ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет131/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

маңызды (өзекті) парасат 
– бұл заттардың табиғатын тану және 
олардың пішіндерінің өздерінің материалдық негіздерінен оқшаулану 
мүмкіндігі. Таным барысында адамның дерексіз, жалпылама ойлау 
белсенділігі арқылы заттардың пішіндері ойлау қызметінің нысанына 
айнала отырып, дербес болмысқа ие болады.
игерілген парасат
– бұл қоршаған дүниені танып білу барысында 
адам баласының өз жанында жинақтаған білімдерінің жиынтығы.
іс-әрекет парасаты
– бұны әлеует парасаты мен өзекті парасат 
арасындағы өзіндік бір байланыстырушы тармақ деуге болады. Соның 
нәтижесінде әлеует парасаты өзекті парасатқа айналады. Мысалы, 
адамның көзі күн сәулелерінің көмегімен өзінің көру мүмкіндігін 
шынайылыққа айналдырады. Адамның қоршаған дүниені танып білуі 
барысында іс-әрекет парасаты соған шамалас қызмет атқарады.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси және моральдық философиясы 
да жеткілікті дәрежеде негізді болып табылады. Қоғам иерархиялық 
ұйымдастырылған әлемге ұқсас өмір сүреді. Бұл жерде тек Алғашқы 
мәннің орнын халиф – имам басып отыр. Ол өзінің өкімдері, ойлары, 
сезімдері, жан күйзелістері арқылы өзін қоршаған ортаға әсер етеді, 
ал олар адамдарға және одан да төменірек басқаларға әсерін тигізеді, 


88
сөйтіп, халифтен шыққан флюидтер
1
қоғамның ең төменгі топта-
рына жетеді. Қоғамның қажеттігін, біріншіден, адамның жападан-
жалғыз жан сақтай алмайтындығымен, екіншіден, басқаларсыз жетіле 
алмайтындығымен түсіндіруге болады.
Әл-Фараби 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет