Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет69/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

 
 
5.5 Дебиторлық қарыздарды талдау 
 
 
Дебиторлық  қарыздарды  талдау  арқылы  кәсіпорын  қызметі  туралы 
көптеген  ақпарат  алуға  болады.  Дебиторлық  қарыздардың  өсуі  келесі 
себептермен болуы мүмкін: 
-  кәсіпорынның  несие  саясатының  сатып  алышыларға  қатынасының 
дұрыс еместігі; 
-  кейбір  тұтынушылардың  төлемге  қабілетсіздігі  мен  дағдарысқа 
ұшырауы; 
- сату көлемінің үлкен үрдеспек өсуі; 
- өнімді өткізудің қиыншылықтары. 
Кредиторлық  және  дебиторлық  қарыздарды  салыстыру  арқылы 
дебиторлық  қарыздардың  пайда  болу  себептерін  айқындауға  болады. 
Дебиторлық  қарыздардың  пайда  болу  себептері  бойынша  тез  арадағы  және 
ұзартылған  түрлерін  ажыратуға  болады.  Тез  арадағы  дебиторлық  қарыз 
қолданылатын  есеп  айырысу  түрлерінің  салдарынан  пайда  болады. 
Ұзартылған  дебиторлық  қарыз  кәсіпорын  қызметіндегі  кемшіліктер 
салдарынан пайда болуды және дер кезінде төленбеген жөнелтілген тауарлар 
мен  өткізілген  жұмыстар,  тауарларға  есеп  айырысу,  несиеге  сатылып  және 
дер кезінде төленбегендері сатып алушылардың шоттарына енгізіледі. 
Ағымдағы  активтерге  салынған  капиталдың  айналымдылығына,  демек, 
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  дебиторлық  қарыздардың  азаюы  мен 
көбеюі  көп  әсер  етеді.  Дебиторлық  қарыздарды  талдау  әсіресе  инфляция 
кезеңдерінде маңызды болып табылады. 
Дебиторлық қарыздардың және оның үлесінің ағымдағы активтерде күрт 
ұлғаюы  кәсіпорынның  сатып  алушыларға  қатысты  қате  несиелік  саясатын 
жүргізуі  немесе  сатып  алушылардың  бір  бөлігінің  төлем  қабілетсіздігі  мен 


 
141 
банкроттығы  туралы  хабар  береді.  Дебиторлық  қарыздардың  өсуі  барлық 
кезде  теріс  бағаланбайды.  Қалыпты  және  мерзімі  өтіп  кеткен  қарыздарды 
айыра  білу  керек.  Соңғысының  болуы  қаржылық  қиындықтарды  тудырады, 
өйткені кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алуда, еңбекақы төлеуде қаржы 
қорының  жеткіліксіздігі  пайда  болады.  Сонымен  қатар,  қаражаттарды 
дебиторлық  қарыздарға  салып  тоқтатып  тастау,  капитал  айналымдылығын 
баяулатады. 
Сондықтан  әрбір  кәсіпорын  өзіне  тиеселі  төлемдердің  уақытын 
қысқартуға  мүдделі.  Д.  Стоун  мен  К.  Хитчиннің  айтуынша,  бұл  бейне 
түрінде  автомобиль  қозғалысын  еске  түсіреді.  Дебиторларды  күштірек 
«қысқан» сайын, кәсіпорын айналымына тезірек ақша түседі. 
Талдау  процесінде  дебиторлық  қарыздардың  қарқынын,  себептері  мен 
қашан  пайда  болғанын  зерттеу  қажет,  оның  құрамында  өтелуге  келмейтін 
немесе мерзімі өтіп кеткен соманың барлығын анықтау керек (кесте-4). Егер 
мұндайлар бар болса, онда оларды қайтарып алу бойынша шұғыл шараларды 
қарастыру қажет (вексельдерді рәсімдеу, сот орындарына хабарлау, т.б.). 
Дебиторлық  қарыздардың  пайда  болуы  есептік  тәртіптің  жағдайын 
сипаттайды  және  кәсіпорынның  қаржы  жағдайының  тұрақтылығына  елеулі 
әсер  етеді.  Келісім  шарттағы  есептік  тәртіпті  орындамау,  қарыздарды  өтеу 
үшін  шағымды  уақтылы  бермеу  дебиторлық  қарыздың  көлемін  өсіреді, 
сондықтан кәсіпорынның қаржы жағдайын тұрақсыз етеді. Осы арада талдау 
мақсаты дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің көлемі мен пайда болу 
себептерін,  өсу  динамикасын  қарастыруды  көздейді.  Анықталмаған 
дебиторлық қарыздың  шығындар бойынша борыштар, материалдық залалды 
өтеу жатады, осындай қарыздар айналымынан қаражатты заңсыз алу ретінде 
қаралып  қаржы  тәртібін  бұзу  болып  саналады.  Сондықтан  талдау  жүргізу 
кезінде ақталмаған борышты анықтау керек. 
Дебиторлық  қарыздар  дегеніміз  сатып  алушылар,  тапсырыс  берушілер, 
туынды  серіктестіктер  және  басқа  да  дебиторлардың  беретін  қарыздары, 
сондықтанда кәсіпорындар өз өнімін, қызметін төлеуге қойылған құжаттарды 
уақтылы  өтейтіндерге  өткізуге  қызығушылық  танытады.  Ақталған 
дебиторлық қарыздарға мерзімі жеткен немесе бір ай уақыттан кем өтелетін 
қарыздар  жатады,  ал  ақталмаған  қарыздардың  мерзімі  өтеу  ұзаған  сайын, 
оның төлеу мүмкіндігі азаяды. 
Дебиторлық  қарыздарды  талдау  үшін  негізгі  ақпарат  көзі  ретінде 
кәсіпорынның балансы алынады. 
Дебиторлық  қарыздардың  құрамы  мен  құрылымының  өзгеруін  жалпы 
бағалау үшін «Айша» ЖШС баланстың І бөлім мәліметтері бойынша келесі 
кестені құрастырамыз. 
 
 
 
 
 
 


 
142 
Кесте-37 
«Айша» ЖШС дебиторлық қарыздардың құрылымын талдау 
 
р/
с 
Дебиторлармен 
есеп айырысу 
2015 ж 
2016 ж 
Ауытқуы (+;-) 
Сомас
ы, 
мың, тг 
Үлес 
салмағы 

Сомасы

мың, тг 
Үлес 
салмағ
ы % 
Сомасы, 
мың, тг 
Үлес 
салма
ғы % 
А 
Б 







Сатып 
алушылар мен 
тапсырыс 
берушілердің 
дебиторлық 
қарызы 
17382,5 
59,4 
19941,0 
33,5 
+2558,0 
-25,9 

Аванстар  
3932,5 
13,4 
4661,0 
7,83 
+728,5 
-5,57 

Басқа да 
дебиторлық 
қарыздар 
7965,0 
27,2 
34923,0 
58,67 
+26958,0  +31,4 
 
Барлығы  
29280,0 
100,0 
59525,0 
100,0 
+30245,0 

 
Кесте  мәліметі  бойынша  сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің 
дебиторлық қарыздары 2015 жылы 17382,5 мың теңгені құрады, 2016 жылы – 
19941,0 мың теңгеге тең болып, ауытқуы 2558,0 мың теңге болды. Аванстар 
2015  жылы  3932,5  мың  теңгені  құраса,  2016  жылы  4661,0  мың  теңгені 
құраған, ауытқуы 728,5 мың теңгеге өскен. 
Сондай  –  ақ  басқа  дебиторлық  қарыздар  былтырғы  жылымен 
салыстырғанда  26958,0  мың  теңгеге  өскен.  Жалпы  дебиторлық  қарыздар 
2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 30245,0 мың теңгеге  өскен. 
Дебиторлық қарыздардың құрамы және құрылымымен жалпы танысудан 
кейін бірнеше мәселелерді қарастыру қажет: қайтарылмаған қарыздар қандай 
пайызды  құрайды,  ол  бір  немесе  бірнеше  басты  қарызгерлердің  үлесіне 
келеді ме, ал біздің жағдайда олар сатып алушылар мен тапсырыс берушілер 
болып табылады. 
Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  дебиторлық  қарыздардың 
нақтылығы  емес,  оған  оның  мөлшері,  қозғалысы  мен  түрі,  демек,  бұл 
қарыздың  қалай  пайда  болғаны  әсер  етеді.  Дебиторлық  қарыздардың  пайда 
болуы  өз  кезегінде  нақтылай  ақшасыз  есеп  айырысулар  шаруашылық 
қызметте  объективті  процесс  болады,  сонымен  бірге  кредиторлық  қарыздар 
пайда болады. Қарызды қайтарудың жалпылама көрсеткіші ретінде олардың 
айналымы  болады.  Дебиторлық  қарыздардың  өтелу  көрсеткіші  олардың 
қандай  жылдамдықпен  ақшаға  айналатынын  немесе  айналымдылығын 
білдіреді. 
1. Айналым коэффициентін есептеу өнім өткізуден түскен кірісті орташа 
дебиторлық қарыздардың сомасына бөлу арқылы, формуламен табылады: 
К
д
=Ө:Қ
D
, мұнда   
 
 
 
(30) 


 
143 
Кд- дебиторлық қарыздың айналым коэффициенті, Ө - өнім өткізуден түскен 
кіріс, Қ
D
 – орташа дебиторлық қарыз. 
Бұл  көрсеткіш  дебиторлық  қарыздың  неше  рет  пайда  болып, 
қарастырған уақыт ішінде кәсіпорынға қайтарылғанын көрсетеді.  
2.  Дебиторлық  қарыздың  айналымын  күнмен  есептеуге  де  болады,  ол 
көрсеткіш қарызды қайтаруға неше күн керегінің орташа санын сипаттайды, 
оны  табу  үшін  есеп  беру  мерзімдегі  күндердің  санын  айналым 
коэффициентіне бөледі: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет