Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет1/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#87618
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
сахна мәдениеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
Қазақ әдебиеті пәні
Ахыт Еркегүл




Астрахан ауылы, 2014 жыл


«Бекітемін»
Мектеп директоры Балабаева С.А.
28.01.2014 жыл.
Астрахан №1 орта мектебінің әдістемелік кеңесі бекітуге ұсынған.

Рецензенттер:


Астрахан №1 орта мектебі директоры А.С.Балабаева
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Аскарова К.Ж


Рецензия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахыт Еркегүлдің «Асық Сахна мәденииеті» қолданбалы курс бағдарламасы- мектепте өнерге баулуға жасалған қадам. Бағдарламада сахна мәдениеті, актерлік шеберліктің қыр-сырын меңгеру, жүргізуші және ұйымдастырушылық қабілетті дамыту, көркем сөзді жүйелі қолдануға арналған теориялық материалдар мен әр сабаққа шығармашылық тапсырмалар толық қамтылған. Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланған. Мектеп қабырғасында оқушыларды сахнаға баулу арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады, көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттері дамиды. Сахнада жүру, тұру, сөйлеу, кейіпкер бейнесін сомдауды, өзін - өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады. Осылайша жан - жақты тәрбиеленген тұлға бар жаттаған, естіген білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда да орынды қолдана білуге тырысады және мамандық таңдауға зор ықпалы тиетінін осы курс бағдарламасында анық көрінеді.
Мектепте сахна мәдениетін дамытуға арналған материалдың аздығы белгілі. Бұл бағдарлама «Сахна өнері» туралы бұрын жазылған еңбектер мен материалдарды жинақтай отырып дайындалған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне бірден бір әдістемелік көмек болып табылады. Сахна өнері туралы тақырыптық-күнтізбелік жоспар, курстың толық сағаттарға бөлінген бағдарламасы, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар берілген. «Сахна мәдениеті» курсы бағдарламасы оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалған. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет