284
К.Хорни: әлеуметтік факторлардан (қоғам ауруынан), ата-ана мен
балалардың өзара қарым-қатынастарының теріс қырларынан, адамның
дұрыс жолын таппай, теріс жолға түсіп, енді мағыналы-өмірлік
бағдарларды іздеуінен көреді.
Оның пікірінше, әлеуметтік қалыптан ауытқу жүйкесі тозған
адамның төмендегідей тұрпаттарын қалыптастырады:
– икемделушілік, бейімделушілік – яғни адам еш мақсатсыз, қалай
болғанда да, айналасындағылардың құптауына, мақұлдауына лайық
болуға ұмтылады;
– ұятсыз, басқыншылық әрекетпен, тіпті кезде қылмыстық жол-
мен де, қалай да билік пен күшке қол жеткізуге ұмтылу;
– оқшаулану арқылы қоғам мәселелерінен теріс айналу.
Әлеуметтік нормалардан ауытқушылық иіріміне түсіп кетіп, адам
сол тұңғиыққа тереңдеп бата береді. Ол шырғалаң шеңберден шығу
үшін, қоғамның қолдауымен адам тарапынан көп күш жұмсалуы ке-
рек.
Неофрейдизмнің
жарқын өкілдері –
Герберт Маркузе
және
Эрих
Фромм
болып табылады. Оларды XX ғасырдың 20-сыншы және 30
жылдарының басында әлеуметтік зерттеулер орталығы ретінде пайда
болған франкфурттық мектеп біріктіреді. Екеуі де –
фрейдомарксис-
тер
.
Әлеуметтік философ және әлеуметтанушы Маркузе
марксизмнің,
экзистенциализмнің және психоталдаудың
кейбір идеяларын жинақ-
тауға бағытталған
«қоғамның сын теориясын»
негіздеді. Ол
техногендік өркениет және бұқаралық мәдениет қызметінің өнімі
ретінде
«бірөлшемді адам»
тұжырымдамасын ұсынды; адам бейнесін
бұрмалайтын және
тұлғаның шеттетілуіне
жеткізетін жүйелер
ретінде капитализмнен де, социализмнен де
«ұлы бас тарту»
қағидасын алға тартты.
Маркузенің ең танымал еңбегі –
Достарыңызбен бөлісу: