға жуық кептеліп қалған шаруаның дауысы бәрінен қымбат». Ғылыми қызметкерлер жұмыс тыңғылықты болу үшін 3 – 4 ай бойы ауылдарда, селоларда, қышлақ – қыстақтарды тұрып селолықтармен күнделікті қарым – қатынаста болып жұмыс істеді. Т. Шанин бұл жұмысты тек Орта Азияда емес, Ресейде, одан бұрынырақ оңтүстік – шығыс Азияда, Иранда атқарған екен.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұратқан хан ақымақпа?
2. Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Қай жылдары ?
IV. Қорытындылау
№ 9 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ақселеу және тарих ақауы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды материалды жүйелеуге,оқиғалар арасын
байланыстырып,одан қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Туған өлкенің тарихына құрметпен
қарауға,еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шығармашылық ізденіс
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
1. Ақселеу Сейдімбек фольклорлық мұра – шежіре жанрында
Қазақ халқының түп тарихы – шежіре. Қасиетті рухани күш шежірешілдік түркінің бір бұтағы қазақтардың генетикалық болмысында әлі терең сақталған. Шежірені ұмыту, хан жарлығымен бекіген жеті атаға толмай қыз алыспау дәстүрін жоғалтып алу – ұлт ретінде құруға бастайтын қатер. Біз шежірелік сипатымызды жан-тәнімізбен сүйетін халықпыз.
Сондықтан ғалам біртұтастанған, қарабайыр тобырланған сайын шежірені ғылым ретінде дамыта түсіп, жер тұрғанша жоғалтпауымыз керек.
Шежіре – қазір әлемге ықпалы зор болып отырған еврей елі үшін де аса маңызды. «Таурат. Көне өсиет» – бұл Израильдің 12 буынының шежірелік жылнамасы. Еврейлер Мысыр құлдығынан құтылып, халық ретінде күшеюіне, қайта өрлеуіне ықпал жасаған жасампаз күш – ел бастаған дінбасылары һәм көсемдері арқылы мызғымаған шежірелік жады мықтылығының әсері. Тектен айрылмаудың артықшылығын олар білген.
Ақселеу Сейдімбек – қазақ халқының шежірелік тарихын бергі заманда классификациялап, энциклопедия түрінде бір жүйеге келтіріп, ұлтқа ұйтқы екенін айқындап, бабымен жинақтап кеткен асылдың сынығы. XX ғасыр басында ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ іздеуші» дегенде, сол ізгі мұратқа адал болғандардың бірі Ақселеу Сейдімбек екені дау тудырмас. Тексіздік нағыз қазақ жиренетін ұсақталу, азып-тозумен тең.
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!
XVI ғасырда өмір сүрген ноғайлының Доспамбет жырауы теңдік салтанат құрған дәуірдің азаттығын қалай асқақ сезінеді, шіркін! Сол қасиет қазақтың қанында, құдайға шүкір, әлі бар, жоғалмайды.
Ақселеудің қазына ұстаушылығы – жыр бұлағы жыраулардан жалғасқан құдіретті рухты өлтірмеуді, фольклорлық баянды жаңғыртуды мұрат еткен мирасқорлық. Ол-дағы бір керуенбасы. Көш-керуенін ұзатып, кейінгі ұрпаққа аманаттап тапсырушы. Көненің көрікті дүниесінен басы бүтін айырылуды жаны қаламаушылық. Ел үмітін ақтаған ер атағын енді елі сақтайды. Ақселеу миссиясы осындай биік. Оның ең басты кітабының бірі – «Қазақтың ауызша тарихы».
… Осы аса улы саяси ассимилияцияның кесірінен қазақ ұлтында ұлтсыздану қасіреті төбе көрсете бас-тады» деп налиды. Советтік заманда өскен Ақселеу Сланұлы ұлтсыздануға іштей наразылығын өзіндік пафос-пен, қазақтың өзінен туған ұлға тән түйсікпен берді.
Жазушы, зерттеуші Мырзакелді Кемел «Ақселеу асу» атты танымдық еңбегінде: «Ақселеу Сейдімбектің жанры алуан стильге толы. Мұнда дала әңгімелері де, қорғандар мен діндер аңыздары да, күй шежіресі де, қазақтың ауызша шежіре-тарихы да, жүз-тайпа-ру таралымдары да, ертектер де, мақал-мәтелдер мен қазақ болмысын ашып көрсететін аңызға бергісіз бастан өткенді әңгімелеу де, қара өлең де, естеліктер де, аудармалар да бар», – деп шындықты саралап жазады. Сонымен қоса, ол Ақселеу Сейдімбек мұрасының негізгі тұжырымдарын термелейді. Соның бір-екісін қайталасақ: «Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ мемлекеттігінің құрылымын ғылыми негіздеді. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың бұл ерекшелігінің қасиетін дәріптейді. Бұл тыйымның қазақтардың тұқымдық сұрыпталуына себепші болумен бірге, этномәдени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі болғандығын айтады».
Әлхисса, бұл кітапта не жоқ, қазақ үшін қасиетті һәм қастерлі саналатын дүниетанымдық ұғым-идея, белгі-нышанның бәрі бар. Кең даламызда өсіп-өнген тайпалар мен рулар, ұлыстардың бір-бірімен тамырласқан, будандасқан, қапталдасқан, бауырласқан шынайы тарихы бар. Оқылуы кей сәт мың бір түндей көркем шежіре әдебиеттегі небір жанрлардың бір арнада тоғысқандығымен озық. Оның мазмұны тым терең, іші толы құнды деректер, кісілік келбет, қилы жазмыш. Қазақ асқан философ халық екенін бұл кітап аша түседі.
Ақселеутану – өзтану. Қазақтыққа тағзым. Ал қазақтық еркіндік аңсаудан, азаттыққа сүйіспеншіліктен туғанын қазір ұмытсақ та, түйсіктегі ұлы зердеміз, жадтық таңба, ұлттық код ұмыттырмайды.
«Көшпелі өмір-салт Ұлы дала (Қазақ даласы деуге де болады) тұрғындары үшін ұзақ уақыт тиімді өмір сүрудің бірден-бір оңтайлы үлгісі болды» («Қазақтың ауызша тарихы»,
«Алаш үстірті – Ресей Федерациясына қарасты Тыба республикасының жеріндегі Батыс Саян тау сілемдері. Бұл тау сілемдерінен ағатын ең бір арналы өзен – Сүткөл (Сут-Холь)» .
Қазақ біледі, қазір Тыба атанған ел бұрынғы ұранқайлықтар, дәлірегі, қалмақтың бір атасы. О баста монғолданған түркінің бір бұтағы болуы керек. Бірақ бейбіт ел жиі шабылған бұлғақта қазақты қан қақсатқан тайпаның бірі. Ал мынау этнотопонимнен көрініп тұрғандай, жер атауы таза қазақ тілінде. Осының бәрі кейінгілерді ойландырары сөзсіз. Сүткөл деген атауда тұнып тұрған өлең бар. Сүт тағамдары – сүттен таза, судан ақ уыздай дүниені сүйетін малқор қазақтың ұлттық асы.
«Арғын тайпасының таңбасы «көз таңба» немесе «күн таңба» деп аталады. Севан көлінің байырғы атауы – Көкше (Гокча)» .
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. 1929 жылдың өзінде Қазақстанда қаншадан дан астам халық наразылығы,толқулары,бой көтерулері болды?
2. Қай жылдың 7 ақпанында ашынған халық Тама руының көрнекті азаматы сұлтанбек Шолақұлы бастаған шаруалар көтерілісі бұрық ете қалды?
IV. Қорытындылау
№ 10 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ақселеу және тарих ақауы туралы оқушыларға толықтай мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу
даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,
салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын елін жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Шежіре – тек пен зерде
Мөңке Би Тілеуұлы (1675-1756):
Алыстағы дұшпанның
Жағаға қолы жетпеске,
Артында туысқанның көбі игі.
Екіталай іс болып,
Еңсеңе дұшпан табан қойғанда,
Өзіңменен бірігіп,
Қыр басына шықпаған,
Ағайынның күнінде,
Барынан да жоғы игі.
Шежіре сыры, елдің былайғы күйі осы жолдарда анық.
Пусть чем угодно разразиться.
Я хочу узнать свой род – пусть он ничтожен!
Таков мой род – и мне не быть иным.
Я должен знать свое происхождение.
(Софокл. «Эдип-царь». Аударма: С.Шервинский ).
Бұл – жүрегі бір сұмдықты сезген Эдип патшаның жан дауысы. Сонда анасы әрі жары Иокаста, ол-дағы удай жазмыштан құтылмағанын ұғып: «Несчастный! О, не узнавай, кто ты!» деп құсамен жауап береді. Эдип жан төзгісіз қайғылы азаптан өзін-өзі соқыр қылып жазалау арқылы, ұзамай жеткен өлім арқылы арылады. Жаза оны ластан тазартардай қабылдайды.
Шежіре түркі халықтарының бәрінде бар. Қарақалпақ ақыны Бердақ Қарғабайұлы:
Көриңлер халықтың шежиресін,
Есит шежиренің мәнисин,
Бәршенің ата-бабасын,
Айтып баян қылған екен:
Әнес, Мәлик екки киси,
Пайғамбардың сахабасы,
Әнес – қазақтың бабасы,
Шундын «алаш» болған екен.
Мәликтің ұғлы – Разыхақ,
Яшлығында қойды ғұлпақ,
киген екен қара қалпақ,
Шундын «қалпақ» болған екен.
Сахра халқы көшип гезбек,
Кәнтли жерден уатан дүзбек,
Қалпақтың ұғлыдүр өзбек,
Өзбек жекке болған екен.
1827 жылы туған Бердақ Абайдан 22 жасқа үлкен. Мына өлең жолдарында Бердақ қазақ, қарақалпақ, өзбек – үш халықтың шыққан тегі бір екенін әйгілеп тұр. Түбін қазса, «Өзбек – өз ағам» деген сөз рас. Қазаққа башқұрт пен ноғайдың басқалардан ғөрі жақындығы тағы аян. Ешбір дәлел, айғақсыз, әншейін осы екі халықтың қалың ортасына тап болсаңыз, қазақтан еш айырма көрмейсіз.
Владычь в Сейильхане, баба Эрсары!
Ты славен могуществом с древней поры,
Деяния твои справедливы, мудры:
За бедных вставал ты стеною, бывало.
Бұл – Сеиди, түркмен классик ақыны, ата-баба аруағын асыра сөйлеу кең даланың ұлдарына етене тән мінез. Өзінің ерсары руынан шыққанын ақын мақтан қылып, жырға қосады.
Все теке, салыры, эрсары придут,
Будут все сарыки – весь туркменский люд.
Все, кого туркменским людом ни зовут,
Все верхом прискачут, все придут, наверно.
(Орысшаға аударған С.Иванов).
Сеидидің бұл жырында түркменнің сөйлер тілі – Мақтымқұлының руы көклен аталмағанмен, үш-төрт ру бар. Қазақ – ру аттарын сүйіп айтатын халық, сол дәстүрге түркмендер де берік. Евразиялық жад.
Қазақ ру тайпаларының атаулары көбінесе таңба немесе адам өңіндегі нышан атауларынан шығады: шапырашты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ошақты, ысты, ойық, тілік, үштаңбалы, тутаңбалы, қайшылы, қанжығалы, тобықты, жоғары шекті, төмен шекті, бағаналы, балталы, ергенекті, терістаңбалы, көлденең, қарақас, шеруші, шимойын, ашамайлы керей, тарақты, шекті, байбақты, оңтаңбалы табын, теріс таңбалы табын, қарақойлы, жағалбайлы. Жер атаулары да осылайша қойылады: Жыланды, Бұғылы, Құланды, Бұланды, Теректі, Қайыңды, Шиелі, Бақалы, Алмалы, Текелі, Құлынды болып көктегі тырналардай тізіліп кете береді.
Шежіре – тектану. Ал философияда «Өзіңді өзің таны» – өмірдің мәніне жақын ұғым. Шыққан тектің ұрпақтың өмір сүру салтына әрі тағдырына үстемдігі зор. Қазақтың «Жақсыдан жаман туса да, Жаманнан жақсы туса да, Тартпай кетпес негізге» деуі соны терең білгендіктен.
Ақселеу аға қазақ жаппай тектен жаңылады-ау деген сұмдық сүрей ойдан сананы арашалайды. Оның тек туралы танымдық кітабына тіпті оқымай-ақ бір көзі түскен исі қазақ баласы қазығын айналған атқа ұқсап, намысы оянып, дүр сілкініп шыға келері анық. Ол енді қазақтығынан айнымайтын өрелі, саналы азаматқа айналады.
Сондықтан бұл кітап – таңғажайып бағбанның кәусарлы бағынан аумайды.
Шалкиіз жыраудың бұл өлеңі қазақтың ұлттық санасында берік қалыптасқан аксиома: «Ағайынды жігіттің кереқарыс жалы бар, жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар» дегенінен алшақ түспейді. Ал Әбубәкір Диваев жинаған қазақ мақал-мәтелінде: «Үйі жыртықты тамшы жейді, / Ағайыны аз қамшы жейді», «Жалғыздың үні шықпас, / Жаяудың шаңы шықпас». Тағы сол Диваевта: «Көшкен жұрттың қадірі қонғанда өтер».
Бұдан қазақ шежіресінің фольклорлық жанр, асыл мұра екенін әбден ұғуға болады.
«Төс айылдың батқанын иесі білмес, ат білер, / Ағайынның қадірін жақыны білмес, жат білер».
Доспамбет жырау:
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!…
Ақтанберді жыраудың неліктен «Құлым бір ұлдай киінсе» деп адамшылықты дәріптегені жалғыздықты кемістік көргенінен анық сезіледі:
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп.
Ал Ақселеу Сейдімбектің бабасы тарақты Байғозы батырдың мәліметі керей Қожаберген жырауда бар:
Тарақты ер Байғозы қолдың басы,
Жиырманың алтауына келген жасы.
Бұл-дағы кіші жүзге күйеу екен,
Ерлігін көрді елдің кәрі-жасы.
Байғозы қолма-қолда екен күшті,
Ер болып, жеке шығып, көзге түсті.
Атысқа ғадеттенген қалмақтардың,
Бетпе-бет кездескенде зәресі ұшты.
Шежірелік деректер арқылы тұтас бір рудың атына айналған аталардың тарихын білеміз. Оны қара өлең соңына, ұрпақтап жадына ұмытылмастай қалдырып отырды.
Адамқожа ер жетіп,
Өзі жөнін білгесін,
Ат жалын тартып мінгесін,
Әлім менен Шөменге
Бір себептен өкпелеп,
Басқа салды іргесін.
Сонысына халық ат қойған,
Осы жұртқа «Кете» деп.
Рулы ел – ұялы терек болса, оның бұтақтары тарамданып, ұшқан құсша қанатын кең жайып өспей ме! Сыр сүлейі Нұртуған Кенжеғұлұлы кіші жүзде Қаракесектен тарайтын кете руы осылай аталу себебін түсіндіреді. Ал Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихында» қаракесек атасының орта жүз арғында да, кіші жүз әлімде де бар екенін жазады.
№ 11 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихы ауызша деректерін жүйелеу және талдаудық кейбір мәселелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тарихы ауызша деректерін жүйелеу және талдаудық кейбір мәселелері,оқушыларға толықтай мағлұмат беру
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу
даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,
салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын елін жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау,мазмұндау.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қандайда болмасын халықтың тарихы деректер негізінде жазылатындығы баршамызға белгілі. Тарих тек қана жазба деректер негізінде жазылу керек деген ұғымның келмеске кеткені қашан. Бүгінгі тарих ғылымында деректердің кез-келген топтарымен түрлерін кәдеге асуы қажет. Жазбаша деректерде тарихи уақиға шынайы шындықты көрсетеді деп ойлайтын болсақ үлкен қателікке ұрынған болар едік.Сондықтан тарих жазғанда кез-келген деректер тобына сыни көзқараспен қарап, бірімен-бірін салыстыра отырып, деректану ғылымының әдістерін толық пайдаланғанда ғана мұратқа жетуге болады.
Біз сөз еткелі отырған қазақ тарихының ауызша деректері сан қилы.Сондықтан оларды алдымен жүйелеп алып, содан кейін барып топтау қажет. Осы орайда жүйелеу ұғымына тоқтала кетуді жөн көрдік. Орыстың ғылыми және оқу әдебиеттерінде кездесетін «систематизация» деген терминнің баламасы осы «жүйелеу» сөзі сияқты.Зерттеушінің белгілі тақырып бойынша көп жылдар бойы тірнектеп жинаған деректері бір жүйеге келтіру қажеттілігін талап етеді. Соңғы жылдары ғалымдар арасында жүйелеудің бес түрі қалыптасты: хронологиялық, аумақтық, этникалық, проблемалық және тұлғалық. Жүйелеу дегеніміз - әртекті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай жіктеу.
Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен 10 топқа бөлуге болады.Олар мыналар: нормативті деректер, генеология, әдептік заң нормалары, аңыздармен ертегілер, батырлар жыры, лирикалық поэмалар, мақал-мәтелдер және жұмбақтар, халық композиторларының әндері, халық ақындарының өлеңдері, билермен шешендер сөзі, ономастика материалдары т.с.с. Әлбетте бұл топтаудың шартты түрде екені белгілі.Өйткені кейбір деректер бір топтан екінші бір топқа ауыса береді.
Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады. Мақал – нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдынғысында шарт не жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған, алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Жүйелеу дегеніміз не?
2. Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен қанша тоақа бөлуге болады? Олар атаулары.
IV. Қорытындылау
№ 12 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының жады және ауызша тарих дәстүрі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік жүріп өткен жолы және тарихы бар екендігін насихаттау.
Дамытушылық: Қосымша материалдар іздеуге,нақты пкірлер айта
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция сабағы,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік жүріп өткен жолы және тарихы бар. Сондай-ақ, әр елдің тарихы әртүрлі деректермен ерекшеленеді. Мәселен, қазақ ұлтының тарихи дерек көздеріне – шежіре, фольклор, батырлар жыры, мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтер және тағы басқаларын жатқызуға болады. Міне, осы аталған тарихи деректерде қазақ еліне қатысты оқиғалар мен құбылыстар баяндалады. Сондықтан, оларды төл деректер ретінде зерттеу еңбектерін жазуға және ондағы мәліметтерді ғылыми айналымға тарту аса маңызды мәселе болып табылады.
Елімізде соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты түрлі сипаттағы заттай, әсіресе, сан алуан жазба деректердің игерілуі қарқынды дамып келеді. Алайда фольклор, ауыз әдебиеті сияқты ауызша түрде жеткен рухани мұраларымыздың қазақ халқының тарихын түзуде маңызы жоғары. Қазақтар одан өзін-өзі таныды, өткенін білді, біртұтас халық, ұлт ретінде сезіне алды. Мұнда халықтың бүтін бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мәдениеті, тарихи даму жолы толық көрініс тапты.
Қазақ елі – өте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі мен мәдениеті бар халық. Өткен өмірінде көшпелі өмір салты басымдылық танытқан қоғамда ауызша тарих айту дәстүрі, белгілі дәрежеде, отырықшы өркениетті елдердегі мұрағат пен кітапхана міндетін атқарады, халықтың рухани өмірі ұрпақтан ұрпаққа осы негізде жетіп, ұласып отырды .
Тарихын, сонау, тереңінен алатын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы шежіре. Араптың «шаджара» үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра ерте уақыттан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер. Жер бетіндегі халықтардың кейбіреуінде ғана патшалар сияқты, ерекше тұқымның қайдан шығып кімнен таралғанын дәріптейтін болса, біздің халықта бұл дүниеге келген әрбір азаматтың шыққан тегі таратылады.
Шежіре халықтың шығу тегін, жүріп өткен жолын, аса маңызды тарихи оқиғаларды жадта сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырудың көне замандардан қалыптасқан жолы. Қазақ және басқа халықтардың шежіре айту дәстүрі ең бері дегенде үйсін дәуірінде ақ болған сияқты.
Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге үлес қосқан Н. Аристов, Ш. Уәлиханов еңбектерінде ерекше аталып өтеді. Шежірешінің беделі, әр кезде, ел билеген билеушілерден кем болмаған. Сондықтан да болар шежірені таратып беретін қарттарды осы күнге дейін аялап, олардан ылғый да елдің тыңдауға баратындығы. Оған қоса шежіре тарих.
Ауызша тарихтың үлкен тармағы – батырлық жырлар. Олардың тарихи деректік қабілетіне қатысты мынадай факторларды атап өткен жөн: 1) Тарихи деректердің бұл түрінің сол халықтың пайда болып, өмір сүрген ортасында, «туған топырақта» жаратылғаны, иесі белгілі бір халық. 2) Батырлық жырлардың этникалық тарихты жомарт (өзіне ғана тән тілмен) бейнелейтіндігі. 3) Батырлық жырлардың халықтың тарихи зердесіне (халықтың өткен тарихының көрінісі) айналып, тіптен тілден, діннен, ата қоныстан айрылған кезеңдерде де ұлттың жадынан жоғалмайтын қасиетінің күштілігі.
Тарихшы Қамбар Атабаев: «Қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары: ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнелеген», - деп ой түйіндеген.
Отандық тарих ғылымында тұңғыш рет дәстүрлі ауызша тарихтың өзін дербес ғылыми проблема ретінде көтеріп, оны зерттеудің қазақ тарихтануындағы мәнін көрсеткен Г. Жүгенбаеваның «Дәстүрлі ауызша тарих» монографиясын атауға болады. Еңбекте дәстүрлі қазақ қоғамындағы руханияттың синкреттілігі, оның деректемелік және тарихнамалық қырлары жан-жақты қарастырылады. Г. Жүгенбаева зерттеулерінің нәтижесінде «...ауызша тарих – халықтың біртұтас жады және этникалық тарихтың дереккөзі белгісіндегі бірегей болмысын танытып берді» деген тұжырым жасайды . Автордың басты жаңалығы ретінде қазақтардың дәстүрлі ауызша тарихын ұлттық интеллектуалдық құбылысқа теңеуін айтуға болады.
Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірі ұлттық тарих айту дәстүрінде айқын бейнеленген. Бұл орайда заттық, жазбаша ғылыми және мұрағат деректерімен қатар, тарихи жырлар, батырлар эпосы, тарихи аңыз-әңгімелер, шежірелер және басқа ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының халықтың басынан өткенінің тарихи-көркем бейнеленуі ретінде ғылыми маңызы құнды.
Қазақ халқының ұлттық тарих айту дәстүрінің тарихи бастауларының деректік мәнділігі оны тарихи дерек ретінде ғылыми тұрғыдан пайдалануға негіз береді. Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары нақты бір оқиғаға немесе қоғамдық құбылыс негізінде пайда болған және олардың өзіндік қалыптасу, даму ерекшеліктері тарихи құндылығын нығайта түседі.
Халықтың ғасырлар бойы жинақталып жеткен тарихи-мәдени мұрасы ұлттық ауызша тарих айту дәстүрі негізінде жырлар, шежірелер түрінде жетіп отыр. Осыншама тарихи мұраларды жаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне назар аударсақ, қазақ халқының зерделі болғандығын және тарихи жадының аса жақсы қалыптасқандығын байқатады.
Қорытындылай айтсақ, жоғарыда аталған қазақ халқының ұлттық төл деректері бұрынғы өткен замандардан мәліметтер беретін құнды материалдар екендігіне күмән жоқ. Сол себепті, еліміздің тарихын жазуға зерттеушілер кеңінен қолдануы қажет. Тек, сонда ғана ұлттық тарихымыз шынайы жазылып, толық баяндала түседі
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге үлес қосқан кім?
IV. Қорытындылау
№ 13 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ұлт тарихын зерттеу ауызша тарихи деректерін пайдалану: методологиялық мәселелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында туралы баяндау .
Дамытушылық: Оқушыларды оқулықпен өз бетнше жұмыс істеу
даңдыларын,тарихиұғымдарды талдап,
салыстырып,қорытынды жасау қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік:
Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында сақталып бүгінгі күнге жетті. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше жаралғандықтан немесе артта қалғандықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігімен, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салты болуымен салыстырған жөн» – деп жазады. XX ғасырдың 20-жылдарына дейін көшпелі өмір салтына бағынған қазақ халқы, халықтың тарихи жады міндетін атқарған шежірелер мен аңыздарды, батырлық жырлар мен діни дастандарды көзінің қарашығындай сақтады. Онда өзгелер сезіне бермейтін халықтың рухани әлемі жинақталды. Ол турасында Шоқан Уәлиханов: «Қазақ өзінің көне аңыздары мен сенім-нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі, сауатсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» десе, ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді: «Ауызша тарих түбегейлі өзгерістердің құралы болмауы мүмкін, алайда бәрі оның қолданылуына байланысты. Соған қарамастан, ауызша тарих тарихтың мәні мен маңызын, сонымен бірге мақсатын да өзгертуі мүмкін» – деп жазады. Қазақ қоғамында кеңестік билік орнағанға дейін ауызша тарих айту дәстүрі білімдік мәнге ие болып, өткен дәуір кезеңдерінен мәлімет беретін топонимикалық, этноәлеуметтік және танымдық (көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы) дерек көзі міндетін атқарды. Оның жазба деректерден өзгешелігі сонда – күнделікті өмірдегі болған істі көзімен көрген адамдардың баяндауы.
«Даланың ауызша тарихы» ұғымы бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбеті – Рашид-ад дин, Мұхамед Хайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүр-хан, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халид, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан және басқа да түркі-қазақ ғұламалары еңбектерінде жан-жақты көрінген. ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов және өткен ғасыр ортасында тарих ғылымында өшпес із қалдырған Е. Бекмаханов ауызша тарих деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланды. Е. Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталатын монографиясында М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев және басқалардан жазып алған халық мақал-мәтелдерін және фольклорды маңызды дерек көзі ретінде кеңінен қолданып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан деректанулық талдау жасады. Қазақ халқының рухани мәдениетін ғылыми тұрғыдан терең әрі кең ауқымда зерттеген ғалым – Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырып, оларды кезеңдерге бөліп көрсетті . Қазақ ғалымдарының 1948 жылы қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбегі қолжазба күйінде сынға ұшырады. Кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынды. Кеңестік тоталитарлық жүйенің саяси қысымының үдей түсуі салдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында кеңестік методологияға сәйкес келетін зерттеулерге баса назар аударылып, ұлттық тарихи білімнің даму ерекшеліктерін, қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрін ден қоя зерттеуге мүмкіндік болмады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді?
2. . ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар?
IV. Қорытындылау
№ 14 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ эпостары – тарихи дерек ретінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ эпостары – тарихи дерек туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдар іздеп,
нақты пікірлер айтуға дағдыландыру
Тәрбиелік : Қосымша материалдарды пайдалана отырып,
оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге тәрбиеле
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Әр халықтың батырлық жыры ең алдымен сол халықтың басынан кешірген сан қилы тарихи оқиғалармен тікелей байланысты. Бұлардың барлығы да ел тарихына, жер тарихына, ғасырлар бойы қазақ даласында қоныс тепкендердің рухани дүниесіне үңіліп, елінің, жерінің тарихынан хабардар болғысы келетіндер үшін ой саларлық жырлар.
Эпостық жырлардан біз қазақ халқының тағдыр - талайын, тарихи және көркем ойлау ерекшеліктерін, сонымен қатар рухани - интеллектуалдық деңгейін де байқаймыз.
Эпос-мәдени құбылыс. Бірақ оның арқауында нақты бір ру, тайпалардың этникалық тарихы жатады. Осы белгісі мәдениеттің де белгілі дәрежеде этникалық қызмет атқаратынын байқатады.
Осындай шығармалар қатарына қазақ халқының ертеден келе жатқан мұралары Қара Қыпшақ Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Едіге, Қамбар батыр «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Ер Сайын»жырларын жатқызамыз. Бірнеше жырдан тұратын «Қырымның қырық батыры» деген үлкен көлемді эпопеяның өзі-ақ қазақ халқының қаһармандық жырға қаншалықты мән бергенін көрсетеді.
Қазақ эпосының тарихилығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық шеңберінде қалмай, сюжеттерді бүкіл Орта Азия, Алтай, тіпті ШІығыс әлемі деңгейінде салыстыра зерттеу керек. Ертедегі космологиялық нанымдар, әлеуметтік құрылыс көп елдердің басынан өткен болса, эпосты от басы, ошақ қасында зерттеу пайдасыз. Жадағай әдеби мінездеме - сыңаржақ методология.
Қазақ эпостарының қай-қайсысын алсақ та, қьпшақ, ноғайлы қазақтары қызылбастарға, қалмақтарға қарсы күреседі. Бұл жырлардың көпшілігінде ноғайлының жерін қалмақтың жаулап алмақшы болуына байланысты үлкен оқиғалар көрініс тапқан.
Рухани ескерткіш «Қырымның қырық батыры» жырының мәтінімен танысқан кез-келген оқырман пікірімізге келісер еді. «Жыр» мәтіндері бастан-аяқ өзінің «Ноғайлы» деген елдің бір кездегі тарихына, өткеніне арнап шығарылғанын аңғартып тұрады. Эпос айтуышының алдына қойған басты мақсаты «Ноғайлының тұтас тарихын» оның кейінгі ұрпақтарының тарихи жадынан шығармау, ұмыттырмау екені сезілетін.
Шындығында, осынау сауал ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда туып, ХХ ғасырдың басында жаңғырған болатын. Әсіресе «Ноғайлы жырларының» ел арасынан жазылып алынған түрлі нұсқалары ғылымда белгілі болғаннан-ақ жырлардың «иесі» (Кавказ, Қырымдағы ноғай әлде қазақ) даулы болды.
Ал, «Қобыланды батыр» жырындағы оқиғалар қыпшақтар мен қызылбастар, қалмақтар арасында болды. Келтірілген эпостағы жер аттары, қыпшақ елі, бәрі де тарихи деректер. Демек, бұл жағынан жыр мен тарих арасында еш қайшылық жоқ. Бұл жырда аталған кез, ондағы оқиғалар шындыққа сәйкес келеді.
Олай деуімізге бірнеше дәлел келтірейік: «Қобыланды батыр» жырының Марабай, Мергенбай, Біржан, Досжан жырлаған нұсқалары қыпшақтар мен қызылбастардың арасында көп заманға созылған қарым-қатынастарды, алыс-тартыстарды көрсетеді. Қыпшақтардың Қобыланды бастаған батырларының шетелдік жау қызылбастарға қарсы жүргізген ерлік күресі суреттеледі. Сонда қыпшақ еліне бірінші болып ұрынатын қызылбастың Қазан ханы болады. Мысалы, жырдың Мергенбай айтуындағы нұсқасында:
«Қызылбасты елінен,
Қазан деген ер шықты.
Жан білмеген жер шықты.
Ноғайлының көп елін,
Ол жайпап, шауып жаншыпты.
Бағынбаған адамын
Қырып-жойып таусыпты...» - делінеді.
Бұл келтірілген үзіндіде аталған Қазан қызылбастардың ханы Қазан болуы мүмкін. Жырдағы Қазан ұрыншақ, көрші елдерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырып алу үшін күреседі. Оның бұл әрекеттері көрші елдердің жерін, малын олжалап алуы және олардың «бағынбаған» адамын қырып-жойып жіберуін тарихи факті деуге болады. Бұған қарап жырдағы Қазан қызылбастарының жаулық әрекетін көрсетуге болады.
«Қобыланды батыр» жырына арналған сын мақаласында Ә. Бөкейханов оны Тоқтамыстың тоғыз батырының бірі ретінде атап, XIV ғасырда өмір сүрген деп мөлшерлеген. Эпостық жырдың арқауында ежелгі ру - тайпалар тарихы жатады деген ойды М. Әуезов еңбектерінен де аңғарамыз. Эпос ноғайлы, қыпшақ, қырғыздар бір ел болып жүрген кездері туған деген ғалым халықтық топонимияға сүйеніп, Қобыландыны тарихта болған адам деп біледі. Жалпы қазақ эпосындағы батырлар тұлғасына келгенде М.Әуезов олардың бәрі «Ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да - анық тарихи оқиғаларға негізделген ал басты -басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар».
Қазақ халқының эпикалық шығармаларының ішіндегі жақсы үлгілерінің бірі келесі жыр - ^ Алпамыс туралы жыр қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарында бар.
«Алпамыс» жырының қазақша нұсқаларында ХҮІ-ХҮШ ғасырлардағы азаттық идеясы - қалмақ хандарымен күресу, олардың шабуылынан қорғану идеясы пайда болады. XVIII ғасырда, эсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда жыр бірқатар жаңа идеялармен толыға түседі. Бүл кезеңде шыққан жырды ру басының өз жерлестеріне, туған халқына зорлық-зомбылық жасауына, олардың бейбіт елді жаулап алуына қарсылық күшейе түседі. Сондықтан да «Алпамыс» жырында Қоңырат руының билігін қолына алған Ұлтан мен Алпамыс арасындағы тартыс тақырыбы терең суреттеледі. Бұл дәуірде ислам дінінің халық санасына ықпалын тигізу нәтижесінде «Алпамыс» жырында діншілдік идеялар көріне бастайды.
Ал, Қамбар ноғайлы жұртын қорғайды. Қалмақ ханының әскерімен соғысып, оларды жеңеді. Жырда жағымды образдардан: Қамбар, Назым, Алшыораз, жағымсыз кеіпкерлердің калмақтың ханы Мақтым жырланады.
Басқа жырларға қарағанда, «Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп емес. Ел аузында айтылып жүрген «Тарғын» жырының оқиғасы жағынан ең толығы да, мазмұны, көркемдігі жағынан ең құндысы да Н.И.Ильминский бастырған нұсқа.
№ 15Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ауызша дәстүрлі: ұғымы және тәпсілеу мәселесі .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрі туралы түсінік беру .
Дамытушылық: Оқушыларды – Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрі және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу жағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер көбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, көпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сөздерді де қамтиды. Ауызша дәстүрдің әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса құнды мағлұматтардың тарихи өткен шақты қайта қалпына келтіру мүкіндігі шексіз.
Жоғарыда аттары аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының өткен жолын жазуға Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше отаршылдық жағдайымыз, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар көзі шежіре «кертартпа –клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды. Күні бүгінге дейін Қазақстан тарих ғылымында Шежіренің теориялық-методологиялық мәселелеріне арналған зерттеулер жоқ. Алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптар игермек ниет, насаб-нама, яғни ата тарату сызба-схемаларын ғана бар. Осы себепті қазақ шежіресінің шынайы мәнін түсінуге, өзіне дейін және өз кезеңінде пайда болған сан қилы ғылыми тұжырымдарды қорытындылап, шежіретануға қажетті ұғымдар мен терминдерді жүйелі түрде қалыптастыруға күш салған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі ерекше.
Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар көз ретінде қолдану талпыныстары ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл әрекеттер өз кезегінде тарихтың осыған дейін даму нәтижелеріне сүйенді, тарих қашанда жеке ғылым саласы ретінде тарихи аңыздарды, эпикалық немесе лиро-эпостық жырларды, мифтер мен әртүрлі әңгімелерді белсене пайдалануға негізделді. Бұған көз жеткізу үшін Геродоттың «Тоғыз кітапты тарихын» немесе антика дәуірінің кез келген тарихшысының еңбектерін ашып көрсек жеткілікті. Бұл дәстүр антика әлемімен және оған көршілес региондармен шектелмейді. Шығыстың ерте тарихнамасы да ауызша тарихи дәстүрді пайдалануға құрылды. Алайда уақыт өте келе жазба деректер көбейді де батыс тарихшылары жазба деректерге негізделмеген тарихи зерттеулердің шынайылығына күмән келтіре бастады. Бұл көзқарастар Африка тарихын ауызша деректер арқылы жазбақ болған ғалымдардың еңбектеріне қатысты айтылған ағылшын зертеушісі Хью Тревор-Ропердің: «Мүмкін, болашақта әйтеуір бір Африка тарихы жазылар... Қазір ол жоқ, тек еуропалықтардың Африкадағы тарихы ғана бар. Одан басқасы қараңғылық..., ал қараңғылық тарихтың пәні болып табылмайды» деген пікірінен анық сезіледі.
Ауызша дәстүр қазіргі тарихнамаға тән оқиғаларға таңылу, эмпиризм гегемониясы және бір жазылғанды екінші рет көшіру сияқты қағидаларын тіпті де ескермейді. Оқиға және факт –қазіргі тарих ғылымы бірнеше жүз жыл өз жұмысына пайдаланып келе жатқан құрылыс материалдары. Алайда еуропалық ғылым өзінің аяғындағы шідерден құтылуға тырысатыны байқалады. М.Блок бір еңбегінде «Мәселе Исаның (Иисус пайғамбар-Ж.А.) креске керіп шегеленгенінің болған болмағанын, одан кейін қайта тірілуін анықтау емес. Бізге маңыздысы біздің жан-жағымыздағы осыншама адамның керу мен тірілуге қалайша сенетінін түсіну» .
Еуропа ғалымдарының ауызша тарихқа бет бұруы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1948 жылы Америка Құрама штаттарында Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс сейсмологиялық және теңіз геодезиялық жұмыстарының негізін салушы пионерлердің өмірін зертеуге арналған «Ауызша тарих проектін» ұйымдастырды. Ауызша тарих зерттеу әдістерін әлеуметтік және жеке бас қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіруге қолдану ауызша тарих табиғатының ыңғайлылығына байланысты. Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, ал кез келген қоғамның өмірі қызықты, бұл жолдың негізгі қағидалары да осында. Қазіргі ауызша тарих ілімінің негізін салушылардың бірі Пол Томпсон атап көрсеткендей «қоғам мен тарих арасындағы қарым-қатынас кез келген жағдайда бір жақты болмауы керек, бұл дегеніңіз үздіксіз айырбас, ақпаратпен оны тәпсірлеу, оқытушы мен аудитория арасындағы өзара диалектикалық байланыс »
Соныменен, еуропалық ғылым өткен тарихты қайта қалпына келтіру үшін ауызша дәстүрге байсалдылықпен бет қойды. Бүгінгі күні ең күрделі зерттеулер мына сұрақтардың маңында өрістеуде: а) ауызша дәстүр қоғамдағы әр қилы идеологиялық, сонымен бірге ресми мәселелерді қаншалықты көрсете алады, ә) ауызша тарихи дәстүрге тән қарапайым циклдық, жабықтықты қазіргі күні барлығымыз қабылдаған бір түзудің бойындағы жылсанаумен қалай қабат қарастыруға болады, б) кей кейде өте көне заманның тарихи шындығына негізделген ауызша тарихи дәстүрге тән аңыздық (әфсана-жыр) тәпсірлеу қосымша дәлелдемелерді керек етеді, егер ол заман туралы біздің қолымызда аңыз ғана болса, біз басқа дәлелді қайдан таппақпыз ? Алайда, осы сияқты сұрақтарды тарихтың жазбаша негізделген дәстүрлері де қояды.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар көз ретінде қолдану талпыныстары қай ғасырда?
IV. Қорытындылау
№ 16 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихындағы би- шешендер мұрасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен нысандарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа
баулу,шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке,өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу, баяндау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс - тіршілік болмысын, ел - жұрт арасындағы қарым - қатынас, ел басынан өткен қилы - қилы кезеңдерді, жақсы - жаман жағдаяттарды ой - сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс - тіршілігі қазақ көкірегінен жыр - дастан, өлең - ән, ертегі - аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын - сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан - ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ - табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші - жыршыларды айрықша көтермелеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған.
Бұрын соты, қаралаушысы мен ақтаушысы жоқ заманда ел ішіндегі жер, жесір, құн дауы, екі ел арасындағы үлкен дау - жанжалдарды да билер екі - ақ ауыз сөзбен орнықты кесімін айтып, әділ шешіп отырған. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң - мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер - заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер.
Қазақтар ықылым заманнан – ақ шешендікті өнердің ең биік сатысы деп жоғары бағалаған. Өйткені, шешендік сөздер - өнердің шыңы ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс - тіршілігінде аса маңызды роль атқарған.
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ділмарлар ата - бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл - ойдың дариясы, қасиетті ата - бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан - ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII - XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV - XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV - XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV - XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең - жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал - мәтелдердің орны ерекше.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М. Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым - лингвист А. Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден - бірге жатталып, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешендік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме - дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән - мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай - ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын - жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.
№ 17 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендік өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының шешендік өнері таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа
баулу,шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік:
Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих және қазақ әдебиет
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген.Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
…Көш бастау қиын емес –Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын –Шешімін таппас дау бар, –деп дұрыс аңғартады.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
№ 18 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, түсінік беру.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері - атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.
Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен - би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан - саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен - билердің) атынан айтады. Осындай әдеби - халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.
Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел - жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен - кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан - жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы - қырлы мінез - құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым - білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.
Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”, “Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде – ақ білген.
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов болса, 30 - жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.
Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдеби мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:
1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау - жанжалдардың бітімін екі – ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай - ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет - дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма - қол туып айтылатын, суырып салма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан - ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тыңдаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр. Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3-ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
Шешендік арнау - қоғам мен заман өміріне байланысты өлеңдер, бата, тілек жатады.
Шешендік толғау - қоғамды суреттейтін өлеңдер.
Шешендік даудың түрлері: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы, құл дауы.
Шешендік сөздер
(композициялық құрылымы жағынан)
1. Термелі сөз 2. Пернелі сөз қара
өлеңмен жазылады. сөзбен жазылады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) «Жиренше шешен», «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» әңгімелерін мәнерлеп рөлге бөліп оқу.
ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ…
3. Мәтінді нақышына келтіре мәнерлеп оқу.
4. Ойтолғау жазу.
«Тарихта із қалдырған тұлғалар»
5. Қазыбек бидің толғауымен Әйтеке бидің сөздерінен астарынан нені аңғаруға болады?
б) Сұрақтарға жауап беру.
V. Үй тапсырмасын беру:
1. Шешендік сөздер
2. Жиренше шешен
3. Төле би.
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
№ 19 Сабақ Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тапқанға қола жоқ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін арасында насихаттау және күнделікті өмірде пайдалана білуге жетілдіру, шешендік өнерге жастарды дағдыландыру .
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа
баулу,шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Сайыс жеті кезеңнен тұрады:
1. Топтың атын, ұранын қорғау (2мин)
2."Мақал - сөздің мәйегі" (Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын мақал - мәтелдер
жарысы (3мин)
3."Деген екен" (Билер, шешендер, әйгілі өнер, білім қайраткерлері, ақын - жазушылардың
ұткыр ой, ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу (3мин)
4."Мықты болсаң - тауып көр". Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендеріңді
байқаймыз, әр дұрыс жауап 10ұпай болып есептеледі (3мин)
Топ 6 адамнан құралады.
5."Жүйрік болсаң – шауып көр"кестедегі сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру, мағынасын
түсіндіру (3мин)
6."Ойлы болсаң - озып көр"көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын ашу.
Әр топтың жауаптарынан қазылар алқасы 5 ұпайлық жүйемен бағалайды Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады және марапатталады.
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Балтабай Адамбаев, Шешендік сөздер, А., 1990: Абат Кыдыршаев. Шешендіктану. Орал, 2004.
1 - жүргізуші:- Құрметті оқушылар мен ұстаздар, тілдер мерекесіне арналған "Сөз тапқанға қолқа жоқ" атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 6 - сынып оқушылары мен пән мұғалімдері. сынып жетекшілері қатысып отыр.
2 - жүргізуші:- Сайыскерлердің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып марапатталады.
1 - жүргізуші:- Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Әр топ өздерінің атын және топтың ұранын қорғайды.
2 - жүргізуші:- Қазақ -"сөз қадірі - өз қадірім",- деп білген халық. Қазақ тілі - сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды. Асыл мұра - сарқылмас ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің байлығының бірі - мақал - мәтелдер. Олай болса, мақал - мәтелдер
№ 20 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың шешендік өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың шешендік өнерін таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа
баулу,шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкеге, жерге деген құрметтерін,
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Қазақстан тарихы
Пәнаралық байланыс: шығармашылық ізденіс.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
IV. Қорытындылау
№ 21 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Досбол ауылдық аймағына кіретін ауылдармен,
халық және отбасы сандарымен және ауылдың
нысандарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа
баулу,шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Тарихи құнды мұраларымызды құрметтеуге ,өнерді
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Достарыңызбен бөлісу: |