«аудармашылық қозғалыс»
деген атқа ие болып, Эвклид геоме-
триясынан және Птоломейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен
Аристотельдің шығармаларын қоса алғанда, VII ғасырдың соңынан XI
ғасырға дейін созылды.
Араб мәдениеті, әрине, Орталық Азия халықтарына үлкен ықпал
етті. Бірінші кезекте исламның таралуын айтуға болады. Өз зама-
нында М.Вебер атап айтқандай, «ислам – жеңілмейтін жауынгер-
көшпенділердің діні». Ал егер осылай болса, онда бұрынғы қазақ-
тардың оны қабылдамауы мүмкін емес. Әлбетте, бұл үдеріс өне бойы
табысты бола бермеген. Қайғылы сәттер де аз болмаған. Алайда,
жалпы алғанда, ежелдегі қазақтардың исламды қабылдауы – олардың
өмірлеріндегі елеулі оқиға болды.
«Тарихтың өзі, – деп жазады белгілі ислам зерттеушісі Осман
Амин, – исламның ғылыммен қолтықтасып келе жатқанын дәлелдейді...
Ислам Пайғамбары: «Ең болмағанда, сен Қытайдан таба алатын білім-
ді іздеп жүрмін», – демеп пе еді? «Ғалымның сиясы азаптанушының
қанындай қастерлі», – дейтін дінді бар мән-мағынасымен білім-
ғылымға қарсы деп жазғыруға бола ма?.. Қысқасы, ислам ғылымды бар
күшін сала желеп-жебеді» (Amin O. Mohammed Abduh’s Apologetic for
the Muslim Faith. – In: «Islamic Rewiew and Arab Affairs». London, 1960,
vol. 48, N 1, – P. 6-7).
Достарыңызбен бөлісу: |