Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет31/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
3.2 Баланс өтімлілігін талдау 
 
Баланс  өтімділігін  талдау  мәселесін  карастырар  алдында,  жалпы 
активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек. 
Өтімділіктің  екі  тұжырымдамасы  белгілі.  Бірінші  тұжырымдама 
бойынша  өтімділік:  кәсіпорынның  өзінің  қысқа  мерзімді  міндеттемелерін 
өтеу  қабілеттілігі  ұғынылады.  Мысалы,  О.В.  Ефимова  өтімділік  деп  - 
«кәсіпорынның  өзінің  қысқа  мерзімді  міндеттемелері  бойынша  төлеу 
қабілеттілігі»,  -  деп  жазады.  Дәл  осынысымен,  оның  пікірінше,  өтімділік 
төлеу  қабілеттілігінен  өзгешеленеді.  И.Т.  Балабанов  та  өтімділікке  осы 
сияқты  анықтама  береді:  «шаруашылық  субъектісінің  өтімділігі,  -  ол  оның 
өзінің  борыштарын  тез  өтеу  кабілеттілігі,  егер  кәсіпорын  өзінің  ағымдағы 
активтерін  өткізіп,  яғни  оларды  ақшаға  айналдыра  алса,  өзінің  қысқа 
мерзімді  міндеттемелерін  орындауға  шамасы  бар  болса,  онда  ол  өтімді 
кәспорын  болып  саналады».  Бұл  тұжырымдама  жоғарыда  айтылған  төлем 
қабілеттілігі  тұжырымдамасына  өте  ұқсас.  Олардың  айырмашылығы 
пайдаланатын  көрсеткіштер  мен  есептеу  әдістерінде.  Екінші  тұжырымдама 
бойынша,  өтімділік  -  бұл  ағымдағы  активтердің  ақша  қаражаттарына 
айналуға  дайындығы  мен  жылдамдығы.  Н.П.  Кондраков  өтімділік  деп  -
«материалдық  және  тағы  баска  құндылықтардың  сатылуы  және  олардың 
ақша  қаражаттарына  айналу  мүмкіндігін  айтады».  Ағылшын  авторларының 
«Бухгалтерлік  талдау»  деген  еңбегінде  «фирманың  өтімділігі  -  бұл  оның 
барлық  қажетті  төлемдерін,  олардың  төлеу  уақыты  келгенде,  жабу  үшін  өз 
активтерін  ақшаға  айналдыру  қабілеттілігін»  деп  көрсетілген.  «Өтімді» 
сөзінің  өзі  дейді  олар  «ақшаға  оңай  айналатын»  деген  ұғымды  білдіреді. 
Профессор  В.В.  Ковалев:  «қандай  да  бір  активтің  өтімділігі  ол  оның  ақша 
қаражатына түрлену, айналу қабілеті», - дейді. Ол «өтімділік дәрежесі, оның 
түрлену  уақыты  жүзеге  асырылатын  уақыттың  ұзақтығымен  анықталады, 
уақыт  қысқа  болған  сайын,  осы  активтің  өтімділігі  жоғары  болады»,  -  деп 
жазады.  Бұл  қорытынды  профессор  А.  Д.  Шереметтің  қорытындысымен 
үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, 


 
67 
соғұрлым оның өтімділігі жоғары». Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен 
келісе отырып  мен,  өтімділік  кәсіпорынның  міндеттемелерін  ақшаға  айналу 
уақыты  міндеттемелерін  өтеу  уақытымен  сәйкес  келетін  активтерімен  жабу 
дәрежесімен  анықталады  деп  санаймын.  Осы  айналу  қаншалықты  тез 
жүруіне  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігі  мен  несие  беру  қабілеттілігі 
тәуелді  болады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  кәсіпорынның  өтімділігі  өзшің 
міндеттемелерін  уақыты  келгенде  төлеу  үшін,  қолда  бар  қаражаттарды 
(активтерді) 
тезірек 
жұмылдыру
 
мүмкіндігінде 
жатыр. 
Өтімділік 
кәсіпорынның  сөзсіз  төлем  қабілеттілігін  білдіреді  және  активтер  мен 
міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты 
бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001). 
Кәсіпорынның  өтімділігі  туралы  айтқанда,  келісім  -  шартта 
қарастырылған  өтелу  мерзімі  бұзылса  да,  қысқа  мерзімді  міндеттемелерді 
өтеу үшін теориялық жеткілікті мөлшерде айналым қаражаттарының болуын 
көрсетеді.  Анықтаманың  мәні,  егер  өндіріс  пен  өнімді  өткізу  процесстері 
қалыпты  режимде  жүрсе,  онда  сатып  алушылардың  төлеген  ақша  соммасы 
кредиторлармен  есптесуге,  яғни  ағымдағы  міндеттемелер  бойынша 
есептесуге жеткілікті болатынында. 
Өтімділіктің негізгі белгісі болып қысқа мерзімді пассивтерден айналым 
активтерінің  формальды  асып  түсуі  (құндық  бағалауда)  табылады.  Бұл 
алшақтық  неғұрлым  үлкен  болса,  соғұрлым  кәсіпорынның  қаржылық 
жағдайы  қолайлы  болып  саналады  (айналым  активтер  >  қысқа  мерзімді 
пассивтер). Егер айналым активтерінің мөлшері қысқа мерзімді пассивтермен 
салыстырғанда жеткіліксіз болса, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы тұрақсыз 
болып  табылады  -онда  кәсіпорынның  өз  міндеттемелерімен  есептесуге 
қажетті ақша қаражаттарының мөлшері жеткіліксіз болуы мүмкін және оған 
табиғи  технологиялық  процесті  бұзуға  (мысалы,  қорының  бір  бөлігін  дереу 
сатуға  немесе  жаңа  одан  да  қамбат  қарызға  кіруге)  немесе  ұзақ  мерзімді 
активтердің бір бөлігін сатуға тура келеді. 
Кәсіпорынның  өтімділігі  шын  мәнінде  баланс  өтімділігін  көрсетеді. 
Сондықтан  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  бағалау  үшін  бухгалтерлік 
баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек. 
Баланс  өтімділігін  талдаудың  мәні  -  активтегі  өтімділік  дәрежесі 
бойынша 
топталған 
қаражаттарды 
пассивтегі 
міндеттемелермен 
салыстыруда.  Актив  пен  пассив  баптары  белгілі  бір  тәртіппен  топталады,  - 
өтімділігі  жоғарылардан  бастап  өтімділігі  төменгілерге  (актив),  яғни 
өтімділігі  төмендеу  тәртібі  бойынша  қайтару  уақыты  ұзақтардан  қайтару 
уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі 
бойынша  болады.  Кейде  керісінше  тәртіп  болуы  да  мүмкін,  мысалы  батыс 
европалық елдерде осыны қолданады. 
Өтімділіктің  екі  тұжырымдамасы  белгілі.  Бірінші  тұжырымдама 
бойынша  өтімділік:  кәсіпорынның  өзінің  қысқа  мерзімді  міндеттемелерін 
өтеу  қабілеттілігі  ұғынылады.  Мысалы,  О.В.  Ефимова  өтімділтік  деп 
«кәсіпорынның  өзінің  қысқа  мерзімді  міндеттемелері  бойынша  төлеу 
қабілеттілігі» атайды. 


 
68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет