ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет603/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

экология мәселесі.
Кез келген қоғам дамуға, өсуге қабілетті, құрылысы күрделі жүйе 
болып табылады. Ал қоғамның «атомы» – ол тәнімен бірге жаны бар, 
қарама-қайшылықтарға, қуаныш пен мазасыздықтарға, сүйіспеншілік 
пен мұңға, шабыт пен күйзеліске толы адам болып табылады. Әр 
адам өзінің алдына нақты мақсаттар қойып, соларды жүзеге асыруға 
ұмтылады. Адамды алғашқы жаратылған күйіндегідей табиғат енді 
қанағаттандыра алмайды. Міне, сондықтан да мыңдаған қалалар, ги-
дроэлектр станциялары, жасанды теңіздер және т.б. пайда болды. Адам 
өзін қоршаған табиғатпен өзара әрекетке түседі.
Табиғат түсінігі ұғымы үш мағынада қолданылады. Өте кең 
мағынасында әлемде табиғаттан басқа ештеңе жоқ – ол тұтас ғарыш. 
Тар мағынасында бұл термин мән санатымен бірігіп кетеді. Біз: «Бұл 
заттың табиғаты неде?» – деп сұрасақ, ол оның мәнін анықтауға па-
рапар болып шығады. Үшінші мағынасында біз табиғат түсінігін осы 
кітапта: «Ол – бізді қоршаған орта, яғни қоғаммен өзара әрекеттесуге 
түсетін орта», – деп қараймыз.
Миллиардтаған жылдарғы дамуы барысында өмірдің барлық 
формаларының бір-бірлерімен бірігіп кеткені соншалықты, «Үлкен 
жүйе» деп аталатын жүйе құруға жетті. Ол үлкен үш құрамдас бөліктен 
тұрады: а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер 
әлемі.


406


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет