ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«Физика» , екіншісі –  «метафизика»



Pdf көрінісі
бет535/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«Физика»
, екіншісі – 
«метафизика»
. Біріншісінде ол барлығы 
өзгеретін, бір күйден екіншісіне ауысатын, табиғатта болып жата-
тын үдерістерді, іс-әрекеттерді зерттесе, ал екіншісінде өзгермейтін, 
жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне 
талдау жасады.
Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға: 
мүмкіндік
және 
шындық
(болмыс) дейтін екі санатты енгізді. Инертті, өз-өзімен 
өмір сүретін, бейберекет күйдегі мәңгілік материя бар-жоғы әлемнің 
мүмкіндігі болып саналады. 
Формаға
ие болып қана ол шындыққа, 
біздің зерттейтін нысанамызға айналады. Форма заттың ішкі 
энте-
лехиясын
, оның мақсат-міндетін, қазіргі терминдермен айтқанда, – 
заттың ішкі бағдарламасын
жасайды.
Әлемге осындай көзқарас 
гилеоморфизм
(грекше «hyle» – ма-
терия, «morphe» – форма) деп аталады. Формаға ие болған материя 
енді бейберекетсіздік емес, – ол алдымызда жатқан нақтылық, заңға 
сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.
Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма-
терия өз-өзімен мәңгі өмір сүрсе, онда форма қайдан шықты? Басқа 
жауап таппаған соң, Аристотель: «Барлық формалардың формасы – 
Құдай», – дейді. Ал онымен мәселенің өзі, әлбетте, күн тәртібінен 
алынбайды ғой.
Ертедегі гректер әлемнің түпқазығын Жер деп санайды. Ондай 
көзқарас дүниеге 
геоцентрлік
көзқарас деп аталады. Аристарх Самос-
ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда 
антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның 
идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет