146
болатын осы тартылыстың шамасын көрсетеді. Әлем жүйесі өзінің
өзгермейтін қозғалысын неге сақтайды деген сұраққа жауап беру
үшін, ол дүниені бастапқы қозғалысқа келтірген Құдайға сілтеме
жасауға мәжбүр болды.
Белгілі болғандай, табиғат құпияларын танып білудегі қиындықтар
көптеген ғалымдарға осы әлемді жаратқан әлдебір Құдіретті күштің
бар екенін мойындатты. Ньютон да ол қатардан шығып қалған жоқ,
өйткені ол да «өз заманының ұрпағы» емес пе. Алайда оның жара-
тылыстану ғылымы үшін жасағанының өзі-ақ оның атын адамзат
тарихындағы ғұлама ғалым деп қалдыруға әбден жетіп жатыр.
Исаак Ньютонның нақ осы ақыл-парасаты арқылы қол жеткен
жетістіктермен-ақ XVI-XVII ғасырлардың ғылыми революциясы
түбегейлі жеңіске жетті.
Достарыңызбен бөлісу: