ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедрасы
Кафедрадан практика жетекшісі
Мизамова К.И.
«_____»______________2022 ж.
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША
ЕСЕП БЕРУ
«5В070200» – Автоматтандыру және басқару мамандығының
студенті
Туймебаев Алмаз Медетович
Практика өту орны: «РААФ-инжиниринг» ЖШС
Адресі: БҚО, Орал қаласы
Практика өту уақыты: «23» мамыр 2022 ж. мен «25» маусым 2022 ж. аралығы
Практика қорғау бағасы:_______ «____»_________2022ж.
Нұр-Сұлтан - 2021
Мазмұны
I Кіріспе
1. Мекеменің сипаттамасы....................................................................................3
II Негізгі бөлім
2. Ыстық су және жылумен қамтамасыз ету жүйесі.......................................................................................................................4
3.ТП БЖА-ның төмеңгі деңгейіндегі қуатты тарату электр шкафы.....................................................................................................................11
III Қорытынды.....................................................................................................17
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................18
Кіріспе
Тәжірибе жүзінде өндірістік жұмыс көлемімен танысу және белгілі мақсатта қызмет көрсету студенттің білімі мен тәжірибесін одан әрі шыңдай түседі. Инженерлік дағдылар мен ақпараттық технологиялардың тоғысқан ортасында жұмыс істеу маңызды спецификалық және психологиялық дайындықты қажет етеді. Тұрақты тәжірибе жинау арқылы маман қиындық тудыратын тапсырмалар мен міндеттерді шешіп орындауға мүмкіншілігі артады. Сондықтан қандай да бір түрдегі, қызметтегі кәсіпорынды игеру үшін студенттің өндірістік практикадан өтуі маңызды және алдағы уақытта қызметтік бағыт таңдауға әсері тиетін фактор болып табылады.
Мен, АБ-29 тобының студенті Туймебаев Алмаз Медетович өндірістік практиканы «РААФ-инжиниринг» ЖШС мекемесінде өттім. 32 күн болған өндірістік практика 23.05.2022 – 26.06.2022 уақыт мерзімі аралығында өтілді. Өндірістік практиканы өтудегі негізгі мақсатым осы уақытқа дейін алған білімімді тәжірибе жүзінде қолдану және одан әрі жетілдіру, кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерімен, құрылымы мен қызметті ұйымдастыруымен танысу болып табылды. Сонымен қатар кәсіпорынның техникалық жабдықтарымен танысып, мамандардың қызметтік міндеттерін меңгеру, кәсіпорынның ақпараттық және компьютерлік технологияларын зерттеу, қолданыстағы бағдарламалармен танысу болып табылады. Басқа еншілес мекемелермен байланысын білу және де басқа қалалармен байланыс тарату мақсатында қарым қатынасымен танысу, кәсіпорынның қауіпсіздік ережесінің ерекшеліктерін білісу зейінімді кеңейтуге бағытталған мақсатыма айналды. Бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, инженерлік дағдыларды жетілдіру де маңызды орын алады. Сондықтан электротехника ортасында тәжірибе жүзінде білімді кеңейтуге күш салдым.
Мақсатым: теориялық және тәжірибелік білімімді ұштастыру. Студенттік міндетімді дұрыс атқару және жүктелген тапсырмаларды орындау. Кәсіпорынның жалпы ережесін және қауіпсіздік ережесін сақтау. Компьютерлік, техникалық қолдау мен бағдарламалық қамтамасыз ету мен сүйемелдеу жүргізу. Жұмыс процесін бақылап қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |