188
Адам өмірден рақат, ләззат алуды көздеп қана өмір сүрмейді, ол па-
рыз сезіміне бола өмір сүреді және әрекет етеді. Рақатшылық та,
рақатшылық емес те адамгершіліктің белгісі бола алмайды.
Сонымен, нақты парасат адамға кесімді ұйғарым бойынша
жоғары
білім
беруге қабілетті, сол арқылы ол өзінің сезімдік әлеміне (күйзеліс
әкелетін) сәйкес емес, әлемдік адамгершілік заңына сәйкес өмір сүре
алады. Канттың эвдемонизмі
1
уақытша ләззат пен рақатты емес, па-
рызды құп көруге негізделеді. Осындай ұстанымы болғанда ғана адам
табиғат механизмінен азат тұлға ретінде қалыптасады.
«О, парыз! Сен неткен сәулелі, ұлы сөз едің!» – деп шаттанады Кант.
Алайда адамға тән сезімдерсіз адамдар арасында өзара нақты қарым-
қатынас орнамайды. Біз біреулерді жақсы көреміз, ал біреулерді жек
көреміз, біреулерге сыйластықпен қараймыз. Адам – робот емес. Сол
себепті тек дерексіз (абстрактілік) теорияларда ғана мораль саласынан
адамдық сезімдерді алып тастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: