175
Ламетридің пайымдауынша, адам жануардан жаратылғаннан кейін,
табиғатынан опасыз, қауіпті және зұлым болып табылады. Адамдар
зұлым болып туады. Ал ізгілік – ол адамның қоғамда өмір сүруі ба-
рысында алатын тәрбиесінің жемісі. Адамдар, флюгерлер
1
сияқты,
тәрбиенің ықпалымен әр жаққа бұрылады.
«Анти-Сенека» атты еңбегі жанжал тудырғанымен, оны атақты
етті және өзінің мінез-құлқымен де ол сол «атаққа» лайық болды.
Бұл шығармасында Ламетри ләззатшылдыққа табынуды жариялаушы
әдепсіз гедонист
ретінде көрінді. Ойшылдың пікірінше, бақытқа жету
үшін, ақылдың да, білімнің де қажеті жоқ, тіпті жанды ойлағаннан
гөрі, тәнді көбірек ойлау керек, тәнге көбірек ләззат беру керек. Тәтті
ләззатты сезіне білетін адамды ол «шошқадай бақытты» деп атады.
Бірақ, әлбетте, Ламетри ғылым философиясы мен тарихына
өзінің әдепсіз гедонизмі арқылы енген жоқ. Оның философиялық
пікірлерінің көпшілігі оның орнықты, өзгеше дара ойшыл екенін
дәлелдейді. Тәжірибеге үлкен мағына бере келе, ол тәжірибеден
алынған мағлұматтар міндетті түрде адамның «ми сүзгісі» арқылы
философиялық қорытындылаудан өткізілуге тиіс деп санайды.
Қоғамдық дамудың негізін соқыр сенімдер мен теріс көзқарастар
құрайды, сол себепті қоғам да жетілмеген деп пайымдай отырып, ол
философияның шындықты дәріптеуге тиіс екеніне сенімді болды.
Философияның ықпалымен заңдардың қалыптасқан жүйесі өзгеруге
тиіс, өйткені философия ғана заңдардың терістігін, әділетсіздігін аша
алады.
Сөйтіп, Ламетри философияның қоғамды шынайы өзгерте алатын,
оның алға жылжуын қамтамасыз ететін құрал екеніне сенді.
Достарыңызбен бөлісу: