басқа нәрсе. М.Горбачевке осының кейінгісі жетіспеді. Оның алдында
әлденеше мүмкіндік бар еді. Солардың: біріншісі, өзіне мұраға тиген ахуалды
сол күйінде қалдыру еді; екіншісі, қатаң өктемшілікті қайта орнатып,
андроповшылдық бағытты жалғастыру еді; үшіншісі, елді социал-демократия
үлгісімен реформалау еді. Оқиғалар дами келе, және бір жол шықты. Ол –
социализмнің саяси және экономикалық жүйесінен атымен бас тарту. Бірақ ол
аталмыш жолдардың бірінде түбегейлі таңдау жасай алмады. Сөйтіп,
мемлекеттік билік сапарының басында адасып қалған десек артық болмас.
Мемлекет басшысының мұндай әрекеті, әрине, елдегі жалпы жағдайға
әсер етпей қоймайтындығы түсінікті. Әлемдік өркениет тәжірибесі
дәлелдегендей кез келген деңгейдегі басшының өзінің алған беті болуы керек.
Шешімділік танытуы керек. Бұл әсіресе үлкен мемлекет басшысына ауадай
қажет. Ал, М.Горбачев қабырға сағаттың тіліндей әрлі-берлі құйқылжумен
болды. Біреуді тыңдап ап – бір әңгіме айтып, екінші біреуді тыңдап ап – екінші
әңгіме айтты. Дағдарыс үдей түсті. Одан шығар жолды таңдап алатын адам не
істерін білмей аласұрғаннан басқа, ештеңе бітірмеді. Мұндай шешімсіздік,
әлсіздік пен жауапсыздықтың бірден-бір себебі ретінде, өкіметті дағдарысқа
апарып соқтыратынын сол әлемдік билік тәжірибесі талай рет айқындаған еді.
Сол кездегі бұқаралық баспасөз беттерінде, саяси-қоғамдық әдебиеттерде осы
тақырыпқа ондаған сүбелі және өткір материалдар жарияланған еді және
М.Горбачев саяси-қоғамдық жиындарда, пікірсайыс-сұбхаттарда өткір сынға
алынды.
КСРО-ның соңғы басшысы туралы айтқан бұл пікірлерінің де
шынайылық деңгейінің жоғары екендігін, КСРО-ның ыдырауының саяси
себептерінің бірі, сол М.С.Горбачевтың атымен байланысты екендігін еш
қиындықсыз-ақ дәлелдеуге болады. Біріншіден, М.Горбачевты КСРО құлап, ол
биліктен кеткеннен кейін емес, КСРО-ның кезінде, яғни ол кісі билік басында
отырған кезінде сынаған. Екіншіден, М.С.Горбачевтың бастаған “қайта қруы”
және оның немен аяқталғандығы туралы тәжірибелі саясаткер ретінде
Д.А.Қонаевтың: “Мен қайта құруды жақтап, соған алғашқылардың бірі болып
үн қосқан адаммын” дей келе “Қайта құру тұсында “тың ойлар” көп болды.
Соның бәрі ала шапқын, айқай-сүреңмен басталып, арты құмға сіңгендей,
немен аяқталғанын жұрт әлі күнге дейін білмейді”- деген пікір Н.Ә.Назарбаев
пікірінің дұрыстығын көрсетеді. Үшіншіден, М.Горбачевтың жіберген
қателіктерімен қатар, оның атқарған оңды істері туралы да айтып, тұлғаның
саяси-мемлекеттік, рухани-танымдық шараларына объективті бағасын берген
жөн. Солардың ішінде М.С.Горбачевтың бұрынғы кеңес халқының алдында
сіңірген еңбегін ұмытуға болмайтын тағы бір жәй бар. Толып жатқан
кемшіліктері мен қателіктері бола тұрса да, елді қозғалысқа түсірген, «қайта
құру»,
«жаңашаландыру»
бағдарламалары
арқылы
сыңаржақты
дүниетанымдағы тастай сіресіп қалған қоғамды реформалау процесін бастап,
миллиондардың партия өктемдігінсіз өмірдің қалай болатынына көзін ашып
берген адам –
Достарыңызбен бөлісу: