Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет125/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Байланысты:
ktj 20593

 
ТІРКЕМЕЛЕР
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ 
 
  
Қазақстан  Республикасының  кейбір  конституциялық  заңдарына 
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы  
1-бап. 
Қазақстан  Республикасының  мына  конституциялық  заңдарына  
толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
 
        1.  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  1995  жылғы                      
28  қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  заңына 
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №17-18, 114-
құжат;  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  1997  ж.,  №12,  192-
құжат;  1998  ж.,  №7-8,  71-құжат;  №22,  290-құжат;  1999  ж.,  №10,  340-құжат; 
№15, 593-құжат; 2004 ж., №7, 45-құжат; 2005 ж., №7-8, 17-құжат; 2006 ж., №23, 
138-құжат;  2007  ж.,  №12,  85-құжат; 2009  ж., №2-3,  5-құжат; 2010 ж., №11, 55-
құжат): 
1) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын: 
«51-1-бап. Республика Президентінің  кезектен тыс сайлауы 
1.  Президенттің  кезектен  тыс  сайлауы  Республика  Президентінің  шешімімен 
тағайындалады және  тағайындалған күнінен  бастап екі ай ішінде өткізіледі. 
2. Кезектен тыс сайлаудан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы бес жыл өткен 
соң осы Конституциялық заңда белгіленген мерзімде жарияланады»; 
2) мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толықтырылсын: 
«66-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу 
Президенттің  кезектен  тыс  сайлауы  осы  Конституциялық  заңда  Президенттің 
кезекті  сайлауы  үшін  белгіленген  қағидаларға  сәйкес  өткізіледі.  Сайлау  іс-
шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.». 
2.  «Қазақстан  Республикасының  Президенті  туралы»  1995  жылғы  26 
желтоқсандағы 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциялық 
заңына 
(Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  Жаршысы,  1995  ж.,  №24,    172-
құжат;  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  1999  ж.,  №10,  343-
құжат;  2006  ж.,  №23,  137-құжат;  2007  ж.,  №12,  82-құжат;  2010  ж.,  №11,  55-
құжат): 
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі. 
Президент  кезектен  тыс  сайлауда  сайланған  жағдайда  не Конституцияның 48-
бабында  көзделген  жағдайда  Президент  өкілеттігін  қабылдағанда,  ант  беру 
президенттік  сайлау  қорытындысы  жарияланған  не  Республика  Президентінің 
өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда 
ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. 
Ант  беру  салтанатты  жағдайда  Парламент  депутаттарының,  Конституциялық 
Кеңес  мүшелерінің,  Жоғарғы  Сот  судьяларының,  сондай-ақ  Республиканың 
барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен өткізіледі»; 
2) 4-бапта: 


1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
«1-1.  Кезектен  тыс  сайлауда  сайланған  Республика  Президентінің  өкілеттігі 
кезектен  тыс  сайлаудан  кейін  бес  жылдан  соң  желтоқсанның  бірінші 
жексенбісінде  өткізілуге  тиіс  кезекті  сайлауда  сайланған  Республика 
Президенті  лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады». 
 2-бап.  Осы  Конституциялық  заң  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап 
қолданысқа енгізіледі. 
Бес бағытты реформа БАҒДАРЛАМАСЫ 
«Нұр  Отанның»  осы  съезінің  және  бір  ерекшелігі  мұнда  Мемлекет 
басшысы  сайлауға  кандидат  ретінде  ұсынылып  қана  қоймай,  осы  науқанда 
айтылатын,  болашаққа  бағдарланатын  бағдарламалық  сөзін  де  жариялап 
үлгерді.  Айта  кетерлігі,  бұған  дейінгі  сайлау  2011  жылы  өткен  болса,  оның 
барысында  Елбасы  алға  қойған  міндеттердің  барлығы  4  жылдың  ішінде 
еңсерілген болатын. Ендігі кезекте Елбасы бес бірдей реформаны алға тартып, 
оның  халықтық  мәні  зор  екеніне  назар  бұрып  отыр.  Шындығында,  Қазақстан 
Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  әкімшілік 
реформалардың  ауқымды  жолын  еңсергені  белгілі.  Алайда,  Елбасы  айтпақшы 
жетістікке  желігіп,  тоқмейілсіп  тоқтап  қалуға  болмайды.  Ұсынылған 
реформалар да осы ілгері жылжудың өзегі. Ал бұл реформаларға келсек: 
Бірінші реформа – экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын 
және  мемлекеттік  қызметтерді  сапалы  ұсынуды  қамтамасыз  ететін  заманауи, 
кәсіби  және  автономды  мемлекеттік  аппаратты  қалыптастыру.  Осы  тұста  айта 
кетерлігі, бұл бағытта біраз іс тындырылды. «А» және «Б» корпустары түзілді. 
Ең ақыры мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі де қалыптасты. Алайда, 
осы  бағытта  әлі  де  бола  олқылықтар  баршылық.  Мұны  Елбасы  былайша 
түсіндіреді:  «Бүгінде  әкімшілік  мемлекеттік  қызметтің  саяси  деңгейге  тәуелді 
екендігін  байқамау  мүмкін  емес.  Бұл  тіпті  ешқандай  саясатсыз-ақ  кәсіби 
басқаруды  қажет  ететін  жағдайлардың  өзінде  шешім  қабылдауды 
саясиландырады. Мемлекеттік аппаратта белгілі бір сүйеуші тұлға айналасында 
командалар  қалыптасады.  Мұндай  патронат  сыбайлас  жемқорлық  үшін 
жағдайлар  туғызады,  «бармақ  басты,  көз  қыстыға»  шарт  түзеді,  кадрлық 
әлеуетті  төмендетеді.  Бұл  ретте  мемлекеттік  қызмет  жалақысының  төмендігі 
кесірінен тартымдылығы аз сектор болып қалуда. Мемлекеттік қызметшілердің 
мансап сатысымен өсуінің нақты перспективасының жоқтығы жиі кездеседі. Ал 
қызметте жоғарылауы әлгі сүйеуші тұлғаларға байланысты болады». 
Осыған  орай,  Президент  алдағы  маңызды  міндет  –  мемлекеттік 
қызметшілер  корпусын  кәсіби  және  автономды  ету  екенін  алға  тартты.  Бұл 
ретте  Елбасы  сайлау  секілді  саяси  оқиғалардың,  министрлердің,  әкімдердің 
және  басқа  басшылардың  ауысуы  әкімшілік  мемлекеттік  қызметшілердің 
жұмысына  ықпал  етпеуі  керектігін  алға  тартты.  Сосын  мемлекеттік  қызметте 
әрбір  басшы  төменнен  бастап,  барлық  басқарушылық  сатыларын  басып  өтуі 
тиіс. 
Осы  реформа  аясында  айтылған  және  бір  жаңалық  –  мемлекеттік 
қызметшілердің  еңбекақысын  төлеудің  жаңа  жүйесі  енгізу.  Елбасы  бұл  ретте 


жалақыны  шенеуніктің,  мемелкеттік  қызметкердің  еңбек  өнімділігіне, 
басқарушылық  үдеріске  қосқан  үлесіне  байланысты  төленуі  тиістігін  алға 
тартып  отыр.  Яғни,  әрбір  жылдың  қорытындысына  сәйкес,  саяси 
қызметшілерге 
қызметінің 
нәтижелеріне 
және 
экономикада 
жеткен 
табыстарына  қарай  бонустар,  ал  әкімшілік  қызметшілерге  сыйақы  төлеу 
мәселесі қарастырылуы керек. 
Бұдан  бөлек,  Елбасы  жұртшылық  арасында  дарынды  адамдарды  тауып, 
мемлекеттік  қызметке  тарту  туралы  міндетті  де  жүктеді.  Ал  осы  істе 
азаматтардың  тілді  білмеуі  де,  өзге  елдің  азаматтығы  да  кедергі  болмайды. 
«Мемлекетке  қызмет  –  біздің  қоғамымыздың  бірлігін  нығайту  үшін  қажетті 
негіз  болуға  тиіс.  Мемлекеттік  қызмет  –  әділетті  қазақстандық  қоғамның 
прототипіне  айналғаны  абзал.  Онда  этникалық  тегіне  қарамастан,  өз  қабілет-
әлеуеттерін  толық  жүзеге  асыруда  барлық  азаматтарға  бірдей  мүмкіндіктер 
ұсынылуы қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Екінші реформа – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы арқылы меншік 
құқығына кепілдік беру, соттардың тәуелсiздiгi арқылы экономиканың дамуына 
ықпал  ететiн  меншiк  иесi  құқығын  сақталады,  кәсiпкерлiк  үшiн  жағдай 
жасалып,  келiсiм  мiндеттерiн  қорғауға  кепiлдiк  беріледі.  Бұл  ретте  Елбасы 
судьяларды  таңдау,  оларға  қойылатын  кәсiби  бiлiктiлiк  талаптары  –  сот 
жүйесiнiң әлсiз тұстары екендiгiн атап өттi. Мемлекет басшысының айтуынша, 
судьялар жабық корпорацияға айналмауы тиiс керiсiнше, қоғамға ашық болуы 
керек.  Бұл  ретте  Елбасы  ашық  болу  мәселесін  судьялар  қатарындағы 
коррупцияға  қарсы  дәрімен  теңеді.  «Судьялар  сот  жүйесiнде  кемiнде  5  жыл 
iстеген  болуы  қажет.  Олар  қатаң  iрiктеуден  өтуi  шарт  және  аз  дегенде  1  жыл 
тәжiрибеден  өтуi  қажет.  Жаңадан  алынған  судьялар  бiр  жыл  тәжiрибелiк 
мерзiмде  болуы  тиiс  және  оқудан  соң  сынақ  тапсырып,  ең  мықты  дегендерi 
қызметке алынуы қажет», - дедi Елбасы. 
Реформаның  үшінші  бағыты  –  экономиканы  әртараптандыруға 
негізделген  индустрияландыру  және  экономикалық  өсім.  Бұған  қатысты 
Президент индустрияландыру мен өңдеуші сектордың әлі күнге экономикалық 
өсімнің  нағыз  драйверлеріне  айналмай  отырғанын  алға  тартып,  мұның 
байыбына терең баруды Үкіметке ескертті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 
ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауда олқылықтар орын алып отырғанын 
тілге тиек етті. «Аграрлық секторға бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде, олар 
қосымша  құны  төмен  өнімдердің  өндірісін  субсидиялауға  жұмсалып  жатыр. 
Ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілеріне  түсетін  салықтық  жүктеме 
жоққа  тән.  Алайда,  жаңа  кешенді  бағдарлама  негізінде  ауыл  шаруашылығы 
шикізатын  өңдеу  секторы  дамымай  отыр.  Осы  тұрғыда  өңдеу  саласында 
трансұлттық  компаниялардың  қатысуымен  шамамен  10  ірі  жобаны  жүзеге 
асыруға кірісуіміз керек», - деді Н. Назарбаев. 
Төртінші  реформа  –  бірыңғай  болашақ  ұлтын  қалыптастыру. 
Шындығында,  бүгінгідей  аласапыран  заманда  қоғамда  саяси  тұрақтылық  пен 
қоғамдық  келісімді  сақтау  саясаты  мейлінше  маңызды.  Бұл  жолда 
Қазақстанның  қалыптасқан  өзіндік  үлгісі  де  баршылық.  Бірқатар  ұлт  өкілдері 
Қазақстанның  ортақ  шаңырағы  астында  бас  қосып,  бүкіл  әлем  үшін  ынтымақ 


пен  берекенің  үлгісіне  айналды.  Қазақстан  бейбітшіліктің  ордасы  ретінде 
әлемге кеңінен таныла бастады. Міне, осыны одан сайын берік ете түсу керек. 
Елбасы  да  қазақстандық  бірыңғайлылықты  ары  қарай  нығайту  туралы 
айтқанда,  бұны  азаматтық  қағидатқа  негіздеудің  қажеттілігін  алға  тартты. 
«Барлық  азаматтар  құқықтың  бірдей  көлемін  пайдаланатын,  бірдей 
жауапкершілік  жүгін  арқалайтын  және  тең  мүмкіндіктерді  иеленетін  болады. 
Азаматтық  теңдік,  еңбексүйгіштік,  адалдық,  ғұламалық  және  білімпаздық 
культі,  зайырлы  ел  –  толерантты  ел,  міне,  Мәңгілік  ел  идеясы  базасындағы 
топтастырушы  құндылықтар  осы.  Бұл  жағдайда  азаматтық  –  орнықты  және 
табысты  мемлекеттің  ең  сенімді  іргетасына  айналады»,  -  деді  Мемлекет 
басшысы. 
Реформаның бесіншісі – транспарентті және есепті мемлекет. Бұл бағытта 
Елбасы  қазақстандық  қоғамның  өзгерістерге  кезең-кезеңмен  бейімделіп 
жатқандығын айтты.  «Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, қуатты 
мемлекет  қалыптастырып,  либералды  дамыған  қоғам  құру  үшін  елдің  40-50 
жылды  қамтитын  тұрақты  алға  жылжуы  қажет.  Біз  де  соған  бара  жатырмыз. 
Мен  ұсынған  шаралар  Қазақстандағы  қоғамдық  қатынастар  жүйесін  түбегейлі 
өзгертеді»,  -  деді  Мемлекет  басшысы.  Елбасының  пайымынша,  көптеген 
елдердің  тәжірибесі  көрсеткеніндей,  «алдымен  –  күшті  мемлекет  пен 
экономика, сосын – саясат» қағидатының бұзылуы апаттарға соқтырып жатыр. 
Тұтастай  алғанда  Елбасы  ұсынған  бес  институционалдық  реформа  ел 
бірлігін  бекемдеп,  тұрақтылықты  нығыздай  түспек.  Өйткені,  әлемнің  барлық 
табысты  деген  мемлекеттерінің  өзі  осындай  жолдарды  еңсеріп  өткен. 
Сондықтан да Мемлекет басшысы мұндай реформаның әрқайсысы еліміз үшін 
орасан  зор  тәуекел  екенін  алға  тартады.  Соған  орай,  Елбасы  ҚР  Президенті 
жанынан  бес  бағыттағы  реформамен  түбегейлі  айналысатын  Модернизация 
жөніндегі ұлттық комиссия құруды ұсынды. 
Сөз арасында Мемлекет басшысы алдағы сайлау науқанына да тоқталып 
өтті.  Президент бұл  ретте  сайлау  секілді маңызды саяси үрдістің  Отанымызда 
бейбітшілік  пен  келісімді  нығайтуға,  елдік  бағытты  жалғастыруға  деген 
жалпыхалықтық  ұмтылыс  пен  дәлел  болуы  керектігін  алға  тартты.  Сосын 
мемлекет  басшысы  саяси  мәдениет  мәселесіне  тоқтала  келе,  ондай  мәдениет 
болмаған  елдегі  сайлаудың  салдарын  бірқатар  мемлекеттің  қазіргі  ахуалынан 
бағамдауға болатынын жеткізді. 
«Соңғы  жылдары  кейбір  елдердің  азаматтары  еңбек  етуді  ұмытты. 
Наразылық  шерулері  «сәнге»  айналды.  Адамдар  митингіге  шығуға  күнделікті 
жұмысқа  барғандай  асығатын  болды.  Себебі,  сол  үшін  оларға  арандатушылар 
жалақы  төлейтін  болды,  күн  сайын.  Осының  салдарынан  сайлау  жұртты 
біріктіретін емес, бауырларды бөлетін, ағайынды араздастырып, бір-біріне қару 
кезендіретін  болды.  Көшедегі  қарабайыр  саясатшылық  пен  тек  сайлаудан 
сайлауға дейін өмір сүру ақылды елдің жолы емес. Елге қызмет ету үшін емес, 
мансап үшін билікке ұмтылу абырой әпермейді», - деді Елбасы. 
Осылайша сайлау төңірегіндегі сөздерін сабақтаған Президент Нұрсұлтан 
Назарбаев  Ұлы  Абайдың  сөздерін  де  жұртшылықтың  есіне  салды.  «Абай 
үшінші  қара  сөзінде  былай  дейді:  Үш  жылға  болыс  сайланады.  Әуелгі  жылы 


«сені  біз  сайламадық  па?»  деп  елдің  бұлданғанына  жауап  берумен  күні  өтеді. 
Екінші  жылы  кандидатпен,  келесі  кандидатпен  аңдысып  күні  өтеді.  Үшінші 
жылы  «тағы  да  болыс  болып  қалуға  мүмкіндік  болар  ма  екен?»  деумен  күні 
өтеді. Абай «сонда несі қалды?» дейді. Қандай шындық! Жүз жыл бұрын айтып 
кеткен  шындық»,  -  деді  Нұрсұлтан  Назарбаев.  «Сайлау  құр  әншейін  сайлау 
өткізу  үшін  емес,  елді  бірлікке  шақырып,  жұртты  еңбекке  ұйыту  үшін  болса 
ғанибет. Сондықтан да, мен бұған дейін айтып кеткен төрт мақсатты орындап, 
содан  кейін  саяси  мәселелерге  көшкеніміз  жөн.  Бұл  жолды  да  дүниежүзілік 
тәжірибенің өзі көрсетіп отыр», - деп түйіндеді Елбасы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет