Сурет
69.
Бұл жағдайда маңыздысы уақытты өткізбей, тезірек тыныс
алуды қалпына келтіру, сол үшін жасанды тыныс алдыру әдісін
қолданады. Оның бірнеше түрі бар. Қазіргі кезде жасанды тыныс
алдыру әдісінің көп қолданылатын түрі
ауыө немесе мұрын
арқылы өкпеге жасанды түрде ауа үрлеу, сөйткенде ауаның
өкпеге бару көлемі 3
-
4 есе көбейеді. Ал өкпеге ауа мол баруы
үшін сәтсіздікке ұшыраған адамды шалқасынан жатқызады да,
оның үстінен шешіп алынған киімдерінің
бәрін қосып орап
биіктетіп арқасының астына қояды, басын неғұрлым артқа қарай
шалқайтады, бұл ауаның
өкпеге тез және оңай баруына
мүмкіндік береді (70
-
сурет).
Сурет
70.
Аузын және мұрнын дәкемен
немесе қол орамалымен
жауып, бір қолымен екі танауын қысады, сонан соң құтқарушы
өзі терең дем алып, сәтсіздікке
ұшыраған адамның аузын өз
аузымен жауып тұрып, ауа үрлейді.
52
Тыныс алу жолдарына ауаны бір қалыпты, тоқтатпай,
минутына 14
-
16 рет үрлейді, кішкентай балалардың есін жидыру
кезінде
ауаны жиі
-
жиі үрлеу керек, ауаның көлемі аздау болуы
дұрыс. Қарынға ауа өтіп кетпеуі үщін әрбір дем шығарған кезде
құтқарушы қолымен іштің (қарынның) тұсын басып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: