ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


пайымдардан белгілі бір  ой тұжырымы



Pdf көрінісі
бет475/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

пайымдардан
белгілі бір 
ой тұжырымы
жаса-
лады.
Дедуктивтік
деп аталатын бірқатар пәндер бар, олай аталуының 
себебі – олардың негізінде кейбір ортақ ұстанымдар, постулаттар, 
тұжырымдар жатыр. Оған қоса, бастапқы қағидалар дәлелдеусіз 
алынған, өйткені олардың шынайылығы дау тудырмайтын және 
адамзаттың мыңжылдық тәжірибесінде тексерілген сөзсіз шындық деп 
саналады. Оларды ашып көрсете отырып, ғалымдар әртүрлі теориялық 
тұжырымдар жасайды. Ондай ғылымдарға 
математика, логика, 
теориялық механика
, ішінара 
юриспруденция
жатады.
Теорияны дедуктивтік құрудың міндетті шарты бастапқы 
тұжырымдардың бір-біріне қарама-қайшы еместігі, сондай-ақ олардың 
бір-біріне тәуелсіздігі болып табылады.
Дедуктивтік әдістің негіздері өте ерте заманда-ақ пайда болған: 
Евклидтің «Бастауын», Пифагордың теоремаларын, Фалестің 
пікірлерін еске түсірсек те жеткілікті. Сол кездің өзінде дедуктивтік 
әдістің ой-пікірлерді жүйелі түрде ретке келтіріп, оларды қисынды 
құруға көмектесетіні байқалған.
XIX ғасырда Н.И.Лобачевский геометрияны басқа тұжырымдар 
негізінде де құруға болатынын дәлелдеген. Ол жаңалық тұжырымдық 
әдістің эвристикалық күшін көрсетті. Бұл математика пәндерінің аса 
қарқынды дамуына жеткізді.
Бүгінгі ғылымда тұжырымды әдісті физика, биология сияқты 
іргелі ғылымдарға тарату үрдісі бар. Алайда тұжырымды әдісті басқа 
ғылымдарға қолданудың белгілі бір өзіндік шектері бар екенін ескеру 
қажет.


327
8. Бұрмалау. 
Ағылшын философы К.Поппердің пікірі бойынша, 
эмпириялық танымның мақсаты шынайы теориялар құруда және олар-
ды дәлелдеуде жатқан жоқ, себебі – ол мүмкін емес, өйткені кез келген 
теория ерте ме, кеш пе, өзінің осал тұстарын байқатып, ескіреді. Олай 
болса, оның негізгі мақсаты жалған ғылыми болжамдарды айқындап, 
оларды теріске шығару болуға тиіс. Бұны, есіңізде болса, ол 
бұрмалау
деп атаған.
Білімді бұрмалаудың әлеуетті мүмкіндігі оның ғылыми сипа-
тын көрсетеді. Бұрмалауға ұшыраған ғылыми болжамдарды ба-
тыл лақтырып тастау керек, ал қалған болжамдардың ішінен 
шынайы болуы мүмкіндерді емес, әдеттегі көзқарастар аясына сый-
майтын, өзгешелігімен ерекшеленіп тұрғандарын таңдау қажет. Сол 
жағдайда ғана ғылымның серпінді дамуын қамтамасыз етуге бола-
ды. Бұрмалаудан өткен ғылыми болжамдардың орнына бірте-бірте 
ақпараттың көбірек жиынынан тұратын жаңалары келеді.
К.Поппер 
шындық мәселесіне
де жаңалық енгізді. Шындық – 
ешқашан жеткізбейтін мұрат, біз үнемі соған жетуге ұмтылумен бо-
ламыз.
Әлбетте, ғылымда бұрмалаудың рөлінің орасан зор екенін жоққа 
шығаруға болмайды. Дегенмен көптеген ғылыми болжамдардың 
ішінен таңдау жасағанда, әрдайым оның көпфакторлы үдеріс екенін 
есте ұстау керек, бірінші кезекте, бір немесе басқа теориядан келіп 
шығатын әлеуметтік, рухани-адамгершілік салдарларын ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет