7. Орыс философиясының пайда болуы мен дамуы. Славянофильдік және батысшылдық бағыттар.
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол ұлттың рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интеллектуалдық әлеулетінің көрінісі. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды.
Орыс философиясыны қалыптасуының бастапқы кезеңі – ХІ-ХУІІ ғасырлар өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, сонымен қатар оның төлтумалылығымен да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев русінде пайда болады және 988 жылы русьтің шоқнуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында біржағынан славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді.
Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер ХУІ-ХУІІІ ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісі славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың қалыптасуында П.Я. Чаадаев /1794-1859/ үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт – бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И. Герцен, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, Н.Г. Чернышевский, Т.Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады В.Г. Белинский, И.С. Тургеневтар тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары шықты.
Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдегі өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.
Славянфильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И. В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островсий, В.И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы қатарға діни бстау шығады. Олар өз отанының тарихына бет бұра отырып, орыс қоғамы құрылуындағы оның толықтығы мен жан-жақтылығын дәлелдеуге болады. Олардың пікірінше, батыстық мемлекеттер жасанды құрылымдар. Керісінше, Ресей органикалық тұрғыда қалыптасты, ол «құрылған» жоқ, ол «өсіп шықты». Ресейдің бұл табиғи дамын славянофильдер православиенің ерекше әлеуметтік ұйым –селолық қауымды тудырумен түсіндіреді. Орыстың қауымдық құрылымы, олардың пікірінше, ерекше тарихи жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципі. Славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан»орыс рухын» қалыптастырды.
Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С. Хомяков /1804-1860/. Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. Соборшылдық адам өамір қадамының барлық салаларынан көрінеді: шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркін адамзаттық бастау («адамның еркіндік ырқы») мен адамның құдайға тән құдіреттік бастауының («ырыс-береке») өзара әрекеті нәтижесі болып табылады. Қауымның экономикалық әрекеті жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімді бірлігін білдірді.
Славянофильдердің тұжырымдауынша реселік қоғамда «қауымдық принциптің» таралуына байланысты «соборшылдық рух» беки түседі.
Сонымен ертедегі русь және феодалдық бытыраңқылық тұсындағы ресейдің философиялық ойы антиктік және византиялық өркениеттер жетістіктерін игере отрып, бір мезгілде өзінің бастапқы дербес қадамдарын да жасайй бастады. Ол діни дүниетаным шеңберінде дамыды.
Қазақстандағы ағартушылық философия (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)
ХХ ғасыр-ғылыми техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми-техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды (лат. schentic - ғылым). Ол бағыт ғылымға, ғылыми-техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамзатқа қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми-техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызады, ал адамдардың санасын ол қыспақта ұстайды, ойлау жүйесіне шектеу салады деп сепетейді.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында физиология мен психология саласында сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах /1938-1916/, пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус /1843-1896/ болды. Ресейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов /1873-1928/, В. Базаров /1874-1939/.
Э. Мах былай дейді: «Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді. Бірақ біз оларды тек психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз», «біз мынандай қорытындыға келдік- дейді Р. Авенариус, - әртүрлі жағынан қозғалыс ретінде ойға келдік. Ол – ойды үнемдеу. Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, мәселен, материядан бас тарту қажет, сонда бәрі де өз орнына келеді». Э. Мах: «Сезім тудыратын денелер емес, жоқ денелерді құрастыратын элементтері кешені, сезімдер кешені» - дейді. Олай болса, физика атомдары, химия молекулалары физика мен химиядағы сезім кешендерінен басқа ештеңе емес. ХХ ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.
Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – «дұрыс пікір» (лат.positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті. Біріншісі ХІХ ғасырда 30-40 жылдары қалыптасқан оның бастамасын салған Огюст Конт /1798-1857/ және Джон Стюарт Милль /1806-1873/, Герберт Спенсердің /1820-1903/ позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі.
Неопотивизмнің кінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э. Мах, Р. Авенариус, Богданов, базаров) ілімдерімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты-ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы обьективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік берейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынандай қағидаларға сүйену керек. Обьективті нақтылық дегеніміз «бейтарап» түйсіктердің, элементтердің комплесі. Егер бұл «элеиенттерді» бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды адам түйсінуіне байланысты қарастырсақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамның шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
Позитивизмнің үшінші түрі- неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол ХХ ғасырдың 20 –жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Б. Рассел /1872-1970/, Л. Витгенштейн /1889-1951/, Морис Шлик /1882-1936/, Рудольф Карнап /1891-1970/, А. Айер /1910-1989/, Отто Нейрат, Филип Франк. Олар өздерінің ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондықтан әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек категориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі – эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деді. Мысалы, «менде төрт қалам бар» делік немесе «мына жылқы ауру, не сау», оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен көру қажет. Бұл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Эмпирикалық сөйлемдер деп тәжірибе арқылы верификациялауға (тексеруге) болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлемдердің бәрі ақиқат бірдей ақаиқат бола бермейді, ақиқатқа тек «хаттамалық сөйлемдер» ғана жатады. «хаттамалық сөйлемдер» - ғылымдардың эксперимент жүріп жатқан кезінде нақты болған жағдайларды айқындап, жазып қоюы. Бұл сөйлемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған уақиға сол қалпында өзгеріссіз, түсініктемесіз, экспериментінің субьективтік пікірінсіз, обьективті тұрғыда берілген, сондықтан тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттің, экспериментшінің түсніктемесінсіз, алынған деректер негізінде жасалған қорытындылардың, тұжырымдардың, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал бұл аталған сөйлемдерге «верификациялау» қағидасын қолдану дегеніміз осы теориялар, заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық денелерді тексеру. Ғылыми заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал эксперимент топқа емес, жеке денелереге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз процеске айналады. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру қажет. Біріншісі сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фальсификация деп атайды. Ол ойдың қисынды, не қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Мәселен, «қар ақ, егер де ол ақ болса» деген сияқты. Егер қар күйе аралас жатса, оны ақ деп айтсақ, қисынға келмейді. Міне, фальсификация әдісі осылайша қисынсыз ұғымдардың тұрлаусыздығын айқындайды дейді неопозитивизм өкілдері. Ал қалған көзбен көрмейтін, ой қисынына салынбайтын ұғымдардың бәрі метафизикалық деп танылып, олардың философиядан аласталынуын ұсынады. Айталық дүниенің негізі «су» деген Фалес пікір, не «от» деген Гераклит пікірі немес дүние материядан тұрады деген материалист-философтар пікірі жаңағы екі әдіспен тексеруге келмейді, олай болса, олардың бәрі – метафизикалық ойлар, олардан арылу қажет. Неопозитивистер ғылымдардың обьективті заңдылықтары болатынын мойындамайды. Олар ғылым заңдары абсолют емес дейді.
Неотомизм- осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тараған философиялық ілімдердің бірі (Ж. Маритен, Э. Жильсон, М. Грабиан, г. Мангер, И. Гейсер, Г. Гундлах , Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский). Негіхін салған Әулие Августин және Фолма Аквинский.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі – болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықталады. Ең бастысы-құдай, ал шектелген денелер осы құдайдың өз бейнесіне қарай отырып, жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ол дінге бағынышты дейді. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қоймайды. «Өйткені адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және эксзистенция (өмір сүру). Осы екуінің екіншілерін жоғары қояды. Оның басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келетін болсақ, ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген Құдай ойға келеді, б) қажеттіллік пен кездейсоқтықты билейтін Құдай; б) барлық салдардың да, сәйкестіктің де себебі-Құдай; г) дүниеде бәрі де жарсымды жарлған, оның себебі – Құдай, ал жамандық пен жақсылықты жасайтын адамдар. Бірақ Құдай жамандық жасағаңды жазалайды. Барлық сәйкестікті, үйлесімділікті, асиметрияны жасайтын кім? Ол табиғатта бар. Олар бағынушылардың жағдайын ойлары керек деген пікірді айтады. Неотомистер табиғаттың барлық құбылыстары материя мен формадан(түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қрағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (гиле – материя, морфа – форма) уағыздайды. Этикалық мәселерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның «таза және жетілген» болмысқа – құдайға дейін жоғары көтерілуі.
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған –ХХ ғасырдың 20 жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды. Экзистенциализм – философияда құдайшылықты, жалпы тағдырды жаратушы мадақтау жайында көп жазады. Оның негізгі өкілдері: С. Кьеркегор /1813-1855/, М. Хайдеггер /1889-1976/, К. Ясперс /1883-1969/, Ж.П. Сартр /1903-1980/, Г. Марсель /1889-1973/, Л. Шестов /1866-1938/, Н.А. Бердяев /1874-1948/.
Экзистенциализм (өмір сүру) тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімнен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті. Ол үш түрлі бағыттардан құрылған:
1) Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады. Сөйтіп оның мән-мағынасына айналады. Сөйтіп, болмыс туралы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады.
2) К. Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады.
3) экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған жан Поль Сартрдың ілімі.
Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін – «экзистенция» (өмір сүру қарапайым нақтылығы), «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу обьектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден – жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай обьективті түрде қарай алмаймыз (К. Ясперс). Өмір сүру дегеніміз- адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз – күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы менмұқтажының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы-«дүниенің қасында болу». «Дүниенің қасында болу» адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциялиі (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше- шектен шығу).
Шын мәнінде «өмір сүру» үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Құдайдың «ештеңесі мәнсіздіктің» алдындағы себепсіз бостандықтың әсерінен өзіңнен-өзіңнің үрейлеуіңді болжай алмаыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр) олай болса, ол еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осындай қорқыныш ғана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке басының болмысына және бостандығына жетелейді. Олай болса, қорқыныш адам тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы-қамдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу – жалпы қамдануға жатады.
Менің өлуім хақ екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз кнәлілігім – бұлардың бәрі де «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Адамдар әр уақытта да осындай «шекаралық жағдайда» болады, ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссақ та, олар өзгерместен, сол күйлерінде қалады. Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырады. Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды (Г. Марсель). Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын, ал заттарда бұған керісінше болады дейді. Сартр былай дейді: «Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні (қандай пышақ жсау) пышақтан бұрын пайда болады». Адам туғаннан кейін адамдық мәнге ие болғанша, еңалдымен өмір сүруі қажет. Адам зорлық, зомбылыққа бас иіп көне ме, жоқ, оған қарсыласа ма,шамасы келе ме әлде жоқпа? Оны алдымен ойлап, шешеді.
Феноменологтың экзистенционалистік персоналистік пікірінше «sein», болмыс, яғни жалпы болмыстың жеке адам болмысына бет бұру, қарау. Өйткені, К. Ясперстің пікірінше, өлім, қиналу, үрей, айыптылық, уайым, күрес, діни экстаз, рухани ауру адамның өмірі мен өлім аралығындағы шекераға жатады.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы қатарға шықты.
Структурализм (К. Леви Стросс, Ж. Лакан, М.П. Фуко, Л. Альтюсер).Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Стросс әртүрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтрін зертей отырып, кез келген миф жер жүзінің әр аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылым ойлауда осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализмнің ілімінше, құрылымдылық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Құрылым обьектінің жәй ғана «скелеті» емес, кейбір бөлшектерін өзгерту арқылы бір обьектіден, екіншіні, үшіншіні алуға болады.
ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвисттикада, антропологияда, психологияда, социологияда қолданылып кейінгі кезде философиялық әмбебаптық тәсілге айналды.
Сыни рационализм (К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд) ғылыми білімнің даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын ғылыми білімнің болжамдық бағытта болатынын мойындайды (Поппер). Ғылыми таным процесі дегеніміз әртүрлі ғылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни пікірталастары. Білімнің өзі субьективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі көптүрлі. Философияның жалғыз-ақ шынайы тәсілі - рационалды сын.
Герменевтика (Э. Бетти, Г.Г. Гадамер, М. Ландман) талдау жасау (түсіндіру) және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, ХІХ ғасырда Шлейермахердің, Дильтейдің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп өмірсүру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның мәселелер өрісін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады.
Қазіргі кезеңдегі герменевтиканың өкілдері оны тек саяси әлеуметтік ғылымдардың тәсілі деп қарамай, жалпы белгілі бір тарихи, мәдени жағдайларды, адам болмысын түсіндіруге болатын әмбебап әдіс деп қарастырады. Осыдан келіп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне айналдырып, герменевтикаға универсалды (әмбебаптық) мән берді (Гадамер). Герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай қатынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени және ғылыми құндылықтар туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
Жалпы алғанда, аталған философиялық ілімдер, әрқайсысы өз қағидалары тұрғысынан заманымыздың күрделі проблемаларын шешу жолдарын қарастырып, қазіргі кездегі ғылымдар қолданылып отырған жаңа тәсілдерді түсініп, осыған орай соны мәселелер көтеріп, философия тарихында өзіндік із қалдырып отырған дүниетанымдық көзқарастар.
Последнее изменение: Вторник 21 Сентябрь 2010, 11:22
Достарыңызбен бөлісу: |