ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет447/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

білімдер
мен 
мәдениет
арасындағы жалғаушы 
жіпті үзіп алуымыз мүмкін. Зерттеудің жаңа ғылыми теорияларын, 
үлгілері мен амалдарын құру барысында мәдениеттің тұтастығын 
естен шығармаған абзал.
Енді 
қиын мәселелерден, ғылыми жорамалдардан, теория
мен 
заңдардан
тұратын теориялық білім құрылымын қарау қажет.
Таным үдерісінде зерттеуді әлдебір тежеу, абыржу, түсініксіздік 
сезімі билейтін жағдайлар туады. Сол уақытта қиындық пайда бола-
ды. Оны шешкенше, адамның мазасы кетеді. Сондықтан 
қиындықты
кейбіреулер 
білмейтінді білу
деп айқындайды. Бұл жағдайдың 
негізінде әртүрлі себептер жатады. Бұл зерттеліп жатқан әлдебір 
құбылыс бойынша әртүрлі екі пікір немесе ғылымдағы ескі теория мен 
жаңа ашылған фактілер арасында қарама-қайшылықтар туған кезде 
орын алуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда шешім көбінесе 
мәселенің
өзінің 
дұрыс қойылуына
байланысты болады. Ол үшін жиналған 
барлық ғылыми фактілерді, ұсынылып отырған ғылыми болжамдар 
мен тұжырымдарды қайтадан мұқият қарап шығып, мәселенің өзінің 
мәнін айқын ұғыну керек. Бірақ шешілген мәселенің зерттелуші нысан 
туралы көзқарастарға терең бойлауға ғана келтіретінін емес, сондай-ақ 
жаңа көзқарастарды да тудыратынын әрқашан есте ұстау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет