Фа-Цзя (заңшылдар)
мектебін ертедегі Қытайдың саяси-құқықтық
философиясы ретінде қарауға болады. Оның негізін салушы
Хань-Фей- Цзы (280-233 жж.) өз философиясында адамның
өзімшіл табиғатына
сүйенеді. Әркім өзгелердің мүдделері туралы ұмытып, өз мүдделеріне
жетуге ұмтылады. Бейберекеттік орын алмауы үшін, маңызды
қоғамдық қатынастарды
қатаң, айқын, қысқа заңдармен реттеп,
олардың мазмұнын әрбір адамға жеткізе түсіндіру керек. Заңдарды іс
жүзіне асыру механизмі адам жанына мемлекеттің репрессиялық ма-
шинасы алдындағы қорқыныш сезімін ұялату арқылы орындалады.
Ол кезде заңдарды бұзғаны үшін