сақталатын болды. Алайда ары қарай ол
сол қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын басқа да заттарды байқап,
соларды пайдалана бастады. Мысалы, шие, өрік, алма, таңқурай –
олардың барлығы да жеуге жарамды, демек, адам осы жемістердің
барлығына тән
ортақ сапалар мен қасиеттерді
табады . Әртүрлі, мы-
салы, «жидек» немесе «жеміс» сияқты заттардың ортақ қасиеттерін
білдіретін ұғымдар пайда болады. Сөйтіп, тікелей бақылау арқылы
ерте заман адамының қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарды
игеру-меңгеруі орын алады да, ақыр соңында,
ғылым бастауларының шығуына келтіреді.
Ғылым пайда болған кезден бастап-ақ енді шындық-болмысты
іздеудің жанама жолдары мен құралдары шығады. Қазір біз оларды
та -
316
ным әдістері деп атаймыз. Гректің «methodos» сөзін тура аударғанда,
«жол» деген мағына береді. Танымға қатысты қолданғанда, «әдіс-
тәсілдер», «амалдар», жолдар» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның