«Тестіленушілер» беті
38-сурет – Педагог қызметкердің өтінішін қабылдау
Педагог қызметкердің өтінішін қабылдау үшін, «Өтінішті қосу» (39–сурет, 1) батырмасын басып, педагог қызметкердің мәліметтерін нысанға (40-сурет) енгізіп:
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- ЖСН
- Білім беру деңгейі
- Жоспарланған санаты
- Тестілеуді тапсыру тілі
- Тестілеу пәні
- Аттестаттаудың түрі (кезекті, мерзімінен бұрын)
«Қосу» батырмасын басу қажет.
39-сурет - Педагог қызметкердің өтінішін қабылдау нысаны
Педагог қызметкерді базаға қосқанда, оған ТЖК (тестіленушінің жеке коды) автоматты түрде беріледі.
Қосылған педагог қызметкерлердің өтініштерінің тізімі кестеде көрсетіледі.(39-сурет,3)
Өтінішті түзету үшін, «Өзгерту» (39-сурет,4) батырмасын басып, пайда болған нысанға өзгертулерді енгізу қажет.
Өтінішті деректер базасынан өшіру үшін «Жою» (39-сурет, 5) батырмасын басу қажет.
Пайдаланушыға тізімнің ішінен қандайда бір өтінішті табу үшін, іздеу (39-сурет, 2) функциясын қолдануға болады. Іздеу барлық параметрлер (аты-жөні, ЖСН, тестілеу тілі, аттестаттау түрі) бойынша жүргізіледі. «Іздеу» жолына қажетті мәліметті енгізу барысында, төмендегі кестеге соған сәйкес мәліметтер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |