Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет50/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
Реформалар үшiншi кезеңі (1995-1997): 
Үшiншi  кезеңде  макроэкономиканы  тұрақтандыру  бағдарламасы 
қабылданды,  ол  қатаң  шектеу  арқылы  инфляцияны  төмендетудi  көздедi. 
Тұрақтандыру  бағдарламасы  мынадай  мақсаттарды  алға  қойды:  нарықтық 
экономикалық  институттары  мен  инфрақұрылымды  дамыту;  халықаралық 
стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және 
сақтандыру  компанияларын,  биржалар  мен  аудиторлық  фирмалар  құру;  қатаң 
ақша-несие  және  тиімді  бюджет-салық  саясатын  жүргiзу;  ұлттық  валюта 
бағамының  тұрақтылығына  қол  жеткiзу;  атаулы  жалақыны  шектеу;  берiлетiн 
несиелердi  шектеу  және  ақша  қорының  қатаң  көлемiн  (11722  млн.  теңгеден 
аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер 
мен  нарықтық  құрылымдарды  дамыту  үшiн  жағдай  жасалды.  Қолданылған 
шаралардың  нәтижесiнде  1996  жылы  теңгенiң  валюталық  бағамы  тұрақтанды 
(1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 
теңге),  бюджет  тапшылығы  азайды,  өнеркәсiптiң  сыртқа  шығаруға 
бағдарланған  бiрқатар  салаларында  өндiрiс  жанданды.  әлеуметтік  саладағы 
қаржы-экономикалық  реформалар  қаржы  жүгiн  республикалық  бюджеттен 
жергiлiктi  бюджетке  беру,  көрсетiлетiн  әлеуметтік  қызметтердiң  сапасын 
арттыру,  әлеуметтік  сала  мекемелерiнiң  қызметiне  жаңа  экономикалық 
бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс 
көздерi  мен  көлемдерiн  ұлғайту  бағытында  оңды  өзгерістер  мен 
жаңашылдықтар орнықты.  
Қаржы  қорларын  шектеу  жағдайында  негiзгi  қаржы-экономикалық 
өзгертулер  аралас  қаржыландырудың  жаңа  үлгiсiне  көшу  негiзiнде 
қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен 
тұрақты қаржы бөлу, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi 
көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1997 ж. бұрынғы 
үш жылғы көлеммен салыстырғанда 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейген. 
1997  жылдың  бас  кезiндегi  экономиканың  жай-күйiн  мынадай  факторлармен 
сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы еркін 


жіберілдә  немесе  ырықтандырылды,  негiзгi  заңдық  актiлер  өзгертiлдi,  олар 
реформаларды  жүргiзуге  мұрындық  болды,  сыртқы  экономикалық  қызмет 
ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы енгізілді, 
меншiктi  қаржы  рыногi  құрылды,  банк  жүйесi  жаңғыртылды,  оның 
инфрақұрылымы  дамытылды;  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  рыногi  орнықты, 
мемлекеттік меншiктi жекешелендiру жедел қарқын алып көлемі ұлғайды.  
Алайда,  қатаң  ақша-несие,  бюджет-салық  саясатының  экономикалық 
тұрғыдан  тиiмдi  нәтижелерiне  қарамастан  бұл  кезеңде  халықтың  әлеуметтік-
демографиялық  ахуалы  күрт  нашарлады:  халықтың  өсiп-өну  деңгейi  кемiдi; 
өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм  сапасы мен деңгейі тарылды; азаматтардың 
материалдық әл-ауқаты құлдырады: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну 
қоржынының  ең  төмен  деңгейiне  түсіп  күн-көрiс  қажеттерiн  қанағаттандыра 
алмады,  жұмыссыздық  деңгейi  екi  есеге  жуық  өскен.  Бұл  кезеңде  бұрынғы 
әлеуметтік  саясат  қағидаларын  өзгерту  қажеттiгi  туды:  халықты  әлеуметтік 
қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы 
мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды.  
Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерiне келетін болсақ: 
біріншіден,
 
елде  тұрақты  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  сақталды; 
екіншіден
,  ұлттық  ақша  бiрлiгi  енгiзiлдi  және  дербес  ұлттық  ақша  саясатын 
жүргiзу мүмкiндiгi туды; 
үшіншісі,
  сауда  рыногi  тұтыну  тауарларымен  толыса 
түстi; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет