Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет62/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
Біріншісі,
  Президентті  бүкіл  халықтың  сайлауы,  бүтіндей  алғанда,  саяси 
жүйенің  демократиялық  легитимділігін  көрсетеді,  өйткені,  Президент  қызметі  
қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді. 
Екіншісі
,  билік  тармақтарының  аражігінің  анықталып,  президенттік 
институттың  қызметі  демократиялық  саяси  жүйедегі  әртүрлі  шектеулер  мен 
өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді. 


Үшіншісі
,  бүкілхалықтық  сайлау  арқылы  сайлаушылар  саяси  жүйенің 
бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар 
мен  басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады. 
Өткен  мерзімде  жаңадан  қалыптасқан,  кеңестік  жүйеде  болмаған  
биліктің  маңызды  тармағы-қос  палатадан  құралған  мемлекеттің  заң  шығару 
қызметін  іске  асыруға  құзырлы  Республиканың  ең  жоғары  өкілді  органы  қос 
палаталы Парламент болды.  
Қазақстанның  кәсіби  парламентаризмге  келер  жолы  күрделі  де 
қайшылықты,  саяси  шиеленісті,  бұралаңды    болғанын  ескерген  жөн.  Осы  
тартысы көп, қиын жолда бұрынғы Конституциялар бойынша (1978 және 1993 
ж.) сайланған Республика Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылы сайланған он екінші, 
1994  жылы  сайланған  он  үшінші  құрамдары  саяси  себептерден  өкілділік 
мерзімі  аяқталмай,
 
уақытынан  бұрын  таратылды.  Соңғы  құрамы  бір  жылдай 
ғана  жұмыс  істеді.  Елімізде  парламенттік  демократия,  парламентаризм 
көптеген  қиындықтармен,  саяси  тартыспен,  қайшылықтар  арқылы,  біртіндеп 
қалыптасқан. 
Ел  Парламентінің  1995  жылғы  Конституция  және  «Қазақстан 
Республикасы  Парламенті  және  оның  депутаттарының  мәртебесі  туралы» 
конституциялық  Заңының  негізінде  тарихи  өлшем  тұрғысынан  бағалайтын 
болсақ  қысқа  уақыт    ішіндегі  белсенді  заң  шығарушылық,    өкілді  және  саяси 
қызметінен  белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық  төмендегідей қорытынды 
тұжырымдар шығаруға болады:     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет