өмірдің мағына- сын үлкен үш топқа ажыратуға болады.
жоғарғы мағына – тұлғаның
шығармашылық құндылықтарға жетуі, яғни бұрын өмірде болма-
ған өзгеше жаңалық ашу. Ол үшін адам дарыны мен талантын кең
ашып қана қоймай, сонымен қатар өз мамандығын терең, кәсіби
деңгейде меңгеруге, соның шыңына көтерілуге тиіс. Негізінен, бұл –
таңдаулы топ өкілдеріне тән қасиет.
Алайда
кең мағынасындағы шығармашылық – адамның тектік қасиеті. Сондықтан әрбір адам сүйікті ісімен айналысып қана
шығармашылық деңгейіне көтеріле алады. Мысалы, тиянақты оқушы
адамзатқа ежелден белгілі күрделі математикалық есепті шешеді.
Алайда ол басқалардың көмегіне жүгінген жоқ, ол берілген есепті өзі
үшін жаңадан ашқандай болды. Ол соны іске асырды, енді өзін жа-
сампаз адамдай сезінеді! Үй шаруасындағы әйел әсемдік журналдары
беттерінде жарияланған өрнектерді үйреніп, көп жыл бойы өз балала-
ры үшін жылы киім тоқып келді. Жылдар өте келе, әлдебір сәтті күні
ол өз өрнегін ойлап табады. Ол жаңа туындыны дүниеге әкелді! Оның
өрнегі журнал беттеріне шықпай-ақ қойсын, бірақ ол бәрібір соның
өрнегі ғой! Егер адам кертартпалыққа негізделген әлдебір істі өзінше
істеуді қолға алса, бұл да кең мағынасындағы шығармашылық болып
шығады.
Бірқатар жағдайларда адам алдына қойған мақсаттарына жете
алмайды, ол өзін өмірінің мағынасын жоғалтқандай сезінеді. Он-
дай жағдайда ол бұл мақсатқа деген көзқарасын өзгертіп, оны басқа
мақсатқа ауыстырса, барлық қиындықтары артта қалады. Бұны
В.Франкл