ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет633/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

Фальсификация
(бұрмалау) – эмпириялық ғылыми болжамдардың 
немесе теориялардың жалғандығын тәжірибеде (бақылау мен сынақта) 
одан шығатын қисынды (логикалық) салдарлардың (әлеуетті неме-
се өзекті) жалғандығын анықтау негізінде дәлелдеу амалдарының 
жиынтығы және үдерісі.
Холизм
– бүтіннің басымдығын, оның онтологиялық дербестігін 
және бөлшектер мен олар орындайтын қызметтердің жиынтығына 
келтірілмейтіндігін оны құрайтын бөлшектер алдында растайтын 
философиялық тұжырымдама.
Цивилизация
(өркениет) – (лат. «civilis» – азаматтық) – 1) қоғамдық 
дамудың, материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, яғни 
әлеуметтік байланыстар сөзсіз табиғат байланыстарынан басым бола 
бастайтын және қоғам өзінің меншікті негізінде дами және үстемдік 
ала бастайтын адамзат өрлеуіндегі осындай кезең; 2) қазіргі заманғы 


424
әлемдік мәдениет. «Цивилизация» терминін алғаш рет 1756 ж. француз 
ағартушысы Мирабо ғылыми айналымға енгізген. Осы термин арқылы 
француз ағартушылары ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларына 
негізделген қоғамды айтатын болған.
Шизоанализ
(талдау) – Ж.Делез және Ф.Гваттари ұсынған 
еуропалық әлеуметтік-мәдени парадигманың түбегейлі тексерілуінің 
философиялық-саяси бағдарламасы. Олар З.Фрейдті және оның сана-
дан тыс терең деңгейді – әлеуметтік инвестицияларды және «қалайтын 
машиналардың» жұмысын көзге ілмеушілігі үшін оның психо-тал-
дау жүйесін сынға ұшыратқан: психоталдау алдын ала белгіленіп 
қойған кейіпкерлердің (Эдип және басқалары) қатысуымен, театр 
сахнасындағы санадан тыс әрекетке келтіріп, отбасы қатынастарында 
шектеліп қалады. Санадан тыс әрекет «театр емес, – фабрика», детер-
минация жүйесі емес, – индетерминацияға келтірілген шексіз өндіріс, 
«қалайтын машина».
Эвристика
– 1) Ертедегі Грекияда – бағыттаушы сұрақтар беру 
жолымен оқыту жүйесі; 2) теориялық зерттеу және шындықты 
іздеудің қисынды амалдары мен әдістемелік ережелерінің жиынтығы; 
3) тапқырлық, ептілік, белсенділік сияқты қасиеттердің жетілуіне 
септігін тигізетін оқыту әдісі.
Экспликация
– ғылымда кеңінен қолданылатын жекелеген, 
әдетте, бір емес, бірнеше мағынасы бар терминдердің мағыналары мен 
мәндерін айқын анықтау немесе нақтылау.
Экстернализм
– ғылым философиясы мен тарихын жазудағы 
бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылым білім жүйесі ретінде де, 
әлеуметтік институт ретінде де әлеуметтік мәдениеттің иммаментті, 
органикалық бөлігі болып табылады, сондықтан соның тарапы-
нан, яғни тұтас жүйенің де, әлеуметтік мәдениетке кіретін қосымша 
жүйелердің де (экономика, техника, саясат, рухани мәдениет сияқты) 
айтарлықтай ықпалын сезеді. Әлеуметтік мәдениет ғылыми білімнің 
қарқыны мен бағыт таңдауына ғана емес, соңғының мазмұнына да 
осындай ықпалын тигізіп отыр.
Экстраполяция
– сипатталатын құбылыстарының қандай да бір 
тезисін немесе теориясын бір саладан басқа салаларға (тақырыптық 
салаларға) тарату жолымен білімді сан жағынан көбейту арқылы арт-
тыру.
Элементаризм
– дара, жеке ғылымның тұтас ғылым алдындағы 
басымдығына сендіретін философиялық тұжырымдама.


425
Энтелехия
– бастапқыда берілген, алдын ала салынып қойған 
әлдененің жүзеге асырылуы, көрініс беруі; мүмкіндіктің шындыққа, 
әлеуеттің әрекетке көшуі.
Эпохé
– объективтік шындықтың нысаналары туралы үзілді-кесілді 
шынайы пікірлерден тартынуға деген танымдық ұстаным; сол тек-
тес кез келген пікірлерді қашанда қателіктер жібермеуге кепілдеме 
бере алмайтын, нақты субъектілер білдіретін болғандықтан, олардың 
пікірсайыс нысанасына қатысты біржақты, тіпті кейде жаңылыс 
пікірлер айтуы мүмкін.


426
мазмҰны
Кіріспе сөз .................................................................................................... 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   629   630   631   632   633   634   635   636   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет