ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН - СЫЗУ
Мазмұны
53. Емтихан жазбаша емтихан түрінде өткізіледі, онда талапкерлер
емтихан билетінде тапсырма шарты бойынша графикалық жұмысты
орындайды.
54. Емтихан билеттері «сызу» пәні бойынша орта білім беру мектебінің
бағдарламасы аясында жасалды.
55. Емтиханның ұзақтығы 4 сағат (астрономиялық).
56. Емтихан комиссиясы жұмыстарды бағалауды емтихан аяқталған күні
жүргізеді.
57. Емтихан жұмысы А3 форматындағы сызу қағазында сызу құралдарын
қолдана отырып, қарындашта орындалады.
58. Емтиханға бір күн қалғанда консультация жүргізіледі.
59. Сызу емтиханында емтихан билетінде талапкер абстрактілі форманың
екі проекциясы бойынша үшінші проекцияны және берілген форманың
аксонометриясын құру міндетіне ие.
60. Емтиханнан кейінгі күні апелляция өткізіледі.
61. Емтихан жұмыстары университетке қабылдау Ережелеріне сәйкес
балмен бағаланады.
Сурет бойынша емтихан жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар
62. Графикалық есептерді дұрыс шешу.
63. Сызбаны форматта оңтайлы орналастыру.
64. Сызбаны МЕМСТ-қа сәйкес ресімдеу (сызықтар, негізгі жазулар,
қаріп).
65. «Сурет» және «сызу» бойынша шығармашылық емтихандарды
бағалау критерийлері қосымшада келтірілген.