Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беру орта мектебі» мм



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі244,7 Kb.
#18468
1   2

2. Елдері.Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдерімен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

3.Анд елдері қатарына Калумбия,Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады.Бұл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар.Атақты саяхатшы есімімен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар.Елдің астанасы Богота қаласындағы Мемлекеттік алтын мұражайында алтыннан жасалған 25 мың ежелгі бұйым сақталған. Ал экватор сызығы кесіп өтетін Эквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан. Ал инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы» деп атайды. Мұнда биік таулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60%- ын ормандар алып жатыр. Тынық мұхиттың Перу жағалауы балыққа да бай. Елдің азаттығы жолында күрескен Симон Боливардың құрметіне Боливия аталған елдің астанасы ла-Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630м) қала болып саналады.Оңтүстігінде орналасқан Анд елі-Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел болып табылады. Осындағы Атакама шөлінің ұзындығының өзі 1000 км асады. Чилидің оңтүстік жағалық бөлігі өте күшті тілімденген. Апатты жер сілкінулер жиі қайталанады.

4. Шығыстағы жазық елдер Венесуэлла, Гайана, Суринам,Бразилия, Парагвай,уругвай,Аргентина және Франция иелігіндегі Франциз Гвианасы жатады. Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады. Сондықтан осы елмен толығырақ танысыңдар. Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы-22 штаттан тұратын федерациялық республика.

Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір,түсті металл,мұнай мен табиғи газдың, алмас,уранның мол қоры бар.Экватор мен тропик арасындағы орнына сәйкес климаты алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен –Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үстіртінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды-сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді.Амазония бойындағы ылғалды тропиктік ормандардан бастап,Бразилия таулы үстіртінің солтүстік-шығысындағы тікенекті бұталы саваннаға ауысады.Бразилия ормандарында өте бағалы бразилия араукариясы, балауыз пальмасы,кебрачо,гевея,парагвай шайы өседі.

Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады.Саны жағынан еуропалықтар басым.Сонымен қатар мулаттар мен негірлерде де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн.адамға көбейіп отырады.Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро,Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

    1. Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай?

    2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар?

    3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?




Сұрақтары:

  1. Материктегі шөл?

  2. Бразилия саваннасы?

  3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?

  4. Оңтүстік Америкадағы өзеннің аты?

  5. Материктің ірі мемлекеті?

  6. Материктегі тау көлі?

  7. Таулы үстірт?

Ең,ең,ең...........

  • Ең үлкен көлі- Титикака, ауданы-8300 км2,тереңдігі-304 м;

  • Ең ұзын өзені-Амазонка,ұзындығы-6437м:

  • Ең биік сарқырама-Анхель;1054м биіктіктен құлап ағады;

  • Ең үлкен аралы-Отты жер аралы,жер көлемі -47000 км2;

  • Ең биік сөнбеген жанартауы- Тупунгато-6880м;

  • Ең биік нүктесі-Аконкагуа тауы, биіктігі-6960м;

  • Ең ұзын тау жүйесі- Анд,ұзындығы-900 км;

  • Ең үлкен қала агломерациясы-Сан-Паулу, 17000 адам;

  • Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері-Валдес түбегі (-40 м);


Сәйкестендіру тесті.

Амазонка қалың орман

Ла-Плата өзен

Сельвас шөл

Атакама ойпаты

Шеткі нүктелері бойынша

Солтүстігінде Каабу-Бранку

Оңтүстігінде Гальинас

Батысында Фроуэрд



Шығысында Париньяс

Адасқан обьектілерді тауып, орындарына қою керек:

Анхель Қырат

Титикака Өзен

Аконкагуа Сарқырама

Отты жер Тау

Бразилия Көл

Ориноко Арал

Анд Ойпат

Амазонка Шың


Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америка материгін “Венн” стратегиясына салу

Оңтүстік Америка Солтүстік Америка

Ұқсастығы


Атлас картадан төмендегі объектілерді

тауып көрсетіңдер

1. Амазонка

2. Аконкагуа

3. Анхель

4. Титикака

5. Ла-Плата

6. Валдес түбегі

7. Анд тауы

8. Атакама шөлі

9. Отты Жер аралы

10. Ориноко

11. Парана

12. Игуасу

V. Сабақты қорытындылау.

  • Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар?

  • Еуропалықтар мен Үндістердің некелерінен тараған ұрпақтар?

  • Еуропалықтар мен негртектестердің некелерінен тараған ұрпақтар?



VІ. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тест , кесте, сұрақ-жауап, красворд.
VІІ. Үйге тапсырма беру. §43. Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер оқып, кескін картаа түсіріп келу.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет