қатынастардың тұрақтылығы мен беріктігін және экономикалық
интеграцияның одан әрі өрістеп жатқанын көрсетті. Жапония мемлекетімен
инвестициялық
және
технологиялық
ынтымақтастықтың
көкжиегін
жандандырып кеңейтіп келеді. Осы екі ел арасындағы шарт бойынша бұйырса
Республикаға тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер
шығаратын болады.
Ширек ғасырлы тәуелсіз тарихтағы қол жеткен биіктің бірі республикаға
халықаралық қаржы институттарының жоғары сенімі болып табылады.
Тарихымыздың осындай тағдырлы кезеңінде еліміздегі реформаларды қолдай
отырып осындай алып мемлекеттер 9 миллиард доллар көлеміндегі қаржыға
жеткізуімізге жол ашты. Еуропалық Одақпен тереңдетілген әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Әлемдік қоғамдастықпен
ядролық қарусыз әлем үшін, содырлық пен экстремизмге қарсы күресте бір
жағадан бас шығарып келеміз деп бағалауға тұрарлық. Қазақстан кез келген
жанжалдардың бейбіт жолмен шешілуін қалады және осы үшін қолынан
келгеннің бәрін іске асырды. Дүниежүзінде республика бастаған көпсалалы
реформалар,
Достарыңызбен бөлісу: