46
мен ешкімге де жау емеспін... Азғантайды қанағат тұтып, қалауымша
өмір сүремін», – деп жазған.
Гераклиттің ойынша, әлем – бұл ретке келтірілген Ғарыш, ол
қашанда болған, қазір де бар және мәңгі болатын, заңдылықпен
тұтанып және заңдылықпен сөніп отыратын тірі от.
Сонымен қатар Гераклит заттардың өне бойғы өзгергіштігін де
мойындайды. «Pan ta rei!» – бәрі ағып өтеді, бәрі өзгереді. Өзеннің бір
суларына екі рет аяқ сала алмайсың, өйткені екінші ретте алғашқы
сулар ағып кетті ғой. Сөйтіп, әлем – үздіксіз қалыптасу, өзгеру. Ал
оның негізінде не жатыр? Бұл сұраққа ол: «Қарама-қарсылықтар және
олардың бір-біріне өтуі», – деп жауап береді. Ауру денсаулықтың
қадірін көрсетіп, жағымды етсе, аштық тойымдылық тудырады...
егер өкпе-реніш болмаса, біз әділеттіліктің не екенін білмес едік және
т.б. Дүниедегі барлық осы өзгерістерге Логос (грекше – ілім, сөз)
бақылау жасайды. Гераклиттің түсінігінде ол заңға жақын.
Достарыңызбен бөлісу: