ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет79/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

парадигмалары
(үлгілері) бойынша, 
Демиург
(грек мифологиясының 
ұста-Құдайы) бейберекеттікті әлдебір ұйымдасқан тәртіпке келтіре 
отырып, 
инертті материядан табиғат заттарын және денелерін
жа-
сап шығарады. Идеялар әлемі – парадигма – мәңгі, кемеліне жеткен 
болып саналады. Демиург та, Құдай сияқты, мәңгі жасампаз болып та-
былады, ал сезімдік тән әлемі – шынайы болмыстың көшірмесі сияқты 
өтпелі, жетілмеген, идеялар әлемінің өзіндік «көлеңкесі» іспетті.
Платонның грек мифологиясына жүгінуі, әлбетте, оның филосо-
фиясының 
осал
жағы болды, сол үшін оны кезінде: «Платон – досым, 
бірақ шындық – қымбатырақ», – деп Аристотель сынға алған.
Қазіргі заманғы білім деңгейімен мәселе келесідей түрде көрінеді. 
Нақты өмірде болатын әрбір зат бұл дүниеге өзінің қайталанбас, өзіне 
тән болмысымен келеді. Бұл әлемде бір-бірінен ажырата алмайтын 
екі құм қиыршығы немесе қылтанақ та болмайды. Бірақ сонымен 
қатар олардың көптеген ортақ жақтары, сапалары да бар, соларға бола 
олардың өзара әрекеттесуі орын алады. Танып-білу барысында адам 


54
олардың осы ортақ жақтарын жалпылай (абстракциялай) отырып, зат-
тар туралы түсініктерді қалыптастырады және тіл арқылы жеткізеді. 
Мысалы, адам деген ұғым бүгінгі таңда Жер бетінде өмір сүріп жатқан 
6,7 млрд адамды қамтиды. Нақты тірі адам ерте ме, кеш пе, өледі, ал 
адам ұғымы қалады. Бірақ, егер бұл тірі адамдар өмір сүрмесе, адам 
ұғымы да болмас еді. Әңгіме Платонның мақсат-мұратқа сай Әлемі 
туралы емес, жиынтығында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет