37
сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады.
Жоспарлау кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және
сонымен аяқталады, бұл жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми
тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды
негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше
нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі
және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл
реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау
процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер
әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына
шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды
талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді
пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа
техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық
шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді.
Осының нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің
тиімділігі артады.
Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару
жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың
құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу
негізі болып табылады.
Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде
артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:
- шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына, өндірістің ғылымды
және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс тиімділігін толассыз
арттыру қажеттігінен;
- басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға
біртіндеп көшуден;
- меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру мен
экономикалық реформаның басқа да шараларына байланысты
шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.
Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және
ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері
мен іс-әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық
талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне
технологиялық шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше
жүзеге асырылмауы тиіс. ШҚТ рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және
басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар
етеді және керісінше, ШҚТ байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы
нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді ( Савицкая Г.В.,2003 ).
Достарыңызбен бөлісу: