Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


Материалдық ресурстардың жетілдіру жолдары



Pdf көрінісі
бет64/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
Материалдық ресурстардың жетілдіру жолдары. 
Материалдық  ресурстардың  бір  айтарлықтай  өзгешелігі  бар,  олар  - 
шектеулі  болып  келеді.  Өндірісті  жүзеге  асыруға  көмектесетін  заттардың 
жиынтығы «қоғамдық материалдық ресурстарын құрайды». 
Егер  табиғи  ресурстардың  негізі  болса,  материалдық  ресурстар  адам 
қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады. Материалдық 
ресурстар  қоғамның  өндірістік  күш  –  қуатының  негізгі  бөлігін  құрайды. 
Оларға: ғимараттар, құрал – жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, 
жолдар, көпірлер, байланыс құралдары т.б. 
Осы 
мерзімде 
қоғамда 
туындап 
отырған 
сұранымдарды 
қанағаттандыратындай  игіліктерді  қажетті  санда  өндіруге  қолда  бар 
ресурстардың  жеткіліксіздігінен  көрінеді,  яғни  ресурстардың  шектеулігінің 
басты  себебі  қоғамдағы  сұранымдарды  қанағаттандыру  мүмкіндіктері  мен 
осы  сұранымдар  арасындағы  сәйкессіздіктерде  жатыр.  Сұранымдар 
өндірістің мүмкіндігінен үнемі озып кетіп отырады. 
Адамдар  әр  алуан,  әрі  құнарлы  тағамдарға,  өзінің  киім  –  кешегін  жиі 
жаңартуға, барлық жағынан қолайлы тұрғын үйлерге ұмтылады. Адамдардың 
сұранымдары  өсіп  келеді.  Ол  жиі  өзгереді  және  сапалық  деңгейі  де 
құбылмалы.  Олар  барған  сайын  күрделі  бола  түсуде.  Өндірістің  дамуымен 
өсе  түсіп  отырған  сұранымдарды  қанағаттандыру  мүмкіндіктері  де  кеңейіп 
отыр. 
Алайда,  сұранымдардың  озық  қарқынмен  өсуі  сақталуда.  Осыдан  да 
ресурстардың  шектеулігін  жою  мүмкін  болмай  келеді.  Мұндай  актуалды  
қоғамның  өндірістік  қызметінің  қалыпты  жағдайы  деп  қарау  керек.  Әрі  ол 
айтарлықтай маңызға ие. Ресурстардың шектеулі болуы оған үнемді, ұқыпты 
қарауды және қоғамдық сұранымдарды арттыру. Экономикалық ресурстар – 
бұл да өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. 
Оған:  көмір,  газ,  мұнай,  бензин,  машина,  станок,  үй,  жабдық  және  т.б. 
жатады. Адам ресурстары – олардың еңбек әуелеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі 
болмақ.  Планетамызда  барлық  экономикалық  ресурстар шектеулі  мөлшерде 
болады.  Мысалы  жер  өте  көп,  бірақ  жыртуға  жарамды  жерлер  шектеулі 
мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм 
массивтері  -  бос дала  және  т.б.  алуда.  Бұрындары  қуатты пайдалы  қазбалар 
болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады. 
Сондай  –ақ  өндірістік  үйлер,  алып  құрылыстар,  машина,  жабдықтар 
саныда  шектеулі  болады  –  мұның  барлығы  экономиканың  даму  жолына 
белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономикалық ғылымның алдында бар 
ресурстарды  мейлінше  тиімді  қолдану  мәселесі  туындайды.  Себебі, 
тұрғындардың  тез  өсіп  келе  жатқан  сұранымдарын  қанағаттандыру  қажет. 
Ресурстардың  жеткіліксіздігі  оларды  үнемдеу,  таңдау  мәселелерінің 
қажеттігін  туғызады,  қолда  бар  экономикалық  ресурстардың  шектеулігі 
кезінде өндіріс қоғамдағы сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, 
кедейлікті  жоя  алмайды,  оларды  сырттан  келетін  аппаттан  қорғай  алмайды.  
Материалдық ресурстарды дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдаланудың ең 


 
126 
басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген болып табылады. 
Сондай –ақ материалдық ресурстарға жер, капитал, еңбек жатады. 
Капитал  немесе  инвестициялық  ресурстар  –  бұл  тауар  өндіру  және 
қызмет  көрсету,  оларды  түпкілікті  тұтынушыларға  жеткізу  және  осы 
тауарларды  пайдалануға  арналған  барлық  өндірістік  құралдар,  яғни 
ғимараттар,  құрылыс,  жабдықтар.  Өндіріс  процесін  және  өндіріс  құрал  – 
жабдықтардың  қорлануын  инвестициялау  немесе  қаражат  жұмсау  деп 
аталады. 
Еңбек  -  тауар  өндіруде  және  қызмет  көрсетудегі  барлық  дене  және 
адамдардың  ақыл  –  ой  қабілеттілігін  көрсетеді.  Барлық  экономикалық 
ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие, яғни олар сирек 
немесе өлшеулі мөлшерде болады. 
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, 
пайдалы қазбалар қоры, орман мен жарамды жерлер және т.б. жатады. 
Ресурстар  сатылатын  және  сатып  алынатын  болғандықтан  олардың 
бағалары  да  болады.  Сұраныс  пен  ұсыныстың  өзара  іс  қимылының 
нәтижесінде  баға  ресурстар  нарығының  ерекшеліктерінің  барлық  түрлерін 
қамтиды. 
Ресурстар  нарығының  ерекшеліктері  ең  алдымен  олардың  шектелуіне 
қарай  өндіріс  көлемінің  де  және  ресурстар  ұсынысының  да  шектеулі 
қорытындысы  болып  табылады.  Экономикалық  ресурстардың  бағасы  әр 
түрлі,  сұраныс  пен  ұсыныстың  әсерінен  қалыптасып  отырады.  Ресурстар 
ұсынысы  олардың  тікелей  баға  арасындағы  байланысы  мен  нақтылы 
мөлшерін  және  ресурстарды  иеленушілердің  мүдделеріне  сәйкес  ресурс 
бағаларын  жоғары  көрсетеді.  Ал  ресурстар  сұранысы  баға  мен  ұсыныс 
арасындағы  қарама  қайшылықты  көрсетеді.  Егер  де  баға  жоғары  болған 
жағдайда,  онда  экономикалық  ресурстарды  шектеулі  ғана  мөлшерде  сатып 
алады. 
Ресурстарды  сақтау  дегеніміз  –  меншіктің  әр  түрлі  формалары  және 
шаруашылық  тетігінің  ықпалымен  жүзеге  асатын  нақты  және  өткен  еңбекті 
үнемдеу.  Оның  мәні  еңбек  материалдарын  және  қаржы  ресурстарын  үнемді 
жарату, сондай – ақ өнімсіз өндірісті және барлық шығындарды жою болып 
табылады.  Ресурстарды  сақтау  болашақ  экономиканың  дәрежесі  мен 
сипаттамасы  ретінде  экономика  және  басқару  жүйелерін  қайта  құруды, 
олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. 
Ресурстарды сақтау проблемасын шешу үшін ұдайы өндіріс процесіндегі 
барлық  сатыларды  қамтуды  қажет  етеді.  Сондай  –  ақ  қалдықсыз  және 
қалдығы  аз  технологияны  өндіріске  енгізу  негізгі  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Себебі  қалдықсыз  технология  -  ресурстарды  үнемдеуді  кешенді 
түрде жүзеге асыруға толық жағдай жасайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет