239
АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сы-
нау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз),
ядролық полигондар, Чернобыль АЭС-індегі жарылыс ғасырдың
сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында
антисциентистік
көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.
XX ғасырдың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі бірде-бір
ғасырдың онда болған алапат соғыстарды және соған байланысты
қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі
дүниежүзілік және одан кейінгі «жергілікті соғыстар» деп аталатын
қақтығыстардың құрбаны болды. Адамның өмірі тіпті нәзік болып
шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің
Достарыңызбен бөлісу: