«адам деген кім? Оның өмірінің мәні қайдан шықты және неде?» – деген қасиетті сұрақ
қойды. Ұлы Сократ өзінің Ғаламнан шыққанын айтты. Адам, – осы
әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол
рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш
пен күйзеліске, шабыт пен шығармашылыққа толы
ішкі ғаламы бар. Егер оны осы қырынан алып қарасақ, онда ол және қалған әлем
арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез кел-
ген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы
ұстанумен келеді.
Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі
күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жара-
тылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның:
есепсіз көп кездейсоқтықтардың шиеленісуі арқылы өмірді, содан
кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жары-
лыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.
Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді.
Оның ішінде ең көп тарағаны –
«Homo Sapiens» , яғни адам ақыл-
парасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.
Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға