Тірек ұғымдар:
“махаббат”, “қарым-қатынас”, “Отан”, “Ана”,
“Туған Жер” т.б.
Жоспар.
1. Жүрек мәңгі мекенім.
2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі.
3. Рухани келісім ұғымына түсінік.
1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік,
жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін
37
Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі
тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді.
Рухани
тәрбие
адамның
ізгілік,
имандылық
ұстанымдарын
тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы
ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани
көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін
өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы
тиіс.
Студенттердің
рухани-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыру -дың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік
мінез-құлық нормаларын сіңдіруге және моральдық сананың
қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті жағдай
мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас,
көзқарас, т.б./ үнемі есепке алып отыруға тікелей байланысты.
Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған бүгінгі “Өзін-өзі
тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану
педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы
семинар, арнайы ғылыми конференция бөлімдер жанынан ашылған
үйірмелер
негізгі
рухани-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Осыған байланысты, ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар
ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз қалыпты, дұрыс
тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара
көмектесу дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді
жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар
тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық
құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі
насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне
қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім
мен сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп
Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі
діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық,
ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға
тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол
мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана
тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты
бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние
мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы,
оны мұғалім солай қабылдауы шарт.
38
Адамгершілік сапалары:
-
адалдық;
-
махаббат;
-
сүйіспеншілік;
-
парасаттылық;
-
ізгілік;
-
моральдық сана сезім.
Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке
баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық
қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс
тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып
отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның
адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.
Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттеріне:
Қоғамға:
-
идеялық;
-
ұжымдық;
-
отаншылдық;
Достарыңызбен бөлісу: |