74
ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер
шотының Бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық
шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде
өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын
түсінуі керек деп есептейміз.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы
керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар
тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып
кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның
барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық
түрде,
егер
кәсіпорынның
ағымдағы
активтері
қысқа
мерзімді
міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп
есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін
қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі
тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды,
ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен
қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы мінедттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз
өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп
айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: