Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымның өркендеуі
мәселелерін жете ойластыруда
ғылыми революциялар тұжырым-
дамасының негізін салушы бола отырып, үлкен рөл атқарды, өйткені
өрлеу идеясы
өркендеу идеясымен алмасты. Ал XX ғасырдың басын-
да жаратылыстануда орын алған тоқырау, жалпы, танымның ғылыми
сипатына қатысты күмән келтіре отырып, бірқатар сұрақтар туғызды.
Шындығында, әлемнің жүзжылдықтар бойы қалыптасқан ғылыми
бейнесінің барлық негіздері өзгерсе, қандай ғылыми таным туралы
сөз болуы мүмкін? Әлемнің Қайта өрлеу және Жаңа дәуір алыпта-
ры (Г.Галилей, Н.Коперник) құрған механикалық бейнесі көз алды-
мызда күл-талқан болды. Жоғарыда аталған факторлардың барлығы
ғылымда ғылыми революциялар тұжырымдамаларының пайда болуы-
на келтірді. Оның жете ойластырылуына американдық ғалым