материяның ішкі
қуатын, оның
өздігінен дамуға қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат
дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды.
XX ғасырдың 70 жылдарында ғана Г.Хакен мен И.Пригожин
синер - гетика деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің
шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика
өз-өзін қалыптастырудың теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:
1. Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі –
бүліну, ыдырау, энтропия, бейберекеттікке ұмтылу; екіншісі – келі-
сілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.
2. Тәртіпке ұмтылудың және күрделенудің реті (алгоритм)
төмендегілерді қажет етеді:
а) дамушы жүйе
ашық болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар,
энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс;
ә) жүйе
әртүрлі болуға тиіс, яғни онда термодинамикалық тепе-
теңдік болмауы керек, әйтпесе ол ыдырайды. Теориялық физикада
қаралатын жабық жүйелер дәріптеу болып табылады, шынайы әлемде
іс жүзінде барлық жүйелер – ашық.
Синергетика ашық, тең салмақты емес, ашық жүйелерде өне бойы
ары қарай реттелу және күрделену үдерістері болып жататынына
сендіреді. Басында оқиғалардың орын алуы барысын болжауға бо-
лады. Бірақ уақыт өте келе, жүйе өзінің