«Физика»
, екіншісі –
«метафизика»
. Біріншісінде ол барлығы
өзгеретін, бір күйден екіншісіне ауысатын, табиғатта болып жата-
тын үдерістерді, іс-әрекеттерді зерттесе, ал екіншісінде өзгермейтін,
жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне
талдау жасады.
Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға:
мүмкіндік
және
шындық
(болмыс) дейтін екі санатты енгізді. Инертті, өз-өзімен
өмір сүретін, бейберекет күйдегі мәңгілік материя бар-жоғы әлемнің
мүмкіндігі болып саналады.
Формаға
ие болып қана ол шындыққа,
біздің зерттейтін нысанамызға айналады. Форма заттың ішкі
энте-
лехиясын
, оның мақсат-міндетін, қазіргі терминдермен айтқанда, –
заттың ішкі бағдарламасын
жасайды.
Әлемге осындай көзқарас
гилеоморфизм
(грекше «hyle» – ма-
терия, «morphe» – форма) деп аталады. Формаға ие болған материя
енді бейберекетсіздік емес, – ол алдымызда жатқан нақтылық, заңға
сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.
Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма-
терия өз-өзімен мәңгі өмір сүрсе, онда форма қайдан шықты? Басқа
жауап таппаған соң, Аристотель: «Барлық формалардың формасы –
Құдай», – дейді. Ал онымен мәселенің өзі, әлбетте, күн тәртібінен
алынбайды ғой.
Ертедегі гректер әлемнің түпқазығын Жер деп санайды. Ондай
көзқарас дүниеге
геоцентрлік
көзқарас деп аталады. Аристарх Самос-
ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда
антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның
идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.
Достарыңызбен бөлісу: |